400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып ұжымын жұмылдыруға арналған тренинг. 7-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтары пайдалануға арналған. Сыныптағы оқшауланған оқушыны сынып ұжымына жұмылдыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО, Семей қаласы, № 38 мектеп-лицей

педагог-психолог М.С. Шакиртова


Сынып ұжымын жұмылдыруға арналған тренинг-сабақ

Мақсаты:

  • сынып ұжымын жұмылдыру;

  • жағымды психологиялық климат тудыру, жеке бас аралық қатынастағы кедергілерді жеңу, коммуникативті дағдыларды дамыту.

Қажетті жабдықтар: қаламдар, оқушылардың есімдері жазылған парақтар, сабаққа арналған презентация.

Тренинг қатысушылары шеңбер болып отырады.

Психолог. Біздің тренингте біз сыныбымыз туралы сөйлесеміз. Біздің сыныбымыз қандай? Сыныптастарымыз қандай? Ең алдымен тренинг ережелерін еске түсірейік. Оқушылар ережелерді айтады. Психолог тренинг ережелері жазылған слайдты көрсетеді.

Жаттығу. «Біз бір-бірімізге ұқсаймыз...»

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады. Сыртқы шеңбердегі оқушылар қарама-қарсы тұрған оқушымен ұқсастығын айтады. Ал ішкі шеңбердегі тұрған қатысушы айырмашылығын. Барлық оқушылар ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып болғанша жаттығу жалғасады.

Рефлексия – ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айтқанда қиналдыңдар ма?

Жаттығу «Салфетка»

Қатысушыларға салфетка таратылады. Психологтың нұсқауы бойынша қатысушылар салфетканы бүктеп, екі жақ шетін жыртады. Содан кейін ашқанда оқушылар ұқсас салфеткаларды іздейді.

Жаттығу «Орыныңды ауыстыр...»

Қатысушылар психологтың бұйрығы бойынша орындарың ауыстырады. Мысалы: «Кімнің бойы 140 см, орыныңды ауыстыр?», «Балмұздақ жақсы көретіндер, орыныңды ауыстыр?» және т.б.

Қатысушылар шеңбер болып отырады. Бір қатысушы артық. Бос орынға отыра қалу керек.

Психолог өзіміз әртүрлі болсақ та, қызығушылықтарымыз ұқсас екенін айтады.

Жаттығу «Екі суретші»

Қатысушылар жұппен бөлініп, «мысық, күн, үйдің» суретін салады. Мақсаты: оқушыларды бір-бірімен өзара түсінушілігін зерттеу және арттыру.

Жаттығу «Балдырлар»

Қатысушылар 8 оқушыдан бөлініп, шеңбер болып тұрады. Ортасына бір оқушы балдыр болып тұрады. Оқушы басқа қатысушыларға балдыр тәріздес болып құлау керек. Бұл жаттығу өзара сенімді қатынасты орнатуға арналған.

Рефлексия. Еркін микрофон

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

  • Нені түсіндіңдер?

  • Сынып ұйымшыл болған дұрыс па?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қазан
1072
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі