жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс ашық сабақ "Адамгершілік асыл қасиет"
Сыныптан тыс ашық сабағының жоспары
Шайқорық орта мек
Тақырыбы : Адамгершілік –асыл қасиет
Құндылық:Ақиқат
Қасиеттер: адалдық, шыншылдық,тәртіптілік т.б
Мұғалiм: Исламова Д.А
Мерзімі: 13. 12. 2018ж
Сынып : 6 «Д»
Сабақтың мақсаты :Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету; Оқушылармен амандасып, түгелдеу маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу Сабақ міндеттері: Білімділік:оқушыларға өзін тани білудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушыларды өзін – өзі тануға, өзін – өзі түсінуге бағыттау арқылы адалдық қасиетіне баулу Тәрбиелік: оқушыларды өзін – өзі тануға, әділдікке тәрбиелеу |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Қолданылған мәліметтер: Bilimlend, Zharar.sаbak сайты
|
1 Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау. 2.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» (баяу мелодия) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. сабаққа қатысуға шақыру. Топтастыру : 1,2 ,3 топтар Сабақтың 5 «Т» ережесін еске түсіру. 5 «оқу құралын» түгендеу.
|
|
2. Үй тапсырмасын тексеру «Қамқорлық,әдеп,мейірім». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады. Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиеттері туралы тақпактар Жаңа сабақты жарияламас бұрын « Адамгершілік -таза жүректе» видио тамашалау.. |
|
3. Дәйексөз « Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде» мақал-мәтел
Өзіңді өзің тану ізгілікке, жақсылыққа талпынуды білдіреді. Адам бұл өмірге жақсылық жасау үшін келеді. Өз бойындағы адамгершілі қасиеттерін ашуға ұмтылыс адамды жақсарта түседі. Өзін-өзі таныған адамның ниеті түзу, ойы таза, сөзіне берік болады. |
|
Әңгімелесу «Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту. «Адамгершілік - әрбір жүректе» дегенді қалай түсінесіңдер? « Мейірім мен жомарттық» туралы не білесіңдер?
|
|
Мұғалім сыйы :. «Отын оқиғасы» аңыз
- Бекет ата жас кезінде Бақытжан қажыдан жеті жылдай дәріс алады. Ұстазы Бекеттей зейінді әрі ықыласты шәкіртіне айырықша құрмет көрсеткен. Кезекті жыл аяғы да жетіп, келесі оқу жылына қажетті ас-су, ағаш жинап алу керек болады. Ұстаз барлық шәкіртіне балта мен ара беріп, орманнан отын алып келуге жұмсайды. Шәкірттердің бәрі шама-шарқынша ағаш кесіп, арқалай алғанша көтеріп келеді. Тек Бекет қана тезек құрлы салмағы жоқ, құрап қалған ку түбіртектерді теріп әкеледі. Мұны көрген шәкірттер Бекетті келеке ете бастайды. Тіпті біреулері Ұстазға шағым айтады. Не үшін бұлай еткенін сұраған Ұстазға Бекет: - Жаңа өскенжас тал біткен зар илеп, «Бәріміз де асқақ болсақ, бәйтеректей биік болып өссек» деп жылап тұрған соң ешқайсысын қор етуге қолым бармады. Өмірді қиюдан өткен өлшеусіз күнә бар ма, ұлы Ұстаз?! – деп жауап берді. Мұқият тыңдап болған соң мұндай кең ойлылық пен кемелдікке көңілі толған көреген Ұстаз:
Сұрақтар:
|
|
5. Шығармашылықіс-әрекет, топтық жұмыс. 1 топқа «Сойлемді жалғастыру» аяқтау 2 тапқа «Тыйым,әдеп сөздер» табу 3 топқа «Постер» құру
|
|
6. Топпен ән айтуБАЛДЫРҒАН ӘНІ Сөзі Н.Жанаевтікі Әні Б.Дәлденбаевтікі
Біз балдырған баламыз, Шырқап әнге саламыз. Туған жердің төрінде, Алау болып жанамыз.
Алау болып жанамыз, Құлыншақ боп шабамыз. Балапандай талпынып, Көкке қанат қағамыз. |
|
7. Үй тапсырмасы Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныту бойынша мақал мәтелдерді жаттау
|
|
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, сүйіспеншілікке толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Тыныштық,тыныштық.тыныштықбар.жерде, Тыныштық,тыныштық.тыныштық бүкіл әлемде тыныштық Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар. |
|
Тексерілді : |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген