400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты:«Рәміздерім елдігімнің белгісі» 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиесі арқылы ел рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:сынып сағаты

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ»

Күні: 28.01.2019ж

Мұғалімнің есімі:Бекебаева Ұ

Сынып: 4 «Д»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабықтың тақырыбы: .«Рәміздерім елдігімнің белгісі»

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

оқушыларды Отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиесі арқылы ел рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша ойлау, сөйлесу дағдыларын дамыту.Оқушылардың басым бөлігі: .Өз пікірін ашық айта білу Кейбір оқушылар : 3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру

Тілдік мақсат

Оқушылардың тілдерін, шығармашылықтарын дамыту


Негізгі сөздер мен тіркестер: Ту,елтаңба,әңұран,сыйластық,кішіпейілділік,қамқорлық,достық.

Бағалау критерийі

адамгершілік тәрбиесі арқылы ел рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлейді.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Құндылықтарды дарыту

Татулыққа тәрбиелеу .Қайырымдылыққа, адамгершілікке.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану

Слайд көрсету

Алдыңғы оқылым


Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар:

Сабақтың басы:

10мин


Барысы: 
Қызығушылығын ояту.

Барысы: Оқушылар шеңбер айналып тұрғаннан кейін, мұғалім оқыған мәтін бойынша әрбір оқушы өз қалауынша мәтінді қимылмен бейнелейді.

“Қазақстан Республикасы – кең байтақ, тәуелсіз мемлекет. Әрбір мемлекеттің төл белгі – рәміздері бар. Біздің рәміздеріміз – көкте желбіреген көк ту, алып таңба және асқақтаған әнұранымыз”.

Мағынаны тану. Жер бетінде мемлекет атаулының қай-қайсысында да мемлекеттік белгілері – рәміздері бар. Рәміздер дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сырт таңба, эстетикалық категория, шартты белгі.

Мысалы: ақ көгершін – бейбітшілік символы. Тәуелсіз елдің елдігін, еркіндігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран.

Ендеше бүгінгі сайысымыздын басты мақсаты – Ел рәміздері туралы не білеміз, не білу керек деген сұрақтарға жауап табу. Ендеше сайысымызды бастайық.






Сабақтың

ортасы:

20 мин

Жаңа сабақ.

1-бөлім: «Тарих толқынында».

Әр топ үш белгі жасырылған картаны суырады. Үй тапсырмасы бойынша өздеріне түскен рәміздер тарихынан не білеміз? Қазақ тарихында қандай белгілер болған?

Таңба: Қазір кең қолданып жүрген «герб» деген термин немістің «Ербо» деген сөзінен шыққан екен. Ал дәл осы ұғымды өз тіліміздегі «Таңба» деген сөз анық жеткізді. Ол осыдан бірнеше ғасыр бұрын көне Түркі қағандығында дүниеге келген. Білімпаз М.Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде «Таңба» сөзіне «ел билеушілердің ерекше белгілері» деген мағына береді. Бұл сөзді бергі 17-ғасырға дейін орыс князьдары да пайдаланған. Ту: Таңба белгілердің ең ертеден келе жатқандарының бірі – тулар, жалаулар. Ту – матадан жасалған белгі. Туды адамдар ертеден-ақ пайдаланған. Тіпті ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің де сол кезге лайық тулары болған. Келе-келе ту жасау ісі жетіле түскен. Оның ұзындығы бір метрден алты метрге дейін жеткен. Матадан жасалған тулар бұдан үш мың жылдай бұрын алғаш рет қытайлықтар мен үндістерде болған деген пікір бар. Шындығында, ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда қазақ жеріндегі жартастарда салынған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге жеткен Жәнібек пен Керей, Қасым хан мен Емім хан, Тәуке хан, Әбілхайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған батырларымыздың қай-қайсысының да өз байрағы болғаны тарихтан мәлім.

Әнұран: Гимн – ежелгі грек тілінен енген сөз. Әрбір мемлекеттің өз гимні - Әнұраны болды. Елтаңба және мемлекеттің туымен бірге ел тәуелсіздігін білдіретін ең басты рәміз - Әнұран. Тарихы ежелгі дәуірден басталады. Патшалар жауын жеңіп еліне оралған кезде олардың құрметіне арналып салтанатты мадақтау әні орындалатын болған.

2-бөлім. «Мұны әркім білуі тиіс». Қай топ жауапты тез білсе, сол топ бірінші жауап беріп, ұпай алады.

1. Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылым қалай аталады? (Геральдика)

2. Мемлекеттік рәміздер жобасы қандай әдіспен таңдалды? (Байқау)

3. Гимнді грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (Ұран, ұран салу)

4. Мемлекеттік ту қай жылы қабылданды? (1992 жылы)

5. Алматы қаласының бас суретшісі, Чехословакияда өткізілген халыхаралық дизайнерлер байқауының бас жүлдегері, мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков)

6. Ең көне гимн қай елде? (Жапонияда)

7. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы Мәлімбеков ненің авторы? (Елтаңбаның)

8. Әнұран авторы Н.Назарбаевтың қандай әндері бар? («Үшқоңыр», «Менің елім»)

9. «Балауса», «Жарық пен жылу»,«Мезгіл әуендері», «Ақ шағыл», т.б. кітаптарының авторы Жұмекеннің толық аты-жөні? (Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов)

3-бөлім. «Сөзжұмбақ сыры». Берілген 4 минут ішінде әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешеді.

4-бөлім. «Рәміздер сөйлейді». Әр топ өз рәміздері рөлінде сөйлейді.

5-бөлім. «Рәміздерім – егемендік нышаны». Әр топқа беріген рәміздер тарихынан жабық тестімен жұмыс.

1. Мемлекеттік тудың өлшемі: Ұзындығы ... метр, ені ... метр. (2; 1)

2. Мемлекеттік ту ұдайы ілінетін жерлер: (ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктердің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де атқарушы органдардың, Елбасында тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ҚР Конституциялық Кеңестің, ҚР Жоғарғы Сотының, конституциялық мекемелер ғимаратында үнемі ілінеді)

3. Мемлекеттік рәміздердің тұсаукесер салтанаты Абай атындағы опера және балет театрының әсем ғимаратында ... жылы ... айының ... күні өтті. (1992 жылы 6 маусым)


кесте











Сабақтың соңы: 10мин

Қорытындылау.

Бағалау


Кері байланыс

Жүректен жүрекке..

Стикер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Барлық оқушылар:рәміздердің авторларын біледі Оқушылардың басым бөлігі: рәміздерд іқұрметтеу,қастерлау туралы пікірлері қалыптасады.

.Кейбір оқушылар: Өз пікірін ашық айта алады.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспар

лап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі