15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты "Ұстазым- ұлағатым, үлгі -өнегем"
Тақырыбы: « Ұстазым- ұлағатым, үлгі-өнегем»
Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге, үлгі тұта білуге ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білугеүйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арналып безендірілген. Ұстаз туралы ұлағатты ой, қанатты сөздер жазылған, суреттер, көрме т.б.
«Ұстазым» әні шырқалып
тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар!
Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын
ерекше мереке – ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Үйретіп алғаш бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой-арманы, мақсаттары
Оқушың сәулесімен жарық көрді
Қадірлі ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,
Зердесін болашақтың зерлеткендер
Қадірлі ұстаздар, өздеріңізге арналған «Ұстазым — ұлағатым, үлгі
–өнегем !» — атты кешімізді бастаймыз.
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады
Кешіміздің ашылу құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән: «Ұстазым менің»
Жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елісіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге
Ұстаздарға арналған тілегіңіз.
Ұстаздарды құттықтау сөз , мектеп директоры
беріледі.
Жүргізуші: Рахмет, кешімізді әрі қарай
жалғастырамыз.
«Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға» — деп Абай атамыз айтқандай, білім нәрімен
сусындатып, жүрген ұстаздарды ұстаздар мерекесімен шын жүректен
құттықтап, сіздерге музыкалық сәлемімізді жолдаймыз.
Ән: «Ұстазым»
«Менің Қазақстаным» әнін айтып, маршпен бір топ оқушы сап түзеп,
залға кіреді.
1-оқушы: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы іс!
2-оқушы: Ұстаздық ету – өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын
аялау.
3-оқушы: Ой… жарық дүниеде бұдан асқан қиямет-қайым жоқ шығар.
4-оқушы: Патшалық құру – ұстаздық етуден он есе жеңіл.
5-оқушы: Ұстаздық – ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.
6-оқушы: Қысқасы, патшалық құру қандай рақат!
Ал ұстаздық ету бейнет.
7-оқушы: Ендеше, аяулы ұстаздар, «Бейнеттің де зейнеті бар»- деген
екен аталарымыз.
Жүргізуші: Бүгін бәрін ұмытып, шәкірттеріңіздің алғысы мен
құттықтауын қабыл алыңыздар.
1-оқушы: Шәкірттерін мәпелеп, аялаған
Біздерден қол көмегін аямаған
Бүгінде ортамызда Лунаргүл апай
Мектеп үшін еңбегін аямаған
2-оқушы: Келешекті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңде
Өсиет көп сөзінде
Көп шәкіртің досындай
Жаңылсын апай осындай
3-оқушы: Еңбегін елі үшін аямаған,
Панаңда сан шәкіртің саялаған
Бүгінде бәйтерексіз бойы биік,
Күләнда апай шәкірттерін аялаған.
Жүргізуші: Жанары ізгілікке, қасиетке толы, жаны жайсаң қымбатты
ұстаздар, мерекелеріңізбен құттықтай отырып, «Қазақ қызы» биін
ұсынамыз
Ортаға екі оқушы шығады:
біреуінің бойы ұзын, екіншісінің бойы қысқа. Бойы ұзын оқушы түзу,
күтіммен өскен алма ағашының бейнесінде тұрады, бойы қысқа оқушы
керісінше. Осы екі түрлі алма ағашының бейнесінде тұрған
оқушылардың қасына екі оқушы келеді.
1-оқушы: Әсел, мына алма ағаштары неге екі түрлі өскен?
2-оқушы: Соны да білмейсің бе? Біреуін суарып күткен, екіншісіне
қарамаған.
1-оқушы: Ой, қойшы-ей, сонда тұрған не бар?
2-оқушы: Жоқ, Әсел адам да сол сияқты.
1-оқушы: Шын ба? Қалайша?
2-оқушы: Адамды тәрбиелеп баптасаң, білім берсең, қатесі болса
түзетсең, ол да түзу, әдемі боп өседі. Нанбасаң апайлардан
сұрашы.
Оқушылар бәрі: Мұғалім, шын ба?
Айтсаңдаршы!
Мұғалімдер: Шын, солай
дұрыс…
Жүргізуші: Ендеше, бұл алма ағашын
ұстаздарымызға апарып берейік.
Ұстаздар! Шынында да қисайғанды түзеп, солғанға нәр беріп,
төзімділікпен еңбек етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор.
Сіздерге рақмет айтып, мақтан тұтамыз! Сіздердің сенімдеріңізді
ақтаймыз, егеменді еліміздің азаматы боламыз деп сенім
білдіреміз.
Жүргізуші:
Мөлдір бұлақ сылдырлаған
суымен,
Ормандарың шулап жатыр нуымен
Ал баланың тәрбиесін беретін,
Құттықтаймыз, ұстаздар мерекенің шарықтаған
күнімен.
:
Ақыл-кеңес көп онда ұққанға,
Ардың туын асқақ ұстап шықты алға
Ана тілін ардақтауды үйреткен
Мың рахмет Гүлзада апай, Лаура апай.
«Білім» десе бойымызда тұрар
күш,
Шәкірттері шеттерінен тіл алғыш
Талай рет тентектікті кешірген
Гүлшара апай өзіңізге мың алғыс.
:
Алабөтен айрықша еді талғамың
Алғыс пенен абырой боп алғаның,
Орыс тілдің аралатқан орманын
Орны бөлек Бақытханым .
Жүргізуші: Ұстаздарымызға мықты денсаулық, табысты еңбек тілей отырып,
Утегалиева М. әсем әнін жолдайды.
Жүргізуші: О, ұстаздар, басымды ием
сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде,
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз
Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде
:
Теңейміз біз оны кейде жұлдызға
Үлгі тұтып, келешек жас ұл-қызға
Дүние жүзінің географиясын жаттатқан
Жан жете ме жайсаң Райла ұстазға.
:
Мұхсина апай көп ойлаушы бала қамын,
Нұрланып атар іспен әрбір таңы
Баланы жадыратқан күн секілді
Баланы аялаған алақаны.
:
Ештеңенің исі бармай мұрынға,
Жүрген кезде кеше, бұрында
Талай заттың қыр-сырын қанық қып
Тәрбиелеген бас иеміз Жұмагүлдей апайға.
Би болады, әрқашанда қыз
барда,
Жылуынан жібіп тіпті мұздар да
Мың бұралып билегенде басқа кім?
Жетер біздің әсем сұлу қыздарға
Жүргізуші:
Ұрпақтан өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады
Хор «Аяулы ұстазым»
Ұстаз ақыл-ойы мен күш- қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. .Өйткені, ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан, болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып, қадірлейді. Ендеше ,құрметті Ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Осымен сіздерге арналған кешіміз аяқталады. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
«ЖББ Ұзынкөл орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Ұстазым- ұлағатым,
үлгі-өнегем»
Сынып жетекші Габдуллина К.Г.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген