Материалдар / Сынып сағаты;"Туым – намыс, ұраным – бірлік, рәміздерім – мақтанышым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты;"Туым – намыс, ұраным – бірлік, рәміздерім – мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл "Туым – намыс, ұраным – бірлік, рәміздерім – мақтанышым" атты сынып сағаты сынып жетекшілеріне,тіл мұғалімдеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
2461
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туым – намыс, ұраным – бірлік, рәміздерім – мақтанышым.

Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Тәуелсіздік күніне байланысты газет, шарлар, ұлттық киімдер. Сурет көрмесі, Қ.Р. рәміздері.

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қ.Р. Әнұраны айтылады.

Жүргізушілер: Бастаймыз ба?

- Нені?

- Тәуелсіздік күніне арналған сағатымызды.

- Бастасақ бастайық.

- Алдымен амандасуды ұмытып кетпейік.

- Жоқ, біз еш уақытта амандасуды ұмытпаймыз.

- Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!

- Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

- Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 27 жыл уақыт болыпты.

1-оқушы: Біз қазақ мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Басымыздан құт-береке кетпесін деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзасына үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Достықты сақтай білген елміз,

Дәм-тұзды ақтай білген елміз – деп мына мен сияқты ата-бабалардың еліміздің еркіндігін ұрандап өткен, осыны ұмытпаңдар, ұрпақтарым!

2-оқушы: Тіршіліктің асылы мен жасығын таразылайтын тарихқа зер салсақ, 20 ғасырдың біздің халқымызға сыйлаған ғаламат оқиғасы – Мемлекеттің Тәуелсіздігі.

3-оқушы: Тәуелсіздік – достығымыз,

Тәуелсіздік – ел бірлігі,

Тәуелсіздік – ертеңіміз,

Ұрпақтармен жалғасатын.

Тәуелсіздік – ата жолы,

Болашаққа нық басқан.

4-оқушы: Сол бабалар рухы арқылы ғана елімізді, жерімізді сүйіп өсетін азамат болып өсетініміз сөзсіз емес пе?

3-оқушы: Иә, сөзсіз.

4-оқушы: Біз қазақпыз!

Есігі ашық, төрі кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен.

Жетер енді желпінейік қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

5-оқушы: Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері.

Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар,

Болғандай бірі батыр, бірі сері.

Әз бабам азаматтықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңлақ шаһит шеккен.

Солардың құдіретті ой-арманы.

Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.

6-оқушы: Тәуелсіздік деген тәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемде соңғы 13 жылдың ішінде тәуелсіздік туын биік ұстап, алға басқан ел – Қазақстан.

7-оқушы: Ата-бабамыз өткен жолға біраз шолу жасап қарасақ, төзімді де, қайратты, не деген батыр да, батыл менің елім.

8-оқушы: Батырлықтың уызына жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта.

Кім айта алар болмаған деп әнұран.

9-оқушы: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран, ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздары жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған. Әскери ұрандар қатарында «Елім–ай» әнінің әуені халықтың әнұранына айналып кетті.

Ән. «Елім-ай». Көрініс.

2-оқушы: Қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп әлемге жар салған Әнұранның әнін жазған авторлары, сөзін жазған ақындар (суреттері көрсетіледі).

4-оқушы: Қ.Р–ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар екенін жазған.

10-оқушы. Иә, бәрі болған қараң сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

- Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ал тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздеріңізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Орда басында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

Көрініс. «Ту табыстау»

2-оқушы: 1992 ж. 4 маусым – тарихи күн. Сол кезде Республика жоғары Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 ж маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.

11-оқушы: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.

10-оқушы: Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба.

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып кеткен Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

7-оқушы: Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді.

12-оқушы: Мемлекеттік Елтаңбаның негізіне шаңырақ алынған.....

Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы тиіс.....

Қорытынды бөлім:

4-оқушы: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!

9-оқушы: Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Бәрі: Тәуелсіздік туын биік ұстап, мемлекетіміздің рәміздерін әрқашан мақтан ете білейік!

«Менің Қазақстаным» әні.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!