Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Сыныптан тыс ашық сабақ "Эрудиттер" сайысы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен 8 сыныптар арасында жарыс сабағы болғандықтан қызықты деректер мен тапсырмалар берілген. Мұғалімдер мен оқушыларға көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты «Эрудиттер сайысы.» 8 сыныптар


Сабақтың тақырыбы: Эрудиттер сайысы.

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін тереңдете отырып ,пәнге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушылардың өз ойларын толық жеткізе білуін , логикалық сұрақтарға жауап беруін ,есте сақтау қабілеттерін дамыту..

3) Ұқыптылыққа, шебер сөйлеуге ,ізденпаздыққа ,мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, темір ұнтағы ,күкірт ұнтағы, магнит , су ,құм , химиялық стақан ,сүзгі, сүзгі қағаз .


Сабақтың жоспары:

1.Таныстыру.

2.Бәйге.

3.Ғажайып шеңбер.

4.Қызықты тәжірбие.

5.Есептер сыры.

6.Ойлан тап!.

7.Шпаргалка

8.Жұмбақ арал.

9.Элементтер айтысы.


-Сәлеметсіздер ме ,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап ,ұшақ , жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе ,бірде –бір ұшақ көкке көтеріліп ,бірде бір кем суда жүзе алмаған болар еді.Адам тамақсыз ,киімсіз ,қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки ,солардың барлығын жасауға химия қатысады.Сондықтан да . « Қайда қарасақ та ,қайда көз жіберсек те ,көретініміз химия ғажайыптары » деп өте орынды айтылған. Міне ,осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 8- сыныптар арасында өткізілгелі отырған « Эрудиттер» сайысына қош келдіңіздер!


Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды таныстырып өтейік. 1-топ Менделеев ізбасарлары.

2-топ Жас химиктер.

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты:

1) Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін тереңдете отырып ,пәнге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушылардың өз ойларын толық жеткізе білуін , логикалық сұрақтарға жауап беруін ,есте сақтау қабілеттерін дамыту..

3) Ұқыптылыққа, шебер сөйлеуге ,ізденпаздыққа ,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сайыскерлерімізді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.Таныстыру.

2.Бәйге.

3.Ғажайып шеңбер.

4.Қызықты химия.

5.Есептер сыры.

6.Ойлан тап!

7.Шпаргалка

8 Жұмбақ арал.

9.Элементтер айтысы.


Сайысымызға әділ бағасын берер әділ –қазылар алқасымен таныстырып өтейін .

Мектеп басшысы Айтбаева М.Ү.

Оқу –ісінің меңгерушісі Дүйсенқұлова М.Т.

Биология пәнінің мұғалімі Үсікбаева .Г.Т.

Әр сайыстан кейін қазылар әділ бағасын беріп отырсын.


Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін орынды.

Химия пәнін сүйсең сен,

Ортаға сал барыңды –

деп, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.


1.Таныстыру.

Топ басшысы топ мүшелерімен ,ұранымен таныстырады.

2. Бәйге .

Берілген сұрақтарға жылдам жауап берулерің тиіс .Бір сұрақ бір ұпаймен бағаланады.

  1. топ .

  • Оксид дегеніміз не ?

  • Химиялық реакцияның типтерін ата .

  • Катализатор дегеніміз не?

  • Өндірісте оттекті неден алады?

  • Периодтық жүйеде неше топ бар?

  • Көміртектің реттік саны.

  • Металдарға тән қасиеттерді атаңдар

  • Реакцияның жылу эффекті деген не?

  • 2- топ.


  • Химиялық реакция дегеніміз не ?

  • Қосылу реакциясы дегеніміз не? .

  • Оттекке тән химиялық қасиетті ата.

  • Зертханада оттек алу жолдарын айтып беріңдер.

  • Периодтық жүйеде неше период бар?

  • Мырыштың реттік саны.

  • Бейметалдарға тән қасиеттерді атаңдар .

  • Экзотермиялық реакция дегеніміз не?


  • Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,

  • Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.

  • Ішсек дәрі, тірі ағзада құбылыс

  • Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға.


3. Ғажайып шеңбер.

Мына шеңберден элемент аттарын құрастырыңдар. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпайдан беріледі.


4. Қызықты химия . Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

1-топ Темір мен күкірт қоспасын тазарту.

2-топ. Құм ,ағаш үгіндісі мен судан дайындалған қоспаны тазарту.

5 .Есептер сыры. Әр топ өзіне берілген есепті жылдам шығару керек.Дұрыс жауапқа 5- ұпайдан беріледі.


  • 1-топ. 92 г. Азот (IV) оксидінің зат мөлшерін және оның қалыпты жағдайда көлемін есептеңдер.

  • 2-топ. Мөлшері 2 моль оттектің массасын табыңдар.Газдың осы мөлшері қалыпты жағдайда қанша көлем алатынын есептеңдер.

  • Химик болғым келеді, талабым бар,

  • Химик болғым келеді, қанатым бар.

  • Химик болғым келеді, химик болғым,

  • Химияның сырларын сараптаған.

  • Жетік білгім келеді химияны,

  • Талабына ұштадым арманымды.

  • Химик болғым келеді, химик болғым,

  • Сан саласы химия қызықтырды.



6. Ойлан ,тап! Анаграмма .

Әрбір дұрыс жауапқа 1- ұпайдан беріледі.

Рабий -----------Барий
Торф -----------Фтор
Хрло -----------Хлор
Дой ----------- Йод
Ромб
----------- Бром


7. Шпаргалка.

Дәлізде келе жатып 2 шпаргалка тауып алдым . Бір жақ бөлігі жыртылып қалған екен .Әр топ 1 минут ішінде сол жақ бөлігін жазып шығу керек.

1 топ . 1) ....---- 2ZnO

2) ....----- Н2О

2 топ. 1)....----- ВaCI2

2)....----- CaO


Ойшыл болса қай бала,

Тез табады сол ғана

Қане ойланып көрейік,

Тебіреніп сәл ғана.


8 .Жұмбақ арал. Әрбір дұрыс жауап 1- ұпайдан беріледі.


Өзіңде болмаса да дәмі – татып,

Жануар мен адамды улатады.

Өсімдік өспес ол болмаса,

Қандай зат мұның атын кім айтады

Жауабы: Көмірқышқыл газы


Иісі де ,дәмі де жоқ ұсталмайды ,

Ол болмаса ,тіршілік ,өмір де жоқ .

Ол болмаса ,отын да тұтанбайды ,

Қалады қарауытып,көмір болып. Жауабы: Оттегі газы


Қыздырып ,соқсаң иленеді,

Балға мен төстен именеді. Жауабы: Темір .


Бір жанып, бірі қолдап жануды,

Екі элемент бізге бұрын танылды.

Өрт болып еді, сөндіруге көп адам ,

Қосылысын алып, соған ағылды Жауабы: Су .



Ең жеңіл элемент саналады ,

Периодтық жүйе осы элементтен басталады Жауабы: Сутегі

9. Элементтер айтысы. Әр топ өздерінің дайындаған элементтер туралы өлеңдерін оқиды. 10 ұпайдан беріледі


Қорытынды:

Мықты болса іргетас,

Құламайды үйлерің .

Химияға тәжім ет,

Белді бекем будағы.

Химиясыз өмір жоқ,

Ән мен бүгін көңіл тоқ.

Терең білім алуға,

Талпынайық сіз, біз боп.

Заман қанша қиын – қыстау болса да,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасак бола ма? - деп

Сөздің кезегін әділ – қазыларға береміз.




«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ







Сыныптан тыс сабақ




Shape1


«Эрудиттер»








Өткізген: химия пәнінің мұғалімі : Каргабаева А.Б.




Шу қаласы. 2014-2015 оқу жылы




.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2019
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12