400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс ашық сабақ. "Алтын Күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз»


Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін тамашалаңыздар



Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен,
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.олай болса ортада күз тақпағымен

Нұрболат:

Армысыздар қалайық

Бармысыздар қалайық

Күзгі тойды жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық
Айша:

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды

Айдос:

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді
Айару:
Жеміс-жидек пісті

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып

Жинап алды жан салып

Мирас:

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап

Асылжан:

Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.
Ясин:

Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін

Рамазан:
Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген



Жазира:

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балар: Күзгі жылы киімдерін киеді.

Жүргізуші: жарайсыңдар балалар! Ортада балалар күз тақпағымен

Медина:
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Ұлданай:

Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Сезім:
Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.

Сабина:
Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет!Тамаша!

Қандай әсем күз.

Махамбет:

Қарашы күз келді,күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.
Милат:

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық

Батыр:

Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Байдаулет:
Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартты кәрі құз

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз

Арайлым:

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып, балалар күзгі сән үлгісіне шығып, өздерінің киімдерін неден қалай дайындағанын бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз ханшайымы, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі


Күз ханшайымы: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Жүргізуші: Балалар, Алтын күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)


Сәбіз: Милат

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Алма: Айдос

Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Қызылша: Айша

Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.
Өрік:Ұлданай

Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Қарбыз:Махамбет

Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.
Алмұрт:Жазира

Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Қауын:Арайлым

Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.

Жүргізуші: Ортада бүлдіршіндеріміздің кіші- кірім көрінісін тамашалаңыздар «Бауырсақ ертегісі»



Күз ханшайымы: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз ханшайымы, балаларға алма таратады)


Күз ханшайымы: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күз ханшайымының сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз ханшайымы, сау болыңыз!
Күз ханшайымы: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Қошақан»әнін тамашалаңыздар.


Жүргізуші: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі