400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сыныптан тыс

Материал туралы қысқаша түсінік
қыз тәрбиесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Қыз бала-ұлттың ұяты,халықтың шырайы" 

Мақсаты:

  • Қыз баланың бойына мәдениеттілік, ізеттілік, әсемдік тәрізді қасиеттерді ұялату;

  • Қыз балаға тән қасиеттерін дамыта отырып, қыз бала бойына адами қарым – қатынасты, тән мен жан сұлулығын, өзін-өзі тану күшін тереңірек сіңіру;



Қазақ халқы қыз тәрбиесіне әрдайым аса назар аударған. Қызға қырық үйден тыю салып, жүріс-тұрысын қадағалаған. Абай атамыз: «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» демекші, қыз бала тәрбиесі оның ата-анасына да байланысы бар екенін білдіріп тұрғандай. “Қызды жат жұрттық” деп  қадірлеп, қашанда шаңырақ төрінен түсірмеген. Ертеңгі барған жерінде қызға сөз келмес үшін, анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиеттерін сіңіруге тырысады. Жалпы, әрбір адамзат баласының тәрбиесі отбасынан басталатыны белгілі. Кейін мектеп қабырғасына ұласары сөзсіз. Міне, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс. Тарихымыздың сан түрлі парақтарын ақтарсақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдері туралы, жалпы аналар әлемі туралы қалам тербемеген тұлғалар сирек екен. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың қазақ қыздарына айтқан өсиет сөздері өте көп. Мәселен, «Адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам», «Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!», «Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!» «Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!».



Дана халқымыз: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана және қоғам. Сол себепті қыз баласы қашан болмасын тап-таза киініп, шашын таранып, жинақы жүруі керек. Ұлтымыз қазақ деп ұрандағанда, сол ұлттық ұранымыздың ішінде тілі, діні, салт-дәстүрі мен тарихы бірінші ойымызға келеді. Міне, қазақ ұлтын қорғаушы да, қолдаушы да біздің ұл-қыздарымыз. Сондықтан да баланы отбасындағы бесіктен бастап дұрыс тәрбие беріп, түзу жолмен жүргізейік. Уақыт қанша өзгерсе де, қалыптасқан қанымызда бар ибалылық өзгермесін





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
215
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі