сынып сағаты «Тілашар» 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сынып сағаты «Тілашар» 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру. Оқушылардың оқуға ынтасын,қызығушылығын арттыру. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тілашар»  мерекесі


 Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру.

Оқушылардың оқуға ынтасын,қызығушылығын арттыру.

Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,барнер,кітапша Тілашар,шақыру қағазы,мәжіліс залы шарлармен безендірілген.

Мұғалім:  Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі  мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:


  1. Дарынды дарабоз — Дамир

  2. Ұшқыр ойлы — Бейбарыс мен білімге құштар — Кәусар

  3. Ерке мінезді Айбек пен пен ұтқыр да тапқыр  – Алуа

  4. Жаны жомарт — Асылжан мен мен талабы таудай — Алтынай

  5. Байсалды жан Аделья мен ақкөңілді Аяжан

  6. Жаны жайсаң – Ерсұлтан мен нәзік жанды – Нұрай

  7. Асыл да аяулы  Айзере мен сымбатты Жан

  8. Белсенді Жаннұр мен пәк сезімді  Эльнара

  9. Ақ ниетті Ағыбай мен алғыр да зерек Айтолқын

  10. Ұяң мінезді Алинұр пен инабатты Шехризат


 Қане, ортаға салайық! (ортаға екі бала шығады)


Інжу : Қалай ойлайсың, Жаннұр? Біз бір айда көп есейіп қалған сияқтымыз. Оқып,жазып, санап үйрендік, үлкен кісілермен амандасуды да білеміз.


Жаннұр: Иә, інжу! Мен әлі ойыншықтарыммен ойнағым келеді, еркелеп анамның арқасына мінгім келеді


Інжу: Тұра тұр, сен сөмкеңді көрсетші (сөмкесін ашып қарайды, ішінде ойыншықтар, т.б). Мынауың не? Апай көрсе не дейді?


жаннұр: Мен апайға көрсетпей, қоңырауда ойнаймын.


Інжу: Олай болмайды, Жаннұр! Достарыңның қалай есейгенін көргің келе ме? Жүр ендеше!


Эльнара:  Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем,

Тілашарға келген қуанып,

 Қонақтарға мың сәлем!

 Шехризат:  Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.    (Ортаға әже шығып, шашу шашады, .

.Мұғалім: Шашу шашты әжелер,

Сылдырлатып теңгелер.

Тойымыздың шашуын,

Сәт сапарға теңгерер.

Жан : Еркесі едім атамның

Еркесі едім апамның

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым

Алтынай: Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты – тілашар.

Нұрай: Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.


Айбек: Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.


АсылжанМен оқушы баламын –

Оқып, білім аламын.

Мектеп-ұям, өзіңе

Арналады бал әнім.

 Хор: «Бала тілегі» әні.

 АғыбайМен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.


МединаОқуды көп ойлаймыз,

Қызығына тоймаймыз.

Әріптерді үйреніп,

Өлең айтып, би билеп

Өнерден де қалмаймыз.

Айзере : Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе.



.Айтолқын:Әріптерді жаттаймыз

Есте мықтап сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бірін де,

Атын, затын, түрін де.



Алинұр:Біз жазамыз «Ана» деп

Біз жазамыз «Дана» деп

Біз жазамыз «Қала» деп

Біз жазамыз «Дала» деп.

Көрініс : «Оқушының достары» ертегісі

Қатысатындар: Дамир , Каусар, Саян, Адель, Айтолқын, Бейбарыс, Алуа.

 

Автор-Дамир:  Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында  Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың  құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:


Қалам-Алуа:  Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?

Оқушы-Саян : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.

Қалам-Алуа: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

Оқушы- Саян:     Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-Алуа:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген  достарды тауып кездестірейін.

Автор-Дамир:  Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді.

Оқушы-Саян: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?

Дәптер-Адель:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазса, 5- тік деген баға алады.

Қарындаш-Бейбарыс: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді  сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

Әліппе-Кәусар:    Ал мен болсам  —  бар кітапқа бас болған Ғылым атасы  -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.

Өшіргіш-Айтолқын:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Қалам-Алуа: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.  Тек сен біздің  жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?

Оқушы-Саян: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.

Автор-Дамир:     Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен  дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.

 Би.Өзбек биі :Эльнара

Ән:  «Ұстаз ана» . Орындайтын: Мұратбекқызы Алуа.

 Т – тәртіпті болайық                      Інжу

І – ілімді бойға жинайық               Айзере

Л – лашындай биік самғайық      Алуа

А – ақылды азамат болайық        Кәусар

Ш – шыншыл болайық                 Бейбарыс

А – айбынды болайық                    Алтынай

Р – рахат өмір сүрейік                     Эльнара

 Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

Мұғалім:    Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар, қуаныңдар, ағайындар,

Шалқып қайт, шаттық тойы —

Тілашардан!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2018
568
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі