жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тас шара "Қош бол, құтты Әліппем!"
Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың әріптерді, дыбысты меңгергенін тексеру. Создік қорын молайту, тілін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Білімге шақыру, өнерге баулу. Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Қош бол, құтты, Әліпппем! жазылған сөздер, безендірулер, әріптер.
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздерді 1 «Е» сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы Қош бол, құтты Әліппем атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі 1 « Е» сынып бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.
Ғылымменен ұласқан
Әліппе кітап тіл ашқан
Жас балаға нұр шашқан
Бар білімнің бастауы
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және сүйікті шәкірттерім сіздерді бар ғылымның беташары болған әліппені табысты аяқтау, барлық әріптердің таңбасын толық тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз.Әліппемен қоштасу мерекесі әрбір бүлдіршін үшін үлкен мереке. Олардың тұңғыш рет қолдарына ұстап бетін ашқан кітабы «Әліппе» Бұл кітап бүкіл ғылымын дүниесінің алғашқы жолы білімге бастайтын сара жол. Себебі мектеп білім ордасы. Білімді болу үшін оқу, тәрбие, өнеге,тіл, ізденіс, талап қажет. Балалардың әріптер танып, сөз ойлап, сөйлем құрау, сандарды танып, есептер шығарып, әдемі жазуды үйренді. Сонымен бүгінгі Қош бол, құтты Әліппем атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Мектебіміздің директоры Досов Болат Бексиықұлына сөз кезегін береміз.
Мұғалім: Балалар мен сіздерге бір жұмбақ жасырамын.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушы : Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті әліппе
Олай болса, «Ғажайып білім әлемінің» атасы Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен : Әліппе, Әліппе, әліппе!
Әліппе балалардың өнерін тамашалауға қош келдіңіз!
Сәлем, балалар?
Сәлеметсізбе Әліппе?
Әліппені бітірді баларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып – оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын,
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін , еңбекқор, мықты болсын!
Олай болса, әліппеден не үйрендік? не білдік? ортаға салайық. Әріптерді сөйлетейік.
Нұрлыбек «А» деген - ана ғой,
Ана деген дана ғой
Нұрбол « О» дегенім – орман ғой,
Орманыма қорған ғой
Махмут Кекілік – ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп,
Әсем «Г» дегенім – гүл деймін,
Гүлге теңеу іздеймін.
Аружан « И» дегенім – иісі,
Жемістің бар түр, түсі
Жұлдызай Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды
Гүлжайна Әр үйде бір қақпа бар,
«П» – аумаған тап солар
Ерасыл «Н» әрпінде – екі тіреу,
Ортасында бақыш біреу
Камшат «Ш» әрпін айтсақ жасырмай,
Үш аша айыр басындай
Мейрам Қырларда құр - деші,
Жайылып жүр - деші
Ал енді өзің – ақ
Р- р- р – р деші
Динара «В» дегенім - витамин,
Витамин көп жемісте,
Витамин ғой жеміс же.
Жарқынай « Д» дегенім – долана
Долана өсер далада
Нұрболат Өрікте сөздің басында,
Бөрікте Б- ның қасында
« Ө »әріпін көріңдер
Шыңғыс Елге есті ел керек
Ержет өсіп ертерек
Жамила «Б» - дегені бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Әсен Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр,
Жау, егіннің көгі өссін!
Сұлудай бұраң құрақты,
Айдын шалқар көл өссін!
Арайлым Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы басады.
Жайна Қауырсыны құстардың,
Қызықтауға құштармын.
Камила Мен көп тердім мақтаны,
Марат мені мақтады.
Жандарбек Ыдысты саздан жасаған,
Ықылас – біздің жас маман
Нұрдәулет Ғарышкері ғалымның,
Намысты ел даламның.
Тоқтар сынды ағамның,
Ізбасары боламын.
Асхат Мен ұлумын, мінсіз сұлумын,
Жанға тимеймін, жамандықты сүймеймін.
Гүл аралап жүремін,
Көңілді өмір сүремін.
Мұғалім: Өсті міне, балаларың,
Өсті міне, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың
Ән Анаға сәлем
Мұғалім: Мен сіздерге жұмбақ қоямын.
Ертеңге есік ашатын,
Алты қырға асатын
Ертегілер елінен де
Бүгін міне, келдім мен
Бұл есіктің кілті міне,
Айтыңдаршы, бұл не?
Хормен: Білім
Сонымен әрі қарай әліппеге арналған тақпақтармен жалғастырайық.
Жайна Әліппе сенің сырласың,
Әліппе досың болады
Әріптердің бәрі де
Ойымызға қонады
Камила Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштың мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Арайлым Үйретіп жазудың да өрнектерін,
Ойымда Әліппемен тербеткенің
Зор қуаныш маған да ұстазға да
Тілін алып Әліппені сөйлеткенің
Нұрболат Әліппем менің, Әліппем,
Өшпейтін нұрлы әріптен
Есігін аштым әріптің
Өзінен кілтін алып мен
Жамила Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем
Сенің арқаң, оқи жаза білгенің,
Сауатты адам қатарына кіргенім
Хор: Рахмет, саған Әліппе!
Әліппе: Балалар, сендер менімен достасып қана қойған жоқсындар.Сонымен бірге «Математика» оқулығымен де таныстыңдар.
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Сәлеметсіз бе? Математика
Еңбек, білім мінінде
Есептейтін бәрін де
Математика пәніде
Солай емес пе, достар,
Бастаңдар енді санамалық
Кім ұшқыр да, кім ұтқыр
Оннан ірі саналық
Математика ғылымдардың атасы деген. Мен сендерге санауды есептеуді үйреттім. Сендер санауды есептеуді жақсы үйрендіңдер ма? Олай болса, балалар, 10 – ға дейін санайықшы.
Бір дегенім- бөрік,
Кисең берер көрік.
Екі дегенім – етік,
Киер сәнді етіп.
Үш дегенім – ішік,
Теріден тігіп пішіп
Төрт дегенім- тымақ,
Қысқа кисең жылы – ақ
Бес дегенім – байпақ,
Іші жылы, жайпақ
Алты дегенім - алқа,
Мойныңа тақ, қалқа
Жеті дегенім – жейде,
Көйлек деп жүр кейде
Сегіз дегенім – сеңсең,
Жылысы тонның, кисең
Тоғыз дегенім – телпек,
Бола, берме, тентек
Он дегенім – оймақ,
Жүрме босқа ойнап.
Олай болса, әрі қарай математикадан жұмбақтар шешейік.
5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айттшы сода нешеуі
Өз қолыңда қалады ( 2 )
Маратта бар 5 іні
Мираста бар 2 іні
Қоссақ 5 пен 2- ні
Неше болады шешуі ( 7 )
Табақта 5 өрік
Қолымда 4 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік ( 9 )
Екі ана
Екі анада - он бала
Есімі біреу бәрінің ( 10 )
Би Қыз жібек
Әліппе: Ал достар, бүгін сендер, ендігі менің жолымды әрі қарай жалғастыратын «Ана тілі» пәнімен танысасыңдар. Қош болыңдар.
Хормен: Таныстырған қырық екі әріппен,
Қош бол, құтты Әліппем!
Олай болса, бәріміз ана тілін ортаға шақырайық.
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Сәлеметсіз бе ? Ана тілі
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам!
-Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін!
Мұғалім: Оқимыз ба, балалар!
Оқушы: Оқимыз, оқимыз
Ана тілі: Біз, бір – бірімізбен таныстық. Айнымас дос боламыз ба?
Оқушы: Дос боламыз
Мұғалім: Қарағым оқу оқы босқа жүрме
Ойынға құр қаларсын көңіл бөлме
Жасынан оқу оқып, өнер қуған,
Жан жетпес көңілі кемеңгерге. –деп ана туралы, ұстаз туралы тақпақтарға айтайық.
Арайлым Ақ жол саған тіледім.
Қанатттары талмасын
Түлектерің самғасын
Нұрын шашқан мектебім сен
Жамила Ел жатқанда, жатпаған,
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін балаңның,
Аман – сау бол, ақ мамам
Камила Бізді үйреткен білімге жалықпастан
Рахмет ұстазым көзімді ашқан
Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы
Білімнің басқышына қадам басқан.
Көрініс: Рахмет, ата!
Ал, балалар мақал – мәтелдер білеміз ба? Қане, білетін мақалдарымызды айтайық.
Жарқынай « Сіз » деген – әдеп,
« Біз » деген - көмек
Нұрдәулет Ана алдында – құрмет,
Ата алдында - қызмет
Нұрболат Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені
Нұрлыбек Көпті сыйласаң – өзіңді сыйлағаның
Жандарбек Отан – қуат,
Отбасы – шуақ
Жамила Күш – білімде
Білім - кітапта
Ән Мұғалім ол біздің
Мұғалім Шабыт тасып, шалқысын,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Білімдеріңді сынайық – келесі кезекте жұмбақтар шешейік.
-
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады ( кітап )
2 Үлкен үйге барасың,
Үлкен білім аласың ( Мектеп )
3 Алты қырлы,
Алтын сырлы ( қарындаш )
4 Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді ( Алфавит )
Ал, балалар ойын ойнағыларың келе ме? Ойынның аты Жаңылтпашты жаңылмай айт. Менің айтқан жаңылтпашымды жаңылмай қайталауымыз керек.
-
Пеш үстінде - бес мысық,
Бес күзетші - бес пысық
-
Тау – дәу, дәу – тау
-
Бар май шайқа,
Байқа, жай шайқа
Мұғалім: Емеспе той халықтың қазынасы
Бабаның демеу болсын ақ батасы
Қастерлемей кім ата – салтын
Береке тілеп ақ әжей шашу шаша
Кеш соңында ата – аналарға сөз кезегін береміз.
Мұғалім: Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың,
Тойларыңыз құтты болсын ата – ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын,- деп бүгінгі «Қош бол, құтты Әліппем» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Қош сау, болыңыздар!
Манашы орта мектебі «ММ»
Тәрбие сағат
Тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын
Сынып: 2 «Е»
Орындаған: Тайтурова Маржан
Сәуір

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген