Материалдар / Сынып сағаты."Қарттарым-асыл қазынам"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты."Қарттарым-асыл қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатының мақсаты: Ұлкеге құрмет, ата-баба дәстүрін қастерлеу,ата-әжеердіі ғибратты әңгімелері мен бата-кеңстерін тыңдау арқылы оқушыларды инабаттылыққа,имандылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
377
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қарттарым- асыл қазынам»
Мақсаты: оқушы бойына үлкенді сыйлау, ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Жүгізуші: Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

Жұмбақ:

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған.

Ол кім? (Ата)



Аймалайды "Күнім" деп,

Мейірімді жүзі кулімдеп.

"Тәтті-ақ" дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім? (Әже)



Жарайсыңдар,балалар,дұрыс таптыңдар. Осы атамызбен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз? (қарттар дейміз)

Ендеше 1 қазан қандай мереке екен?(қариялар күні)

1-жүгізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар!

Қарты бар үйдің -қазынасы бар дейді, -халқымыз. Отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы, балаларының ақылшысы, асқар тауы да әрине сіздерсіздер. Ғұмырларыңыздың ең қызықты да жарқыраған жастық шағын еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың игілігіне арнадыңыздар. Бүгінде қарттар күнін атап өту, оларға құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Ардақты аталар, аяулы әжелер сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Асқар таудай панамыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер.
Сіздерді осындай мерейлі мерекемен құттықтай отырып, «Қарттарым-асыл қазынам» атты кешімізге хош келдіңіздер дейміз.

Ендеше алғашқы құттықтау кезегін мектеп директоры Мэлс Жасболатұлына береміз.

Жүгізуші :Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазды жүрекпен

Жыр арнаймын өзіңе

Өздеріңізге арнап немерелеріңіз «Атам-әжем» әнін жолдайды.

Жүгізуші: Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
Би: «Айгөлек»

Жүгізуші Бала деген бал екен

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында

Бар жақсылық бар екен.

Туған балаң жай ғана,

Демесең де жат, бөтен

Нағыз бала ойласаң

«Немере»екен, тәтті екен

(балалардың тақпақтары, сыйлықтары)

Жүгізуші:Арсыз күлкің тыйылмас,жылауың да

Айтысың да басылмас,жырлауың да

Ағайын араздасып кетер еді

Бір қария болмаса бір ауылда.

(қарияларға арналған сергіту тапсырмалар)

  1. Немерелерге арнап ертегі айтып беріңіз

  2. Немеремен оқыған кітабыңыз туралы айтыңыз

  3. Немеремен қосылып ән орындаңыз

  4. Немереге арнаған жылы сөздеріңіз

  5. Немереңіздің болашақта қандай маман иесі болғанын қалайсыз? Ол үшін қандай үлес қосып жүрсіз?

  6. Немереңіздің сүйікті тағамы?

  7. Бала туралы қандай мақал- мәтел, нақыл сөздер немесе тыйым сөздерді білесіз?

  8. Немереңіздің сүйікті ісі қандай? Бос уақытында немен айналысады?

  9. Немереңіздің бойындағы 5 асыл қасиетті атаңыз

Жүгізуші : Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер бимен шашу шашады

Би. «Жаяу»

Жүгізуші: Тұра – тұршы есейгенше ұл – қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығын.-
деп Әлия мен Маншуктің орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыз

Жүргізуші. Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз»

Жүгізуші: Ұрпағым деп ұл өсірген атам- ай,

Сізді ойласам терең ойға батам-ай.

Балаларым сендер аман болшы деп,

Ақ тілеумен беретұғын батаң – ай.

(Аталардан бата сұрау)

Жүгізуші : Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!


«Үй алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей ақыл айтып өнегелі сөз сөйлейтіндей қарттарымыз көп болсын. «Ақсақалы бар ауыл адаспайды» дегендей құрметті аталар мен әжелер,сіздер барда немерелеріңіз өте бақытты деп ойлаймын. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Әрдайым орындарыңыз осындай төр болсын, немеренің қызығына тоймай аман отырыңыз! Келесі кездескенше аман сау болыңыз
























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!