Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сынып сағаты "Тұңғыш Президент Күні"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ АТЫНДАҒЫ №1 ГИМНАЗИЯСЫ» КММ
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күні»
8 «Б» сыныбы
Сынып жетекшісі: А.Ө.Әжібаева
2021-2022 оқу жылы
Сынып жетекшінің аты-жөні |
Әжібаева А.Ө. |
||
Күні: |
27.11.2021ж. |
||
Сынып:8Б |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сынып сағатының тақырыбы |
1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күні |
||
Тәрбие жұмысының бағыты |
Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
||
Мақсаты |
|
||
Міндеті |
Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. |
Тәрбие сағатының барысы
Барысы |
Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||
Кіріспе 10 мин Негізгі бөлім 25 мин |
Мұғалім: Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бірнеше жыл қатарынан ел басқарып келді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етті. (Бейнематериал «Елбасының еңбек жолы») Мұғалім келесі сұрақтар қояды: -Біздің Отанымыз қалай аталады? -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? -Қазақстан Республикасының президенті кім? Балалар, қалай ойлайсындар, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында? (оқушылардың жауаптары) (слайдтар көрсетіледі) Мұғалім: 1-белгісі
– Қазақстан Туы. Еліміздің жалауы туралы не
білеміз? Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы –
Шәкен Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі,
яғни аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге
бөлінгенмен, жоғарыда айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген,
бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да бәрімізге ортақ. Күн
сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер
бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан күннің тудан
орын алуы лайық. Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды киелі,
қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы егеменлдік
алған Қазақстан қыран сияқты көкте самғасын, ғұмыры ұзақ болсын
деген ойдан туындаған. Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнектерін
байқаймыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін, қазақ халқының танымын,
қасиетін көрсетеді. Ермек Өтетілеуұлының «Қазақстан жалауы» өлеңі
оқылады. Аспан түстес көгілдір, Тік бұрышты матаның Ортасына төгіп
нұр, Күн жаяды шапағын. Астында оның қалқыған, Қыран құстың
бейнесін Азат елдің шалқыған Көңілі деп білесің. Еске белгі –
ұрандар Сары алтындай сақталған, Күн, шұғыла, қыран да Алтын түспен
апталған. Сол жағында матаның Қызыл түсті жолақ тік: Мұратындай
атаның Әсем өрнек ол ұлттық Көк байрағы бабаның – Бүгінгі ұрпақ
алауы, Мияты әке, баланың – Қазақстан
жалауы! 3-белгісі – Қазақстан Республикасының Әнұраны. Қазақстан Республикасының Әнұраны – Ел ұраны. 4-белгісі – Тіл, Қазақ тілі. Тіл – кез-келген ұлттың, елдің ерекшелігін танытатын бірден-бір белгі. Тіл тағдыры елдің елдігіне, ел ұлдарының азаматтығына да сын. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Ана сүті бойына сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған тілі мен дінінен айрылған ұрпақ алдымен рухани кемтарлыққа ұшырап, содан кейін көлденең көк аттының қолжауына айналып кете барады. Ана тілін білмей, ана сүтін ембей өскен кейінгі толқынның жүрегі суық, өңі де жат болады. Қазақстан Конституциясында тіліміз туралы былай атап көрсетілген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады. Мемлекет ұлтаралық қарым-қатынас тілі мен басқа да тілдердің қолданылу аясын сақтауға кепілдік береді, олардың еркін дамуына қамқорлық жасайды. -Қазақ халқында тіл туралы, ана тілінің маңыздылығы туралы мақал-мәтелдер өте көп. Оқушылар, сол нақыл сөздерді еске түсірейік. Д.Әбіловтың «Қазақ тілім» өлеңі. Туған тілім – бабам тілі – өз тілім! Туған тілім – анам тілі – өз тілім! Туған тілім – далам тілі – өз тілім! Туған тілім – адам тілі – өз тілім! Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар! -Балалар, қазақ тіліміз туралы көптеген әндер де бар, білесіздер ме? Ә.Тіналиевтің әні «Анамның тілі» орындалады. 5-белгісі – Ата Заң. Ең алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы қабылданды. Одан кейін оған 1995 жылы 30 тамызда толықтырулар енгізіліп, қазіргі Конституция пайда болды. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бізге адамның ар-намысы мен қадір-қасиеттеріне қол сұғылмауына; ар-ождан бостандығына кепілдік береді. Әрбір адам және азамат бұл заңдарды орындауға, құрметтеуге міндетті болып саналады. 6-белгісі – Төлқұжат. Балалар, біздер 16жасқа дейін төлқұжат ролін туу туралы куәлік атқаратынын білеміз. Ал 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматы екендігін дәлелдейтін бірден бір белгі жеке куәлігі және төлқұжат болып табылады. 7-белгісі – Теңге. Еліміздің негізгі рәміздері қабылданғаннан кейін көп ұзамай төл теңгемізге ие болдық. Қазақстан Республикасының теңгесі 1995 жылы 15 қарашада қабылданып, айналымға енді. Қазақстан теңгелерінде қазақтың ұлы да ұлағатты адамдары бейнеленді. Атап айтқанда Ш.Уалиханов, С.Аронұлы, А.Құнанбаев, Қ.Сағырбайұлы, Әл-Фараби, Әбілқайыр хан, Абылай хандардың бейнесі теңгеден орын алды. Ал қазіргі кезде заман талабына, еліміздің көркеюіне байланысты теңгелер де өзгеріп отырады. - Оқушылар, біз өз еліміздің, өз Отанымыздың негізі болатын жеті белгісі туралы мәлімет алдық. Ендеше сол Отан дегенді қалай түсінесіңдер? Отан – бұл сөз біздің қай-қайсымызға да ыстық. Отан әрқайсымыздың кіндік кескен жеріміз ғана емес, баршамыздың кең байтақ еліміз, ол – Қазақстан. Отанымыздың игілігі үшін еңбек етуге, егер қажет болса, оны қорғауға әзір болуымыз керек. Ал, енді оқушылар, Отан туралы мақал-мәтелдер еске түсірейік. «Отан – елдің данасы, Ел –ердің анасы», «Туған жердей ел болмас, Туған елдей ел болмас», «Отан үшін күрес – Елге тиген үлес». Викториналық сұрақтар: 1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев) 2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы) 3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған) 4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке) 5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия) 6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам) 7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.) 8. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.) 9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.) 10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.) «Ой қозғау» Болашаққа саяхат «Егер де мен Президент болсам….» (оқушылар берілген тақырыпқа эссе жазады және оқиды) |
https://www.youtube.com/watch?v=UVsfmZgeb38 |
||||||
Қорытын-ды 10 мин |
Мұғалімнің сөзі: - Сонымен, оқушылар, біз Қазақстан Республикасының – жетелі еліміздің негізгі жеті белгісін есімізде сақтайық, оларды қастерлеп құрметтейік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: « Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз. Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін. Көңіл қойып,тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!
|
Рефлексия. «3 Қ» әдісі |