Материалдар / Сынып сағаты: Тәуелсіздік тұғырым менің!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты: Тәуелсіздік тұғырым менің!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы ой қозғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
496
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіздік –ел тілегі»
Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Кіріспе
- Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Мұғалім сөзі
1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

«Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі
- Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз -....
- Біз қай ұлтпыз?
- Қандай Республикамыз?
- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Елбасымыз кім?
- Балалар, біз қандай елміз?
- Қай жылы тәуелсіздік алдық?
- Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
- Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)

Амина
Қазақстан Республикасының Гимні - бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

Аружан
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.

Әди
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.

1 - оқушы Айсұлу
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2 - оқушы Зайни
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата - баба аруағына сыйынып.

3 - оқушы.Аружан
«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.

4 - оқушы. Еркебұлан
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
Көрініс
- Қайрат пен тергеуші
Тергеуші:
- Сен 13 - желтоқсан күні, сағат 10 - да қайда болдың?
Қайрат
- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші
- Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
- Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші
- Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).
Анель:
- Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 - ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.
6 - оқушы Аружан
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
7 - оқушы Айсана
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
8 - оқушы Ақбота
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
9 - оқушы Ільяс
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
Мұғалім сөзі:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 - желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 - минут үнсіздік)
Видео: Көтеріліс кезеңдері.
Шығармашылық жұмыс
1 - тапсырма: Елбасына құттықтау хат жолдау
2 - тапсырма: Тәуелсіз елміз әңгіме жазу

Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
Хор: Көк тудың желбірегені

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!