Материалдар / Сынып сағатының тақырыбы: «Ұлы Даланың мұрагерлері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағатының тақырыбы: «Ұлы Даланың мұрагерлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы :«Ұлы Даланың мұрагерлері» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 2018 жылдың қараша айында жарықкөрген елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын оқушыларға түсіндіру, талдау. Оқушыларға өз тілін, елін сүйе білуге, елдің мықты тірегінің бірі тіл екендігін дәріптеу. Біздің кеудемізде жүрегіміз соғып тұрғанша, тілімізді өшірмейтін халық екенімізді мақтан ете отырып, Отансүйгіштік, патриоттық ұрпақ бола білуге баулу.Қазақ елі, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт көшімен қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
5841
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тамды орта мектебі







Сынып сағатының тақырыбы:

«Ұлы Даланың мұрагерлері»




Сыныбы: 5 «А»

Сынып жетекшісі: Калиева Г.С.

Өтетін күні: 15.10.2021





2021-2022 оқу жылы



Тақырыбы :«Ұлы Даланың мұрагерлері»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 2018 жылдың қараша айында жарықкөрген елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын оқушыларға түсіндіру, талдау. Оқушыларға өз тілін, елін сүйе білуге, елдің мықты тірегінің бірі тіл екендігін дәріптеу. Біздің кеудемізде жүрегіміз соғып тұрғанша, тілімізді өшірмейтін халық екенімізді мақтан ете отырып, Отансүйгіштік, патриоттық ұрпақ бола білуге баулу.Қазақ елі, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт көшімен қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І бөлім

М: «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын оқушыларға түсіндіру, талдау. (слайд)

Жазба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Президент бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жазылған. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл əлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар екендігін Елбасы тілге тиек еткен.

1. АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.

2.ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ

Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтыңжаңакезеңінежолашып, адамзатдамуыныңбарысынтүбегейліөзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақжері – металлургия пайдаболғаналғашқыорталықтардыңбірі. Ежелгізаманда-ақҚазақстанныңОрталық, Солтүстік жәнеШығысаймақтарында тау-кенөндірісініңошақтарыпайдаболып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпаларыалынабастады. Ата-бабаларымызжаңа, неғұрлымберікметалдарөндіруісіндамытып, олардыңжеделтехнологиялықілгерілеуінежолашты. Қазбажұмыстарыбарысындатабылған металл қорытатынпештер мен қолданжасалғанәшекейбұйымдары, ежелгідәуірдіңтұрмыстықзаттары мен қару-жарақтарыбұлтуралытереңнен сыр шертеді. Осыныңбәріежелгізамандардабіздіңжеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

3.АҢ СТИЛІ

Біздіңата-бабаларымызқоршағанортаменетене өмір сүріп, өздерінтабиғаттыңажырамасбөлшегісанаған. БұлбастытұрмысқағидатыҰлыдаланымекендегенхалықтардыңдүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өзжазуы мен мифологиясы бар Қазақстанныңежелгітұрғындарыныңозықмәдениетіболды. Олардың мұрасының жарқынкөрінісі, көркемболмысы мен руханибайлығыныңайшықтыбелгісі – «аңстилі» өнері. Жануарларбейнесінтұрмыстапайдалануадам мен табиғаттыңөзарабайланысыныңсимволынабаланып, көшпенділердіңрухани бағдарын айқындап отырған. Оларжыртқыштардың, негізіненмысықтұқымдасаңдардыңсуретінкөбірекқолданған.

4.АЛТЫН АДАМ

Біздің түп-тамырымызға жаңашакөзқараспенқарауғажолашып, әлемдікғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылыҚазақстанныңЕсікқорғанынантабылған, өнертанушығалымдарарасында «қазақстандық Тутанхамон» дегенатқаиеболған «Алтын адам». Бұлжауынгерталайтылсымқұпияныңбетінашты. Біздіңбабаларымызәлікүнгедейінөзініңасқанкөркемдігіментамсандыратын аса жоғарыдеңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердіңалтынменапталғанкиімдеріежелгішеберлердің алтын өңдеутехникасынжақсымеңгергенінаңғартады.

5.ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ

Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарыныңтарихындаАлтайдыңаларорныерекше. ОсынауасқартауларғасырларбойыҚазақстанжерініңтәжіғанаемес, күллітүркіәлемініңбесігісаналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шеніндеТүркідүниесіпайдаболып, Ұлы дала төсіндежаңакезеңбасталды. Тарих пен география түркімемлекеттері мен

ұлыкөшпенділеримперияларысабақтастығыныңайрықшамоделін қалыптастырды. Бұлмемлекеттерұзақуақытбойыбірін-біріалмастырып, орта ғасырдағыҚазақстанныңэкономикалық, саясижәнемәдениөміріндеөзініңөшпесізінқалдырды. Орасанзоркеңістіктіигеребілгентүркілерұланғайырдалада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлыққалалардыңгүлденуінежолашты. Мәселен, орта ғасырдағыОтырарқаласыәлемдікөркениеттіңұлыойшылдарыныңбірі – ӘбуНасыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркіхалықтарыныңруханикөшбасшыларыныңбіріҚожаАхметЯсауиТүркістанқаласындаөмірсүріп, ілімтаратқан.

6.ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ

Еліміздің географиялық тұрғыданұтымды, яғниЕуразияқұрлығыныңкіндігіндеорналасуыежелденәртүрлімемлекеттер мен өркениеттерарасындатранзиттік «дәліздердің» пайдаболуынасептігінтигізді. Біздіңдәуірімізденбастапбұлқұрлықжолдары Үлкен ЕуразияныңШығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігіарасындағысаудажәнемәдениетсаласындағыбайланыстардыңтрансконтинентальдыжелісіне – ҰлыЖібекжолыжүйесінеайналды. Бұлжолхалықтарарасындағыжаһандықөзаратауарайналымы мен зияткерлікынтымақтастықтыңқалыптасып, дамуыүшінорнықты платформа болды. Керуенжолдарынмінсізұйымдастырып, қауіпсіздігінқамтамасызеткенҰлы дала халқыежелгіжәне орта ғасырлардағы аса маңыздысаудақатынасыныңбастыдәнекерісаналды. Дала белдеуіҚытай, Үнді, Парсы, Жерортатеңізі, ТаяуШығысжәне славян өркениеттерінбайланыстырды. Алғашпайдаболғансәттенбастап, ҰлыЖібекжолыкартасы, негізінен, Түрік имерияларының аумағын қамтыды. ОрталықЕуразиядатүркілерүстемдікқұрғанкезеңдеҰлыЖібекжолыгүлденушегінежетіп, халықаралықауқымдаэкономиканы өркендетуге жәнемәдениеттідамытуғасептігінтигізді.

7.ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.



ІІ бөлім

Оқушыларды 7 топқа бөліп, әр топқа мақаланың тақырыптары беріледі.

Оқушыларға берілген мәтіннен үзінді бойынша кластер жасап, әр топ сынып алдында талдайды.

Әр топ тақырыпшалары бойынша 5 сұрақ қойып, қалған топтар жауап беруі қажет.

Қорытынды

М: Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.Кез келген халық, оның ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инновациялық үлесі туралы хабардар болуы тиіс.

Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр.Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде.Бүгінгі мақала ол қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!