Материалдар / сынып сағаты:«Зиянды заттардың зардабы» 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сынып сағаты:«Зиянды заттардың зардабы» 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға зиянды заттар туралы мәлімет беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
4353
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сарыоба орта мектебі»














\















Сынып жетекшісі: Хавсейт Айжан







2017-2018 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Зиянды заттардың зардабы»

Кешіміздің мақсаты- «Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. (Кешіміздің тақырыбына байланысты медбике Гүлжиян Жумабекқызы және дене шынықтыру мұғалімі Мурат Қоянбекұлы келіп отыр).

Әдісі: Әңігіме.

Көрнекілігі: Қажетті әдебиеттер, буклет.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған темекі, арақ, есірткі ауруларына қарсы ұйымдастырылған «Зиянды заттарды зардабы» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.

Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?

ІІ бөлім. Таныстыру.

Келесі кезекте біздің медбикеміз Гүлжиян Жумабекқызына сұрақ қойғым келеді. Елімізде нашақорлықтың жылдан-жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес.

Гүлжиян Жумабекқызының ұстанымы: «Ауырмаңдар, ауырсаңдар тіркелуден қорықпаңдар».

- «Анашаның» зияны туралы айтып берсеңіз және болашақта мұндай індетке мойынсынбауға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

- Сұрағыңыз орынды. Анашаның Қазақстанда және басқа елдерге таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы – бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген. ХХ-ХХІ ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адам мидағы есте сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адамның  тез көріксізденуі. Ағзаның дамуы тоқталады. Ешқашан, анашаға, шылымға, ішімдікке әуес болмаңдар.

- Сауалыңызға рахмет.

Сабағымыздың келесі қонағы мектептің дене шынықтыру мұғалімі Мурат Қоянбекович.

Мурат Қоянбековичтің ұстанымы: «Болашақтың қамы үшін аулақ бол жастар кеселден».

- Темекінің толып жатқан зияны ішімдіктің ағзаға, жүйке-жүйесіне көптеген зиянды жақтарын біле тұра жасөспірімдердің алкоголь мен темекіге әуестігі өте жоғары. Себебі бізде балалар бір-біріне еліктеушілігі, бір-бірінен қалыспаушылық салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарын улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына көптеп шалынады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп.

- Жауабыңызға рахмет.

Мұғалім: Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен.Этиль спирті сырада 5-7%6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа.

Осы тақырыпты аша түсу үшін мектептің тәлімгері Айханым Адильханқызын ойбөліске шақырамыз.

Айханым Адильханқызының ұстанымы: «Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып ішеді».

- Темекі, есірткі, алкогольдің зардаптары туралы нақты мысалы келтіріңіз?

- Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.

- Рахмет

- Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен. Жастар арасында наша пайдалану туралы мектеп оқушыларын сөзге тартып көрелік. Ол үшін мектептің 6 сынып оқушысы Заңғарды ой бөлісуге шақырайық.

Заңғардың ұстанымы: «Кітап, журнал, газет оқимын, ән айтып, би билеймін, уақытты бос өткізбеймін».

- Заңғар, өзіңнің қаладағы дос-жарандарыңмен, құрдастарынмен бір кеште отырсың делік. Саған жан досың нашаны шегіп көруге ұсыныс жасады.Сіздің әрекетіңіз қалай болмақ?

- Жоқ мен ондай әрекеттерден бойымды аулақ ұстаймын.

- Ежелгі Мысырда арақты құлдар ғана ішкен екен.

Менің ұстанымым: «Салауатты мақсатым өмір сүру, өмірдің мағынасын аша білу».

- Темекі туралы жалпы мағлұмат.

Құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан шылым жасалады.Темекінің елі Америка болып табылады. Американы ашқаннан кейін темекі Еуропада кең таралады. Темекінің ішінде ең көп мөлшерде никотин алколоиді болады. Никотин улы зат болғандықтан медицинада қолданылмайды және дәрі болып та саналмайды.Бір қорап темекінің құрамындағы никотинді адамға инемен шаншыса, адам өліп кетеді.

Темекінің зияндары.

Мидың қатерлі ісік ауруларының 99 , миға қан құйылу ауруының 85-, өкпенің қатерлі ісік ауруының 90-ы, тамақтың қатерлі ісік ауруының 99-нан темекі себеп болады. Темекінің салдарынан өмірімен қоштасқан адамдардың саны есірткі өліміне қарағанда 13 есе көп.

Есірткі қолданудың себептері.

Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілдікпен қарау.

Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.

Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.

Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.

Сән: Айналамыздағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай. Жастардың қауіп қатерді жақсы көруі, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, иманның әлсіздігі, жоқшылықтың өзін-өзі өлтіруге итермелеуі негізгі себептер болады.

Темекі түтіні адам ағзасына зиян. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100м жүгінгеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.

- Байырғы Қытай императорларға маскүнемдікке басұрғандарды өлім жазасына кескен екен.

- Ежелгі римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған екен.

- Ресейде І Петр тұсында арақ ішкен адамдардың мойына 17 фунт келетін медаль тағып қойған.

Адам үнемі шылым тартуға әуес болады. Осы орайда айта керерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидын белсенділігін төмендетеді.Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен оттегінін келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез бұзады.Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатады екен. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында смола жинайды екен.

- Ал енді оқушылар жауап берсін. «Ситуациялық» жағдай:1) Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартаныны жайлы түсіндіру қажет. 2) Сіздің қол астыңыздағы қызметкеріңіз күнде спирттік ішімдік ішетіндіктен өз жұмысын орындай алмайды, себебі ол түскі үзіліс кезінде де ішеді. Ол жаңа ғана түскі үзілістен ішіп келіп тұр. Сол кезде не істейсіз.


ІІІ бөлім. Ой-бөліс.

Қазіргі кезде шетел сериалдарын қарап отырсақ, үстелдің үстінде тамаққа қоса шарапта тұрады. Сондай-ақ адамда жылыну үшін де арақ ішіп жатады. Сонда алкоголь тамаққа тәбетті ашып, асқазан қорытуына өз септігін тигізе ме, әлде жылуына да септігі бар ма?

Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымы бұзу үшін бір дана темекі жетіп жатыр. Бүкіл дүниежүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан күнінен 10 мың немесе жылына 3,5 млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3,2 млн, яғни 33% адам темекі тартады. Соңғы 3-4 жылда темекі тартқандар саны 7,8% төмендеген.

Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны – 40505, тіркелгені қаншама. Олардың 1927 кәмелетке толмағандар болса, 4420 әйелдер.

ІV бөлім Қорытынды.

Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан көріп жүрсіздер.

Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін біле ме? Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген болар деп ойлаймын. Құрметті оқушылар, ал енді сұрақтарға жауап берсеңіз

  1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай?(отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы.)

  2. Құрамында спирті бар. Ол не?(ішімдік).

  3. Темекі құрамындағы улы зат?(никотин).

  4. СПИД неліктен қорқынышты?(ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ).

  5. Салауаттылық сөзінің негезгі мағынасы? (Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, сабырлы).

  6. СПИД нашақорларға қалай жұғады?(ортақ пайдаланған ине арқылы).

  7. Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні ?(1желтоқсан).

  8. Шылымның зияны тиетін мүше?(өкпе).

қорытынды пікірлеріңізді тыңдайық.

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Міне, балалар адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие жолында қажет болса үзіп берер шәірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер. Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!