6 «Ә»
сыныбы
Аяфова Ардак
Казбековна
Сынып сағатының
тақырыбы: «Теңге — ұлттық табыстың кепілі»
Мақсаты:
Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең
бірінші айрықша белгісі — теңгемен
таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы,
айналымға ену кезі туралы мағлұматтар
беру.
Оқушылардың бойына елімізге деген
ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты
сіңірту.
Елін , жерін сүйіп құрмет тұтатын
жас жеткіншектерді елжандыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әртүрлі
валюталар, тапсырмалар жазылған
карточкалар
Барысы:
1- жүргізуші: Мектеп,түзел,тік
тұр! ҚР Мемлекеттік әнұранына саптүзе!
2-жүргізуші: Қайырлы
күн, құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
1-жүргізуші; 6ә сыныбы дайындаған «Теңге ұлттық табыстың кепілі » атты сап түзеуін ашық деп
жариялаймыз.
2жүргізуші:Халқымызға ғасырлар бойы арман болған
тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн –
біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке
күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі»
туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына
байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
1жүргізуші:Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа
берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік
құндылығы. Біз
бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында
қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес
құндылығымыз.
Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси
егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет.
Осы орайда барлық мемлекет өзінің ұлттық валютасын шығарды.
2жүргізуші:
Теңгенің де өз шығу тарихы бар
1оқушы:1993ж. 12 қарашасында
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев”Қазақстан
Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп
атауды бекітті.
2
оқушы: Ұлттық теңгені жасауға екі
жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл
теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын
құрды.
3
оқушы: Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір
атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді.
Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,-
деді.
4оқушы: Содан кейін бүкіл тарихты
көтеріп, қазаққа қатысты еңбектер ақтарылып, ертеде қазақта теңге
қолданған екен. Біздің академиктер: «орыстың «деньги» деген сөздері
сол теңгеден шығуы мүмкін»- деді.Себебі, ақша айналымы Ресейден
бұрын Азияда болған.
5
оқушы: Біздің бұрынғы түркі
мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезеңде, одан кейін де теңге
қолданыста жүрген. Сөйтіп, біздің болашақ валютамыз теңге деген
әдемі атауға ие болыпты.
6
оқушы: Ең алғашқы теңге партиясы
Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында
басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер
асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары
тасыды.
7 оқушы: 1992 жылы теңге дизайнындағы
бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи
тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа
Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы
таңбалар пайдаланылды.
8
оқушы: Бір теңгелік банкнотқа Әбу
Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы,
он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте -
Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі
салынған.
9
оқушы :Теңге дизайнерлерінің
пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің
бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер
банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи
тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен
болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан
даралап, айшықтап тұрады.
10
оқушы :1995 жылы Алматыда өз банкнот
фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл
валютасын өз елімізде басып шығарады.
Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.
1
жүргізушілер : Келесі атап кететін
мерейтойларға арналған теңгелер
1.2011 жылы 25 мамыр Ислам
конференциясының ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған
теңге
2.Қазақстан Тәуелсіздігінің 10
жылдығына
3.Қазақстан Тәуелсіздігінің 15
жылдығына
4.2010 жылы 1мың теңгелік
көкшіл - жасыл
5.2011 жылы Қысқы Азия
ойындары
6.2011жылы Тәуелсіздікке
арналған теңге түрлері
7.2011жылы қарашаның 15-і
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің қолданысқа енгеніне 18 жыл
толды.
8.Өскемендегі теңге
сарайы.Айналымдық теңге, коллекциялық теңге, жетондар.
9.Тәуелсіздіктің 20 шыңы
10.7 желтоқсан. “Алтын теңге”
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты –
ұлттық валюта күні.
1
жүргізуші: Қазір ел экономикасы даму
үстінде. Сондықтан теңгенің тұғыры да тұрақты. Қазір ол жақын шет
елдерде сұранысқа ие. Мәселен, теңге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейде
евро, доллармен бірге айналымда жүр.
2
жүргізуші: Бүгінде осы аумақта Ресей
мен Қазақстанның экономикасы ілгерілеу тұр. Рубль мен теңгенің
қарым-қатынасы жақсы. Ұлттық валютаның бүгінгі тұғыры бір
қалыпты.Жалпы, ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен
белгіленіп отырады. Бұл – айқын нәрсе. Басқа валютаның қатынасына
қарай құны белгіленеді. Жалпы көршілерде теңгені сатып алуға құқық
бар, ендеше қазақ валютасына да сұраныс
бар.
Көрініс :
Теңгенің
қажеттілігі
Бұрыңғы заманның
адамдары :
-Ассалаумағалейкум
-Аллейкум
ассалам
-Қайдан келе жатырсыз,ата
?
-Сауда жасауға келе
жатырмын.
-Сіз нені саудаға
әкелдіңіз?
-Міне
...
-Менде мата , зергерлік
бұйымдар бар .
-Ауыстырайық
Қазіргі
заманда :
-Сәлеметсіз
бе!
-Сәлем
балалар!
-Карина бізге анамыз не алсын
деп еді?
- Бір бөлке нан мен бір дана
сүт алсын деп еді ғой.
-Сізден 230
теңге.
-Мінекейіңіз,бізде бүтін 500
теңге бар.
-Ал онда мен сіздерге 270
теңге қайтарамын.
-Апай сіз бізге 290 беріп
қойдыңыз.
-Ой,балаларым мен аздап
қателесіп кеткен болармын.Рахмет балалар!Адалдықтырыңа рахмет
айналайын!
жүргізуші: Міне балалар
әрқашан осындай адал болыңдар! Тапқан жемістерің адал
болсын!
1.Жүргізуші : «Ұлттық валюта
ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін
тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ.
Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір
бөлігі, өз заманының нысаны».- дейді
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
2-жүргізуші: Теңге
–экономиканың дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі.
Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де
өзінің құндылығын дәлелдей бермек.
1-жүргізуші: Ал енді сап түзеуімізді осылай қорытындылап, сөз
кезегін Ләйлә Сағиқызына береміз!