Сыныпқа жылдық тәрбие жұмыс есебінің үлгісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныпқа жылдық тәрбие жұмыс есебінің үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиенің 8 бағыты бойынша Жылдық тәрбие жұмысының есебінің үлгісі ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алғабас ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сынып оқушыларына жүргізілген жылдық тәрбие жұмысының есебі

2020-2021 оқу жылы


Сыныптағы тәрбие жұмысының мақсаты: Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру

Сапалық құрамы:

2020-2021 оқу жылын 24 оқушы аяқтады. Оның 11 қыз бала, 13 ұл бала

Тұрмыстық жағдайы.

Сыныптың тұрмыстық жағдайы жақсы.

Сыныпты толық емес жанұя қатарындағы оқушы – Молдағалиева Айкерім, Бержанова Әсемгүл, Жасуланова Дильназ. Көп балалы жанұядан шыққан оқушы –Ануарбеков Асар, Ишанова Аружан, Қабдолла Иброһим, Мир Бекарыс, Нұрмантай Ақерке, Сақасов Нұрбек, Сатым Мансұр, Тәлішев Мерей, Уалиоллина Дамира, Шәку Қажымұқан, Хамидуллин Айдос.

Сынып оқушылары мектеп жанынан ыстық тамақпен күнделікті қамтылған және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушы аудандық жаңа жылдық кешіне қатысып, жаңа жылдық сыйлық табыс етілді.

Сыныпқа мінездеме.

Сынып ұжым болып қалыптасқан, ұйымшыл, бір – бірімен достық қарым –қатынаста. Сынып оқушыларының тәртібі орташа, тазалығы жақсы. Сыныптағы, мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын оқушылар: Әбілтай Таңшолпан, Молдағалиева Айкерім, Ерғалиева Раниса, Нұрмантай Ақерке, Төлеуов Мейрамбек, Уаллиолина Дамира. Сыныпта қыздар да, ұлдар да ашық мінезді, өз ойларын еркін жеткізе алады. Сынып белсенділері жыл басында сайланып, өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарды.

Жетістіктері.

  1. Уалиолина Дамира "Дарын" орталығының қашықтықтан "Жас полиглот" сайысының жүлдегері, 3-орын;

  2. Жасуланова Дильназ "Қазақстан - Түркия достық және бауырластық нышаны" атты мектеп және колледж аралық ХV дәстүрлі олимпиадысының 10 % жеңілдік жүлдегері;

  3. Жасуланова Дильназ "Я-потомок Абая" дистанционный республиканский конкурс, 2-орын;

  4. Сақасов Нұрбек аудандық "Еркін күрес" жарысының жүлдегері;

  5. Тілегенов Оңғар аудандық "Еркін күрес" жарысының жүлдегері;

  6. Қабдолла Иброһим аудандық "Еркін күрес" жарысының жүлдегері;

  7. Нұрманатй Ақерке мектепішілік "Абай оқулары" мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері, 2-орын;

  8. Әбілтай Таңшолпан мектепішілік "Абай оқулары" мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері, 2-орын;

Тәрбие жұмысы.

Сыныппен біріге әртүрлі шаралар жүргізілді. Аптасына жоспарға сай тәрбие шарасы өтіледі. Барлық ата –аналармен қатым – қатынас жасалып, оқушылардың тәртібі, үлгерімі, мектеп ережесін, оқушы формасын сақталуы туралы үнемі хабардар етіп отырамын. Әр оқушының күнделік жүргізуі, оқу құралдарының ұсталуы уақытылы тексеріліп отырылады.Тәрбие мен білім егіз ұғым сондықтанда болашақта сапалы білім мен саналы тәрбие беруге әлі де жұмыстанамын.

І. Патриоттық сананы қалыптастыру, азаматтық , құқықтық тәрбие бағыты бойынша өткізілген іс – шаралар:

Нәтижесі: «Мен елімнің ертеңімін», «Елбасы -ел мерейі», «Тәуелсіздік- мақтанышым», «Алаш ардақтылары», «Репрессия саясаты», т.б. мақаласы аясында тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары оздырылды. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты, балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларды өз Отанының шын жанашары етіп қалыптастыру мақсаты оң нәтижесіне берді. Азаматтық және құқықтық тәрбие бағыты бойынша «Менің құқытарым – менің міндеттерім», «Төл теңге байлығымыз», «Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері» т.б. тәрбие сағаттары мен сынып сағаттарының мақсаты жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру мақсаты оң нәтижесіне берді.

ІІ. Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша өткізілген шаралар:

Нәтижесі: «Ана тілім - асылым», «Қарттарым - қазынам» немесе «Татулық табылмас байлық», «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» т.б. тақырыптарды қамтыған тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру мақсатында оздырылып, оқушылардың рухани – адамгершілік тұрғыда жетілулеріне оң нәтиже берді.

ІІI. Ұлттық тәрбие бойынша өткізілген шаралар:

Нәтижесі: «Жеті атаңды білу парыз», «Имандылық – асыл қасиет», «Наурыз – құт береке бастауы», т.б. атты тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлауды көздеген тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары оқушыларды көпшіл де кеңпейілді болып қалыптасуларына зор ықпал етті.

ІV. Отбасы тәрбиесі бойынша өткізілген шаралар:

Нәтижесі: «Отбасы шежіресін құрастыру», «Отбасы - тәрбиенің қайнар көзі» т.б. атты тұлғаны отбасы мүшелерін және отбасы құндылықтарын құрметтеуге бағдарлауды көздеген тәрбие сағаттары өткізілді.

V. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша өткізілген шаралар:

Нәтижесі: «Әлемнің әміршісі - еңбек», «Алтын күз», туған жерге саяхат, ғылыми жобалар т.б. экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстарды жүргізгенде, оқушы бойында жетіспейтін құнды қасиеттердің бірі – «экологиялық сана» мен экономикалық түсінік қалыптасып, болашақта бәсекеге қабілетті, мәдениетті ұрпақ, жеке тұлға дами түсті.

VI. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша өткізілген шаралар:

Нәтижесі: «Кім миллионер болады?», «Эрудит». «Кім тапқыр?» атты тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарынджылығын, ақпараттық өзара іс-қимылдағы этикалық нормалар мен құндылық ұстанымдарын жандандыру мақсатында зияткерлік шаралар өткізілді.

VII. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие  бойынша өткізілген шаралар:

Нәтижесі: Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша оқушылардың әстетикалық талғамын дарыту  және әсемдікке қызушылығын  арттыру мақсатында  жоспарға сәйкес «Алтын күз», Жаңа жыл мерекесі, КТА жарысы өткізілді.

VІІІ. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша өткізілген шаралар:

Нәтижесі: «Компьютерлік ойындар, сәндік гаджеттер - адам денсаулығына зиян келтіреді немесе өмірдің ағымынан қалдырмайды», «Жүргіншілер қауіпсіздігі», «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлт денсаулығын сақтау» тақырыбында тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары оздырылды. Шара барысында ауылдық аурухана дәрігерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, мектеп медбикесі дәрістер оқыды. Нәтижесінде оқушылар қалай тамақтану жолдарын ұғынып, салауатты өмір салтын ұстануды қолдады.

8 бағыт бойынша жыл бойы жұмыстар жүргізіліп, қорытындысы шығарылып отырылды. Экологиялық тәрбие, туристік-өлкетану бағыты бойынша, Ұлттық тәрбие бойынша, Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша, Салауатты өмір салты бағыты бойынша, Патриоттық сананы қалыптастыру бағыты бойынша өткізілген іс – шаралар оқушылардың қалыптасуына зор ықпал етті. Аталған бағыттар оқушыларға жеткілікті дәрежеде түсінікті болып, осы бағыттарда өздерін жан-жақты қырларынан көрсете білді.

Құқықтық тәрбие бағыты, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, оқушылар өмірінің қауіпсіздігі бағыты бойынша өткізілген шаралар барысында оқушылардың бойынан әлі де жұмыстану қажеттілігін аңғардым. Себебі көптеген оқушылар өз құқықтарын біліңкіремей қалып жатырса, кей – кездерде өмір қауіпсіздіктеріне қатер тудыратын әрекеттерге жол беріп жатады. Енді енгелі тұрған жас ұрпаққа бұл бағытта көбірек айтылып, осы бағыттарда жұмыстар одан әрі жандана түсіруді алға мақсат етіп қоюды көздеп отырмын.

Сонымен қатар "Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі" бағытында шаралар өткізілді: "Жол жүру ережесін білеміз бе?" сауалнама, "Жол тәртібі-өмір қауіпсіздігі" тақырыбында тәрбие сағаты,"Өрт қауіпсіздігі ережелері»" тәрбие сағаты, «Оттан сақтан!»өртке қарсы сақтық шаралары сынып жиналыстарында өткізіліп, ақпараттар жазылды.

Ата-анамен өткізілген шаралар:

Жыл бойына ата – аналармен 4 рет жоспарлы ұйымдастырылған жиналыс және 2 рет кезектен тыс ата-аналар жиналысы оздырылды. Жоспарлы ұйымдастырылған жиналыстарда оқушылар білімі мен тәртібі қозғалып, осы бағыттарды жетілдіру мақсатында жүйелі біріккен жұмыстар жүргізілді. Онда эмоцияға берілмей, сезімді тежеу жолдарын түсіндіре отырып, бала тәрбиесіне парасаттылықпен, байыппен келу жолдары түсіндіріліп, әкенің отбасындағы беделі туралы айта отырып, бала тәрбиесіндегі ата - ананың ролінің маңыздылығын ашу, ана тәрбиесінің риясыз сүйіспеншілігі қарастырылды. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұнының мақсат – міндеттері таныстырылып, оқушыларды жаңа білім мазмұнына бағыттау туралы талқылаулар жүргізілді.

Сыныптың сабақ үлгерімі.

2020-2021 оқу жылын 24 оқушы аяқтадық. Озат оқушы: жоқ. Оқу екпінділері: Уалиоллина Дамира, Айғабыл Дильназ, Әбілтай Таңшолпан, Ерғалиева Раниса, Нұрмантай Ақерке, Сансызбаев Ақберен, Сақасов Нұрбек, Бержанова Әсемгүл, Жасуланова Дильназ, Молдағалиева Айкерім, Тохсанбай Тұрар, Төлеуов Мейрамбек . Білім сапасы: 50%, оқу үлгерімі: 100%

Қорытынды.

Жалпы сынып ұжымында достық қатынас жақсы. Әрқайсысыда өз ойларын еркін жеткізе алады. Қандай тапсырма берілсе де жауапкершілікпен орындайды. Алдағы уақытта осы оқушылармен әлі де болса тәрбиелік шаралар өткізіп, тәрбиелік деңгейлігін жоғары дәрежеде болуы үшін жұмыстанатын боламын.

Сынып жетекші: Асқарова Айнамкөз Ермекқызы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2024
336
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі