Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты "Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы" 4- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсаринның өмірі, шығармашылығы, ағартушылық қызметі туралы айтып білімдерін тереңдету. «Қазақ хрестоматиясы» мазмұнымен таныстыру. Әңгімелеріне талдау жасау Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға,шығарма мазмұнын аша білу қабілетін дамытуға ықпал ету. Оқушылардың әдебиетке, Ыбырай шығармашылығына деген сүйіспеншілігін ояту,еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні 26.01.2019 ж

Бейне - конференция

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты:Ы.Алтынсаринның өмірі, шығармашылығы, ағартушылық қызметі туралы айтып білімдерін  тереңдету. «Қазақ хрестоматиясы» мазмұнымен таныстыру. Әңгімелеріне талдау жасау Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға,шығарма мазмұнын аша білу қабілетін дамытуға ықпал ету. Оқушылардың әдебиетке, Ыбырай шығармашылығына деген сүйіспеншілігін ояту,еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданған құрал- жабдықтар: интерактивті тақта,шығармалар жинағы.

1. Жүргізуші: Оқысаңдар, балалар.

                   Шамнан шырақ жағылар.

                   Тілегенің алдыңнан

                    Іздемей-ақ табылар.

                   Кел ,балалар, оқылық,

                   Оқығанды көңілге.

                   Ықыласпен тоқылық.-деп жырлаған «Дала қоңырауы» кім еді?

 2.Оқушылардың есіне Ы.Алтынсарин туралы білетіндерін түсіру.топтастыру

 

3. Бейнежазба «Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет»

Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның

қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық

тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым

В.В Григорьевпен жақын танысып алды.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.


1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап,

халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын»

балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды.Олардың бірқатарын өзі жазды.


2.Ы.Алтынсарин өмір жолына хронологиялық кесте негізінде шолу жасау

Жылдар

                  Маңызды оқиғалар

1841

Қостанай облысы Затобол ауданы Атқарағай ауылында дүниеге келген

1850

Орынбордағы жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі

1859

Орынбордағы шекаралық комиссияда тілмаш болады

1860

Торғай мектебінде мұғалім болады.

1864

Торғайда мектеп ашады

1876-1879

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады

1879

Торғай облысы мектептерінің мектептеріне инспектор болып тағайындалады.

1881

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады

1879-1883

Торғай қаласының төрт мектебінде мектептер ашылады/Торғай,Ырғыз,Тройцк,Ақтөбе/

1883

Торғайда қолөнер мектебі ашылады

1883

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құралын жазды

1887

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылды

1887

Қостанай уезінде мектептер ашып,жанынан 25 орындық интернат салдырды

1889

Ауыр науқастан қайтыс болды


 Топпен жұмыс


1. Ыбырай өлеңдері

Алдарыңда өлең жолдары жатыр. Сол өлең жолдарының дұрыстығын қараймыз, қаншалықты Ыбырайдың өлеңдерін жатқа білетінімізді тексерейік. ( әр топқа өлеңдерді дұрыс құрастырту, мәнерлеп оқыту)

2.Зияткерлік тест . Шашылған сөздерден сөйлем құра.

Қай шығармадан алынған?

1. Ауырды,жәшігім,салдым, мен, ішіне,жеңілдететін,бір, шөп. 

Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.) «Асыл шөп»

2. Барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына. 

Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.)

«Бақша ағаштары»

3. Тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа. 

Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.) « Әке мен бала»

Сахналық қойылым. «Әке мен бала»

Күтілетін нәтиже: Бұл көріністен өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін  жетілдіру. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін шығармалар оқиғалары негізінде аша отырып, мейірімділікке, талаптылыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке  тәрбиелеу.

  • Бұл көріністен қандай ой түюге болады?

  • Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының мазмұны қандай бағытқа жетелейді?

  • Оқушыларға беретін қандай тәрбиелік мәні бар?

  • Осы қасиеттің бәрін біз мектептен аламыз.

«Мектеп» макетін құрастыру ( 3 - қосымша)

  1. Ең алдымен мектеп салу үшін бірінші іргетасын қалаймыз.

Іргетас мықты болса , берілетін білім де мықты болады.

  1. Негізі ( қабырғасы) -шәкірттер. Мектептен сусындайтын , білім алатын – шәкірттер.

  2. Есік , терезесі - қазақ елін аудармалары арқылы әлемге паш етті

  3. Шатыры – білім шыңына балаймыз.

  4. «Мектеп – ұстаз – бала» бір – бірімен тығыз байланысты.

Сұрақтар:

1. Ы.Алтынсарин кім? (Ағартушы,жаңашыл,педагог,қоғам қайраткері)

2.Ы.Алтынсарин қай жылы  дүниеге келді?  (1841ж)

3.Қай жылы Ы.Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалды?  (1879 ж)

4.«Қырғыз хрестоматиясы» оқулығы қашан шықты?

5.Ыбырай қай жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медалмен бітіріп шықты? (1857 ж)


Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов.

(білім шырағын жағу)


Алтынсарин – қазақтың жарық  шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин – елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды

Алтынсарин – даланың қоңырауы.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
4121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі