жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сынып сағаты. Тазалық -денсаулық кепілі
Сабақтың жоспары
Поурочный план
Сынып/ Класс/Class: 1 сынып
Пән/ Предмет/Subject: Сынып сағаты
Күні/Дата/Date:
Сабақтың тақырыбы/ Тема урока/Theme: «Тазалық – денсаулық кепілі»
Сабақтың мақсаты/Цели урока/Obgective:
Білімділік/ Образовательная/Education: Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру.
Дамытушылық/ Развивающая/ Developing : оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан ауалақ болуға үйрету.
Тәрбиелік/ Воспитательная/ Brining-up: жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру (қол жуу, тіс күту, көзді сақтау, дене бітімін сақтау), күн ережесін (тамақтану, ойнау, сабақ оқу, демалу, ұйқы, серуен) дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі /Вид урока/ Kind of lesson: Аралас сабақ
Сабақтың типі/ Тип урока/ Type of lesson: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі/Методы/ Lesson methods: Түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі/ Оборудования/ Equipment lessons: ИКТ, бейне материал, суреттер,
Сабақтың барысы/ Ход урока/ Course lesson:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарының толықтығын тексеру.
Психологиялық дайындық.
1,2,3,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!
- Сәлеметсіздер ме, балалар! көңіл- күйлеріңіз қалай?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тазалық – денсаулық кепілі» деп аталады.
«Ойға шабуыл»
- Денсаулық сөзін қалай түсінесіздер?
-Денсаулыққа байланысты қандай ережелер бар?
-Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі.
-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан - 2030 бағдарламасында ішімдіксіз, темекісіз салауатты өмір салтын ұстану туралы айтылған болатын. Оны орындау барлығымыздың міндеттеміз.
Әңгімелесу:
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс денсаулығымыз мықты болу үшін уақытымен ұйықтап, дұрыс тамақтанып, спортпен айналысу керек. Таңғы жаттығу жасау денсаулығымыздың мықты болуына көмектеседі.
Адам денсаулығын сақтауда
төмендегідей ережелер маңызды.
1. Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.
2. Дұрыс тамақтану.
3. Дұрыс тынығу.
4. Дене еңбегімен шұғылдануы.
5. Таза ауада болып, күн көзінде серуенлеу.
6. Табиғат аясында болуы.
7. Зиянды әдеттерден сақтану.
8. Дұрыс қозғалыста болуы.
Ал енді балалар, әр ережелерге тоқталып қарастырамыз.
1. Біздің алғашқы аялдамамыз "Гигиена" деп аталады. Жеке бас гигиена деген не? Осыған байланысты экранға назарымызды аударамыз. Сосын сұраққа жауап береміз. (видеоролик "Мойдодыр")
- Ал кәне сұраққа жауап береміз.
2. Келесі аялдамамыз " Дұрыс тамақтану" деп аталады.
-Осы аялдамамызға біз ойын ойнаймыз. Ойының аты "Пайдалы және пайдасыз тағам".
Сендердің алдарыңда 2 сурет бар. Сол суреттерді тақтадағы жәшікке саламыз. Ол үшін бізге пайдалысы және пайдасызын ажыратамыз.
- Ал енді балалар біз көп жұмыс істедік. Енді біз кішкене денемізді сергітіп алайық. (Сергіту сәті "Көзге жаттығулар")
3. Келесі және соңғы аялдама "Жұмбақбай атай жұмбақтары".
Дымқылдап күнде сен,
Қолына сүкесең.
Кетіп қыр-ласың,
Тап-таза боласың. (Сабын)
Шомылған баланы,
Аймалар алады.
Сүртеді қолында,
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)
Ауызы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, өзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз еді.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үңілдік. (Тіс)
- Балалар, мен қазір сендерге суреттері бар қағаз беремін. Біріншіден пайдалы тағамдары бар суреттерді белгілейді. Екіншіден тазалыққа байланысты заттарды, үшіншіден зиянды тағамдарды белгілейді. Қағаз әрбір балаға беріледі, сосын бала тұрып, нені белгілегенін айтады.
Дұрыс ұйықтау
Су
Еңбек
Күн
Дене күтімі
Денсаулықтың достары:
Таза ауа
Күн тәртібі
Жеміс-жидек
Дұрыс тамақтану
Қорытынды:
-Енді балалар тақтаға назарларыңызды аударамыз
(Видеоролик "brush brush")
- Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Денсаулық)
-Қандай әдеттерден ауалақ болуымыз керек (әдеттерден, жемістері жумай жемеуіміз керек т.б.)
-Сіздер қандай азамат болып, өсулерің қажет? (Дені сау, ақылды, білімді, адам болып).
-Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы:
- Осымен, біздің сынып сағатымыз аяқталды. Айтқанымыздай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіндер!
|
Әдебиеттік оқу |
Күні 11 .10 .2014 жыл |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Жолтай Әлмашев. Қауын мен Қарбыз |
|
|
Мақсаты |
Оқушылар Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» атты ертегінің мазмұнын меңгереді.Ертегі мазмұнымен таныса отырып негізгі ойды, идеяны ұғынады.Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға уйрету. Ойлау әрекетін дамыту, топпен, өздігінен, жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру. |
|
|
Жұмыс нәтижесі |
Өз пікірін білдіре алатын болады,әлеуметтенеді, өзін өзі ретейді.Өз ойын еркін жеткізе алатын және сыни ойлай алатын тұлға қалыптасады және топта жұмыс істеуі қалыптасады. |
|
|
Сілтеме |
Әдебиттік оқу Алматы «Атамұра» 2011 жыл. С.Рахметова.Т.Әбдікәрімова, Р Базарбекова |
|
|
Негізгі идеясы |
Оқушылар ертегінің мазмұнын меңгереді,ертегінің мазмұны мен таныса отырып негізгі ойды,идеяны ұғынады. Өз ойларын еркін айтуға машықтанады. |
|
|
Ресурстар |
Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар,суреттер, компьютер, проектор ,повер пойр презентация. |
|
|
Сабақтың өтілетін уақыты |
45 минут |
|
|
Сабақ жоспары |
|
|
|
Үйге тапсырма |
«Қауын және қарбыз» ертегісін түсініп оқу.Көкөністер туралы жұмбақтар жинақтау. |
|
|
Әдебиеттік оқу |
Күні 13. 10. 2014 жыл |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Ахмет Байтұрсынұлы. Аққу,шортан һам шаян |
|
|
Мақсаты |
Оқушыны Ахмет Байтұрсынұлының «Аққу, шортан һам шаян» атты мысалын мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, мысалдан өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту |
|
|
Жұмыс нәтижесі |
«Аққу, шортан һам шаян» мысалын түйінді ойын аша отрып мәнерлеп оқуға үренеді, топпен жұмыс істеу арқылы қызығушылығы арттады, шығармашылық ойлауын дамып, байланыстырып сөйлеуіге қалыптасады. |
|
|
Сілтеме |
Әдебиттік оқу Алматы «Атамұра» 2011 жыл. С.Рахметова.Т.Әбдікәрімова, Р Базарбекова |
|
|
Негізгі идеясы |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Диалогтік әдіс. |
|
|
Ресурстар |
Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар,суреттер,симантикалық карта, компьютер, проектор ,повер пойр презентация, |
|
|
Сабақтың өтілетін уақыты |
45 минут |
|
|
Сабақ жоспары |
|
|
|
Үйге тапсырма |
«Бірлік түбі-тірлік» тақырыбына эссе жазу. Мысалды мәнерлап,түсініп оқу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген