400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныпқа мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныпқа мінездеме жазу үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

С Ы Н Ы П Қ А М І Н Е З Д Е М Е

(2023-2024 оқу жылы , І-нші жж)



Алғабас жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «ә» сыныбында 15 оқушы бар. Оның ішінде 7 ұл бала, 8 қыз бала.

Жалпы сыныптың әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Денсаулықтары – бірқалыпты.

Сынып оқушыларының ынтасы жақсы, оқуға деген көзқарасы бірқалыпты, I-нші тоқсан бойынша сыныптың орташа баллы 4.12%, пәндер бойынша жалпы білім сапасы - 81,21 % , пән бойынша жалпы ОБД - 69,43 % , сыныптың жалпы үлгерімі -100 % , сыныптың жалпы білім сапасы -66,67 % ,оқу озаттарының саны – 3, оқу екпінділерінің саны – 7 , орташа оқитын оқушылар – 5.Ал ІІ-нші тоқсанға келетін болсақ , сыныптың орташа баллы -4.12%, пәндер бойынша жалпы білім сапасы – 80,89 % , пән бойынша жалпы ОБД - 69,21 % , сыныптың жалпы үлгерімі -100 % , сыныптың жалпы білім сапасы -66,67 % оқу озаттарының саны – 3, оқу екпінділерінің саны – 8, орташа оқитын оқушы саны - 4.

Оқушылар мектепішілік және сыныптан тыс шараларға белсене қатысады, дегенмен де ешқандай шараларға мүлдем қатыспайтын оқушылар да кездеседі. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады, сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады.

Сыныптағы жалпы тәртіп – орташа. Үнемі сынып жетекшінің қадағалауын талап етеді.

Оқушылардың еңбекке деген көзқарасы жақсы қалыптасқан, көптеген оқушылар қол еңбегіне бейім.

Сынып оқушыларының эстетикалық жағдайы жақсы, барлық оқушылар мектеп формасын сақтайды, үнемі таза жүреді. Музыкаға, театрға, ән-биге қызығушылықтары бар.

Оқушылардың спортқа қызығушылығы басым, салауатты өмір салтын ұстанады, зиянды әдеттерден аулақ. Волейбол және футбол үйірмелеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушылар да бар.

Сынып белсенділері өздеріне тапсырылған жұмысты тиянақты орындайды. Сынып басшысы Жанбулат Гүлайхан үнемі сынып оқушыларын түгендеп, кезекшілік қызметін қадағалап отырады. Тәрбие сағаттарын және мектепішілік шараларда оқушыларды ұйымдастырып, сынып жетекшісіне үнемі қолғабыс жасайтын белсенді оқушылар бар. Олар Жанбулат Г , Шапағат И, Бекбулат С , Аяпберген К , Мирам Н , Сарсенбай Е сынды оқушылар.

Сынып оқушыларының басқа сыныптармен қарым-қатынасы жақсы. Алдағы мақсатымыз сынып ішіндегі ұйымшылдықты жандандырып, оқушылардың білім сапасын көтеру, мектеп өміріндегі барлық шараларға белсенділікпен қатысу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
25 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
3297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі