Материалдар / Сынып сағаты: «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі»

Сынып сағаты: «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты сценарийі. Тәрбие бағыты: Патриоттық бағыт Тақырыбы: «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі» Сынып:5Б Мақсаты:Оқушылардың отанына деген рухын мен патриоттық сезімін ашу; Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Міндеттері:Оқушыларды , патриотизмге, ерлікке, отанына деген махаббатын ашуға үйрету.Оқушылардың патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық сана сезімді, азаматтық ұстанымды қалыптыстару.Оқушылардың патриотизм, азаматтық ұстанымы қасиеттерді ұялату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2023
4073
64 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие бағыты: Патриоттық бағыт

Тақырыбы: «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі»

Сынып:5Б

Мақсаты:Оқушылардың отанына деген рухын мен патриоттық сезімін ашу; Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:Оқушыларды , патриотизмге, ерлікке, отанына деген махаббатын ашуға үйрету.Оқушылардың патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық сана сезімді, азаматтық ұстанымды қалыптыстару.Оқушылардың патриотизм, азаматтық ұстанымы қасиеттерді ұялату.

Материалдар мен жабдықтар:интерактивті тақта, суреттер, туу бейнеленген жүрекшелер көңілді ойын айдары,сөзжұмбақ

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар!Ең алдымен тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып бір-бірімізге жақсы көңіл-күй тілейік.Бүгінгі өтетін тәрбие сағаттың тақырыбы : «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі» » Осы сынып сағатының тақырыбы туралы не ойлайсыздар, өз пікірлеріңізбен бөлісіп кетсеніздер.

2-жүргізуші: Ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды белеске көтерген Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналыпта үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» деп(Н.Назарбаев)атамыз айтып кеткен.

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының әнұраны (гимн)орындалсын.

2-жүргізуші:

Балалар сендер рәміздеріміздің авторларын білесіңдер ме ?Олай болса мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Гимннің авторы кім?Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев

2.Тудың авторы кім? ( Ш.Ниазбеков.)

3. Елтаңбаның авторы кім? (Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.)

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы 1991жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз республика болып жарияланды.

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер, жасай бер аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.

2-жүргізуші:Патриот - өз Отанын адал сүйетін, қызмет ететін, өз мүддесін ел мүддесі жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға кеңпейілділікпен қарайтын адам.Жалпы отансүйгіштік – қасиетті сезім. Қайда жүрсе де адамға қуат беретін – атамекен. Ал Отанға деген сүйіспеншілік бұл байланысты нығайтады. Нағыз патриот отанын қорғау жолында тіпті елінен қудаланған болса да халық үшін, ел игілігі үшін жасалғанын түсініп, іштей өкініш туындамайды, өйткені шын отансүйгіш адамды қандай да бір қиын жағдаймен сындыру қиын.

1-жүргізіші

«Ойлан тап»айдары

1 минут ішінде қысқа – нұсқа «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіздер

1. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ба?( иә)

2. Елтаңбаның авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев па?(жоқ)

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков пе?(иә)

4. Тұңғыш Президент күні 4 желтоқсан ба? (жоқ)

5. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке "Халық Қаһарманы" атағы берілді ме? (иә)

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында қырын бүркіт, күн, ұлттық ою - өрнек бейнеленген бе? (жоқ)

2-жүргізуші Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ!

1-жүргізуші:Сіздерге берілген туу бейнеленген жүрек пішінді қағаздар арқылы бүгінгі тәрбие сабағынан не алғандарыңызды жазыңыздар Сіздерге бүгінгі тәрбие сағаты ұнады деп ойлаймын.Осымен тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Өз уақыттарыңызды бөлгендеріңізге үлкен рахмет!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ