Материалдар / сыныптан тыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сыныптан тыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2021
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс іс шара "Ой мен ойын"

Жаманшалова Жадыра Сембаевна информатика мұғалімі

Мақсаты:Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс — әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту
Жабдықталуы: Зум бағдарламасы, тапсырмалар


І. Ұйымдастыру бөлімі.

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын» деп

Құрметті ұстаздар, оқушылар!   Бүгін ұйымдастырылып өткізгелі отырған информатика пәнінен «Ой мен ойын» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл-деп, бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырайық.

Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.


І.
Оқушыларды таныстыру

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Топтардың бәрін халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

Әр оқушыны жеке таныстыру

1.

2.

3.

4.

5.

6.


І - бөлім. «Аудармасын тап»

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
10 ұпай, шәкіртім саған несібе,

 

(Сайыскерлерге сөздер беріледі, олар 1 минут ішінде сөздің ағылшынша аудармасын табу керек . Әр тапқан сөзге 10 ұпай)

ақпарат — information

файл — file

антивирус — antivirus

программа — program

пернетақта-keyboard

электрондық кесте — electronic table

диаграмма — diagram

интерфейс — interface

 терезе — windows

компьютер — computer

желі — network

мәтін — word

кесте — table

модельдеу — modeling

себет — basket

ІІ. «Естіп қойма»

Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Жауабын анықтап берейік

Команда капитандарына құлаққап кигізіледі. Ойыншылар шапшаң барып сөзді түсіндіріп, капитандар шешімін табу керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

алгоритм

драйвер

анимация

компилятор

мұрағаттау

пиксель

операциялық  жүйе

файл

интернет

графика


ІІІ «Сөзжұмбақ»

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста — деп

(Ойыншыларға сөзжұмбақ жасырылады, жауабын табу керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай)

1 Килобайт  — 1024 байт

1 Мегабайт — 1024 Килобайт

1 Гигабайт — 1024 Мегабайт

1 Терабайт — 1024 Гигабайт

1 Петабайт — 1024 Терабайт

1Эксабайт — 1024 Пета байт

1Зеттабайт -1024 Эксабайт


IV. «Ойлап көр» (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына-деп

Иннеттер (интернет)
2.
Микфонро (микрофон)
3. Канерс (сканер)
4. Ксид (диск)
5. Просорцес (процессор)
6. Ранкэ (экран)
7. Ирусв (вирус)

1. Шынтақ (тышқан)
2. Терпинт (принтер)
3. Тезере (терезе)
4. Тайб (байт)
5. Кафлеш (флешка)
6. Репне (перне)
7. Қатта (тақта)

 

V. « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 1 ұпай беріледі.

Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

 

Жүргізуші

Осымен бұл қызықты тамамдасақ, 

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ

Үйрендік білмегенді осы жолы, 

Тағы да үйренеміз аман болсақ! 


Жетпесіңе жеткізген, 

Қызықты уақыт өткізген. 

Бар ғылымды сыйдырып, 

Білетіні көп бізден. 

Жаңалықтың жаршысы, 

Жұртты елең еткізген 

Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз. 

( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі). 








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!