жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сынып сағаты. Ұлттар достығы!
«Ұлттар достығы»
Елбасының
Қазақстан халқына Жолдауында айтылған
мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп
кеткен бағыттың бірі — Қазақстан
халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға
байланысты “Қоғамдық келісімді және
тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін
Қазақстан халықтары Ассамблеясының
рөлін арттыру” мәселесі. Бағыттың
бұлай аталуының өзі өзіндік этносаралық
және конфессияаралық келісімнің
жетілдірілген моделі қалыптасқан
Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты
нығайтудағы ерекше орган болып
табылатындығын көрсетеді.
Қазақстанның
саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып
табылатын Ассамблея бүгінгі таңда
барлық этностардың мүддесін ортақ
қазақстандық мүддеге айналдыруды,
ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан
барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін
сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық
институт ретінде толығымен қалыптасты.
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар
мен этностар қалыптастырған ел бірлігі
мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған
қазіргі мол тәжірибе этносаралық
проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне
енуде.
Жолдауда
атап көрсетілгендей, “қоғамдық келісімді
әрі қарай нығайту еліміздің қалыпты
дамуы мен әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру тәрізді
үстеме міндеттерді шешудің негізі болып
табылады”.
Жолдауда “Қазақстан
халықтары Ассамблеясының практикалық
қызметі мен жауапкершілігі аясын
кеңейтіп, оның беделін барынша арттыра
беру, әсіресе, заңнамалық деңгейде
арттыру қажет” деп көрсетілген.
Осыған орай № 142 Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып окушыларының
1 мамыр – Халықтар бірлігі
Күніне арналған ертеңгіліктің есебі
Мақсаты:Көп
ұлтты
Қазақстан
Республикасының
халықтар
достығы
– еліміздің
бірлігінің
кепілдігі
екендігін
таныту.
Әр
халықтың
өнері,
оның
рухани
байлығының
негізін
баланың
жүрегіне
өз
ұлтының
тілін,
дінін
біле
отырып,
өзге
ұлттың
рухани
байлығын
сыйлауға,
құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Плакаттар,
қабырға
газеттері,
буклеттер.
Барысы.
Жүргізуші:Армысыздар
құрметті
қонақтар,
қадірлі
балалар!
1-Мамыр
– Қазақстан
халқының
ынтымағы
мен бірлігі
мерекесі
құтты
болсын!
Ән жіберіледі; Бір шаңырақ астында әр ұлттың өкілдері шығады барлығы орындарына тұрады
Ән ұран жіберіледі:
Сіздердің алдарыңызда шағын мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі мерекеге біздің мектебіміздегі барлық сынып бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.
Сіздерді бүгінгі Халық аралық ынтымақ күні 1 — Мамыр мерекесімен құттықтау үшін сөз құрметті қонақтарға беріледі. (Құттықтаусөз )
Ата-бабам
ежелден-ақ досқылған,
Татар, қазақ
болашақты тосты алдан,
Сол достығын
тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн
мерекеде жайнаған.
2-жүргізуші:
Бірінші
мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар
сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық
пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді
сәнмен қошемет етіп тойлайды!
1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз.
Ортаға Қазақ ұл өкілдерін шақырайық
Тұсау кесу салты
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе,
Түрікке азаматта ел жеткен бе?!
Кең ақыл отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Ортаға Түрік халқының өкілдерін шақырамыз
1 А сыныбы Өлең оқыды
Кім сүймейді ет жақынын,туысқанын,
Украйна туысымның бірісің
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Ортаға Украйна халқының өкілдерін шақырамыз
1 ә сыныбы Өлең оқыды
Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым
Ортаға Орыс халқының өкілдерін шақырамыз
1 Б сыныбы
2-жүргізуші:
Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр
беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр
боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек,
Бақыт, Береке, Бірлік күні
Ортаға Ұйғыр халқының өкілдерін шақырамыз
1 В сыныбы
Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Ортаға Қырғыз халқының өкілдерін шақырамыз
2 А сыныбы Қырғыз әні Момалақ
Жырласа Қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Ортаға Тәжік халқының өкілдерін шақырамыз
2 Ә сыныбы Қырғыз әні Момалақ
Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Ортаға Шешен халқының өкілдерін шақырамыз
2 Б сыныбы Би
1-жүргізуші:
Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға
жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуаныш
пен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты
мамырым-ай.
Ортаға Башқұрт халқының өкілдерін шақырамыз
2 В сыныбы Би
Белоруссия – жайқалған жасыл орман.
Жасыл орман – мәңгі жасыл арман.
Шетінен ойшыл келер армандары –
Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған
Ортаға Беларус халқының өкілдерін шақырамыз
3 А сыныбы Би
2-жүргізуші:
Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан
қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп
төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік
туы мәңгі тұғырлы
Ортаға Дунған халқының өкілдерін шақырамыз
3 Ә сыныбы Би
2-жүргізуші:
Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан
қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп
төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік
туы мәңгі тұғырлы
Ортаға Армиян халқының өкілдерін шақырамыз
3 б сыныбы Би
Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн
Ортаға Өзбек халқының өкілдерін шақырамыз
3 В сыныбы Би
Бұралып гөзел біздің билегенде,
Үндінің асқақ әні тербегенде,
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар, айтыңдаршы қандай пенде?!
Ортаға Үнді халқының өкілдерін шақырамыз
3 Г сыныбы Би
1-жүргізуші:
Ауылым
туған, гүл тергем сенен алғашқы,
Көгілдір
аспан, көк жиек, орман-шарбақты.
Көзіме
алғаш кезіккен қайда бозторғай,
Көкегім
қайда жамылған жол ақ шарқатты,
Ортаға
Татар халқының өкілдерін шақырамыз
4 А сыныбы Би
Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.
Қазакстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!
Жеттім сенде арманыма аңсаған.
Қарыздармын. Бас иемін мен саған.
Бас иемін сенде туып,
Сенде ержетіп оқыған,
Саган келіп ес жинаған өзімдей
Кәрістердің атынан.
Ортаға Кәріс халқының өкілдерін шақырамыз
4 Ә сыныбы Би
Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос болдым қонақ ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.
Ортаға Грузин халқының өкілдерін шақырамыз
4 Б сыныбы Би
Онша үлкен болмаса көлемі Әжірбайжан,
Әзірбайжан ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.
отаным деп білемін
Ортаға Грузин халқының өкілдерін шақырамыз
4 В сыныбы Би
Сыңғырлы
Жайық, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,
Өздерің
болып санама бала тұнды жыр.
Көгімнен
құлап, көңілімді жаты жылытып,
Көзімнен
ойнап, күміске бояп күлкі нұр.
1-жүргізуші:
Күтетұғын
асыға әр күнінбіз,
Арналатын ең тәтті
ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың
басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
2-жүргізуші:
Қазақстан
Республикасының Президентінің жолдауы
еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де
асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың
әр жолында көңіліңді көтеретін жылы
шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа
келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа
Қазақстанның көркейіп нұрлануына
бірлесе үлес қосайық, ағайын.
2-жүргізуші:
Тілі
басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен
жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ,
бейбітшілік ұран боп
Татулықтан
бұзылмасын іргеміз.
Бұл
күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем
бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос
құшағын жая келген,
Армысың,бар
халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның
ынтымағы!
(Сахнаға Грузин халқыншақырамыз.
Жүргізуші:
Әйнегі
күн,шатыры аспан,
Кең дала,төсі
толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер
шашқан,
Қазақстан-Республикам
менің!
Жүргізуші:
(Енді сахнағаҮнді
ұлтының өкілдерін шақырамыз).
Ынтымағы
жарасқан берік күн,
Білдіреді болашақ
ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта
берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке
күн.
(Келесі сахнаға Ұйғыр ұлтының
өкілдерін шақырамыз).
1-жүргізуші:
Күні кеше ғана Ел басы жолдауынан
қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік
пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат
құрғанда дана бақыт пен шаттық,ынтымақтастық
орнаған да ғана болашағымыз баянды
болатынынына кәміл сенеді.
2-жүргізуші:
«Қазақта
бірлік
болмай,тірлік
болмайды»-деген
ұлағатты
ұғым
бар.Ендеше
елімізде
бейбіт
өмір
сүріп
жатқан
ұлттар
мен
ұлыстар
өкілдерінің
татулығы
артып,
Қазақ
елінің
нығайып,өркендеуіне
өз
үлесімізді
қоса
берейік.
1-жүргізуші:
Қазақ
жері
достықтың
гүлстаны
Дархан
өлкем
мерейлі
ырыс
бағы
Күрестерде
еңбекте,мерекеде
Мұнда
сан ұлт
қолдасып
ту ұстады.
Атамыз өз батасын берді:
Елбасымыз алысты көрсін,
Ел-жұртымыз табысты болсын.
Қыздарымыз сұлу,
¥лдарымыз намысты болсын.
Көршілеріміз тыныш болсын,
Малымыз төлдеп, дастарханымызға ырыс толсын.
Рудан өсіп, ұл өзін сыйлап,
Ала алсын асылын жинап,
Алаштың азаматтары бір ауызды болсын.
Мәдениетіміз мәңгі болсын,
Тұрмысымыз сәнді болсын.
Бәрін айт та, бірін айт,
Дербестігіміз мәңгі болсын! (Әумин!)
Ата-аналар окушылар мақтау қағаздарымен марапатталды
Ұйымдастырушылар: Бисенова.Умит.Молдахметована .Усербаева.Светлана.Маратовна. Әмиршеева.Маржан.Коштибаева.Аманкул.Ерболатоана.Назарова.Алия.Валеровна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген