Материалдар / Сыныптан тыс -іс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс -іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
1081
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны (дөңгелек үстел)
Сыныптан тыс іс- шара
Мақсаты:
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікір - сайыс
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты бейне материалдар, мультимедиа құралдары (көшіру)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Бейнебаян: « Әлеуметтік желі дегеніміз не? »
Мұғалім сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біздің өткелі отырған «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны » туралы дөңгелек үстелге қош келіпсіздер. Бүгінгі дөңгелек үстелге 8-9 сыныптарынан құралған оқушылар қатысқалы отыр.Қазір жаңа технологияның дамыған заманы.Көптеген ғалымдарымыздың пайымдауы бойынша қазіргі қоғамда жас та кәріде әлеуметтік желілерден құлы болып тұр .Қазіргі кезде бәрі әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін емес сияқты болып көрінеді.Күнден-күнге әлеуметтік желілерге жастарымыз әуестеніп баруда және де әлеуметтік желілердің түрлеріде көбею үстінде.

Мысалы айтамыз Вконтакте,Твиттер,Однаклассники,Инстаграмм,Другвакруг,Фейзбук,Имо,Ютуб,Ватсап .

Бейнебаян: «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны »

Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін оқып отырып, еріксіз таңданасың.

Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, – деп келетін жолдары бар. Өлеңін нақ бір қазіргі технологияның мүмкіндігіне тамсанып жазып отырғандай.
Рас, қазір үйде отырып-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі адаммен әп-сәтте хабарласа аласыз. Байланыстың түрі де көп. Телефонмен, интернет арқылы, тіпті бейнебайланыс арқылы өзімен тікелей сөйлесе бересіз. Бұл бүгінгі технологияның адамзатқа сыйлап отырған мүмкіндігі. «Бұрын ұялы телефон, интернет болмаған кезде адамдар қалай өмір сүрген а?!» деп таңданып қоятынымыз бар. Иә, жұмысымызды жеңілдеткен технологияның мүмкіндіктері мол. Бірақ біз олардың көлеңкелі тұсына мән бермей жүрміз.
Сөз кезегін бүгінгі сайыскерлерімізге береміз. Ендігі кезекте топ мүшелерімен таныстырып өтелік:
«Жақтаушы» тобының спикерлері: (9 сынып оқушылары)
«Даттаушы» тобының спикерлері: (8 сыныптың оқушылары

Сіздерге мынандай сұрақ көріп отырған бейне материалға қарап «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы » ой қоғзалды.Осы пікірді қолдайсыздар ма ?
Сұрақтар
1. Сендер әлеуметтік желілердің қоғамға тигізетін пайдасы көп деп айтып жатырсындар «осы әлеуметтік желілерге беріліп шынай өмірде достарынан алыстап қалады деп ойламайсыңдарма »

2. Осы әлеуметтік желілерге оқушылардың кіргені оқырман болғаны дұрыс деп ойлайсыздарма?

3.Сіздер болашақта мұғалім мамандығын таңдайтын болсаңыздар оқушыларыңызға әлеуметтік желілерге кіргені, мектепке телефон алып келгізер едіңізбе?

4.Болашақта жастар үшін яғни мектеп оқушылары үшін қандай әлеуметтік желінің түрлері шыққанын қалайсыздар?



Қорытынды

Дүние жүзі бойынша әлеуметтік желінің түрлері өте көп.Бұл заман талабы.Кейбіреулер өзінің қамын , өз мүддесін ойлап ғана әлеуметтік желілердің түрлерін көбейтуде.олардың бізге тигізетін пайдасы жоқ.анағұрлым пайдасы тиетін әлеуметтік желілер де бар.Олар бірақ саусақ пен санаулы.Сендерге қазіргі керегі білім алу,оқу.Сондықтан жастар үшін керекті,тиімді әлеуметтік желілердің көбейгені жақсы.Ендеше жақсылап ойланып көрейік.Бұл әлеуметтік желілердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін. Бұл тақырыптарда өзіміз үшін талдау жасауымыз керек.Біз бұл мәселеде өз пікірімізді,өз ойымызды анық жеткізе алдық деп ойлаймын.

Құрметті оқушылар өлшеммен берілген уақытты әрқашанда бағалай білейік.























Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз. Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1, 5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте - бірте қосыла келе көбейіп отырады. Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте - бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі - жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен агент төңірегінде болмақ.

Сөз кезегін бүгінгі сайыскерлерімізге береміз. Ендігі кезекте топ мүшелерімен таныстырып өтелік:
«Жақтаушы» тобының спикерлері: (9 сынып оқушылары)
«Даттаушы» тобының спикерлері: (8 сыныптың оқушылары)

1.«Жақтаушы» тобының спикері ---------------------
Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. Алдымен Ғаламторға анықтама берейік. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес.

Кез келген адам күніне 6 - 7 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді Қалаңыз, қаламаңыз, бірақ компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып - ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыны ескерсек, нық сеніммен «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.

Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Ғаламтор деп санар едім.

Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып - жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Ғаламтор» деген ұғыммен алмастырылды». Қазіргі кезде Ғаламтормен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық - талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.
Бұл күнде Ғаламтор тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

2. «Даттаушы» тобының спикері
Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет. Ғаламтор пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда Ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Жаңа сен бір сөзіңде «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады деп айтып кеттің. Мүмкін дұрыс та шығар. Алайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, «ақылды машинаның алдында көп отыратын ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін нашар сезініп, шаршап - шалдығады екен. Дәрігер мамандардың айтуынша, олардың денсаулығына зор нұқсан келеді. Дәрігерлер «адамзаттың басына түскен дерт пен қауіп - қатердің түп - төркіні компьютерде жатыр» деген тоқтамға келген. Рас, бүгінде жас та, кәрі де монитордан көз алмайды.

Біріншіден, компьютерден зардап шегетін адам ағзасының бір мүшесі – көз. Себебі, әрқилы түске еніп, жалт - жұлт жанатын монитор көзге үлкен күш салады. Екіншіден бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы.

Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.

Мұғалім: Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата - аналар тәулік бойы балаларының тыныс - тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!