400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс ашық сабақ "Талантыңмен таныл" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сыныпқа арналған сыныптан тыс ойын сабағы. Екінші сынып мұғалімдеріне математика пәнінен қолдануға болады. Баланың логикалық ойлау жүйесін, шапшаңдылығын, зеректілігін артыратын, мұғалімдерге керекті сыныптан тыс ашық сабақ материялдары. Өте қызықты материял.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс.

 Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын

арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін 

дамыту.

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене 

 білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,

күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

 

Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа  2«а» сынып оқушылары

2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және 

төсбелгі ойлап табады.

Ойын алаңы: интербелсенді тақтада  1-ден  12-ге дейінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.

 1. Қызыл конверт- «Логика».

2. «Өрмекші торы».

3. Жасыл конверт- «Математика».

4. Лотерея билеті.

5. « От ».

6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».

7. «Алтын сандық ».

8. « Қамал ».

9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».

10. «Қара мысық ».

 Ойын шарты:

«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

« От » келсе , жинаған ұпайларыңыз күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.

«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың 

дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.

 Ойын барысы:

І-жургізуші

-Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып.

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

І-ж

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

Шақырамыз екі топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы  бүгін біліп ал.

І-ж

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

 Командалардың  өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,

« А » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда

бірінші бастайды.

  «Логика». І-ж.

Ал қанеки балалар

Құлақ салшы  сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе (интебелсенді тақтадан оқу)

  «Өрмекші торы». ІІ-ж.

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсығ бөгеттен (қөрермендер сұрагы)

 «Қамал». І-ж

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың

 Арнайы сұрақ  ( қиын сұрақ)    

 

«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары  (әр дұрыс жауап – 10ұпай).

  1. Ең кіші санды ата.

  2. Ұзындықты немен өлшейміз?

  3. Қайсысы көп: 2 мерт ме, әлде 100 см ме ?

  4. Мың теңгенің жартысының жартысы нешеге тең?

  5. Бір жыл көппе, 12ай көппе ?

  6. Масса өлшем бірлігін ата.

  7. Уақыт өлшем бірлігін ата


«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары   (20 ұпай).

1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше 

үйрек ұшып барады? (3).

2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш  қалады? (5)

3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?  (50)

4. Әсем поездың басынан есептегенде 5-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 5-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған?  (10)

5. 6 санын ешқандай жазу жазбай 2-ге арттыр.  (8)

6. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:

Нарадс, тазауй, киреш, ретм        (сандар, азайту, ширек, метр)

    «Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (30 ұпай)

Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.

 « Жеті жұмбақ» - сары конверт .    (30 ұпай)

1. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кеде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз.  (цифрлар)

2. Бөлмеде  2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын

қосып есептегенде қанша болады?  (20)

3. Бір жұмыртқа үш минутта піседі, он жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минут)

4. Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан,

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (11)

5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың 

қаншасы қалды?  (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

6. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

7. Түйе, бота маң басқан, 

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)

 Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс

нәтижесін әділқазылар хабарлайды)

(Әділқазылар шешімін шығарғанша,экраннан “Алдаркөсе,, мультфильмін көреді.)

Топ мүшелерін марапаттау.Загрузка...














































Сабақтың тақырыбы: «Менің мектебім» 
Сабақтың мақсаты:
 
Білімділік: мектеп өмірі бойынша өткен материалды қайталау, бекіту. Оқып үйренген материалдың қаншалықты меңгергендерін байқау. 
Дамытушылық:танымдық белсенділігін арттыру, тілдік қорын молайту, алған білімін жаңа жағдайда пайдалана білуге баулу. 
Тәрбиелік: мектепке, қоршаған ортасына, қазақ тілі пәніне сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. 
Сабақтыңтүрі: аралас сабақ 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: өз мектебі  жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

Сәлемдесу, Шаттық шеңбер «Жүректен жүрекке». Бір-біріне сәттілік тілеу.

Балалар айтады:

Армысың, алтын күн,

Армысың, көк аспан.

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Мынау менің қолым.

Оқушыларға сабақ, мұғалім, сынып жазулары бар сөздер таратылады. Соған байланысты 3 топқа бөлінеді.

Оқушылар орындарына отырған соң мұғалімнің айтқаның қайталайды.

Дыбыстық жаттығу

- Ыр – ыр – ыр ырылдайды қасқыр,
- кі – кі – кі бұлаңдайды түлкі,
- Ян – ян – ян жүгіріп жүр қоян.
- Ю – ю – ю қорбаңдайды аю.
- Ар - ар – ар жерді жапты қар.
- ыс – ыс – ыс келіп қалды қыс

Дыбыстық жаттығудан соң, сөзжұмбақты анықтау.

Ой шақыру.Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақты шешу.

Учитель. Широкий. Дежурный. Книга. Окно. Класс.

Видео арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

.– Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің мектебім».

- Біз бүгін мектеп туралы алған білімдерімізді тереңдетіп, қызықты ойындар, кәртішкелер, суреттер арқылы сауаттылығымызды тексеріп, тілімізді ұстартуға күш саламыз. Бірге отырып қиындықты жеңуге тырысамыз. Енді осы оқып-үйренген материалды қалай меңгергенімізді отырған қонақтарға көрсетейік

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру.

І кезең: «Шыршаның ойыншықтарын жинау» ойыны

- Осы 2016 жыл қай жануар жылы?

- Мешін жылы. Дұрыс, олай болса мына тұрған маймылға көмек ойынын ойнайық. Ол үшін мына ағаштағы банандардың артыңдағы сұрақтарға жауап беріп, мына себепке жинауымыз керек.

1. Біз тақтаға немен жазамыз? (бор) 
2. Сынып жабдығы, барлық сыныпта бар? (үстел) 

3. Сабақта жиі қолданамыз, ол да сынып жабдығы, біз оған жазамыз? (тақта) 

4. «Урок» сөзінің қазақша аудармасы? (сабақ) 

5.Оқушыларға кім білім береді? (мұғалім) 

6.Мектептегі ең жақсы баға қандай? (бес) 

7.Күнде барлық сабақта қолданатын оқу құралы? (кітап) 
8. Оқушылар сол бойынша сабақтарға барады немесе дайындайды? (кесте) 
9.Оқушылар мектепке не үшін келеді? (білім) 

         ІІІ. Жаңа  сабақ

Біз сабағымызды бастамас бұрын сөздікпен жұмыс жасайық.

Тақтада сөздер жазылып тұрады. Балалар сол сөздерді кезекпен-кезек оқиды және аударады.Тақтаға барып жазады аудармасын.



ІІ кезең: Сөздікпен жұмыс

Мектеп – школа – school

Кітап – книга – book

Мұғалім – учитель – teacher

Сынып – класс – class

Оқушы – ученик – puple

Қалам – ручка – pen

ІІІ кезең: «Мозаика құрастыру»

Мәтін бойынша жұмыс

1- топ. Лекция парадокс (бұрыс)

Біздің мектебіміз екі қабатты. Ұстаздар оқушыларға журнал береді. Оқушылар үзілісте оқиды. Мектептің спортзалы екінші қабатында орналасқан. Мұғалімдер кабинеті қараңғы, таза. Мектеп ауылдың ортасында орналасқан.

2- топ. «Мозаика» оқыта үйрету ойынын ұйымдастыру.

сөйлемдерді жеке – жеке параққа жазып, олардың әрқайсысын жеке хатқалта салады. Хатқалтаны сөйлемнің әр сөзі жекелеп қиылған. Тапсырма: оқушы берілген сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемдерді қалпына келтіреді. Осылайша барлық сөйлем дұрыс құрастырылып, оқылады. Ендігі кезекте оқушылар сол сөйлемдерді мағынасына қарай нөмірлеп, мәтін құрастырады.

Құрастырылған мәтінді толық оқытып, мазмұнын айтқызу.

Айнұр мектепке келді. Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Бірінші сабақ – қазақ тілі болды. Оқушылар жаттығуды оқыды. Айнұр өлең оқыды.

3-топ. Мәтінмен жұмыс жасайды. Аударады және 3 сұрақ құрастырады.

                           Менің мектебім!

       Менің атым Саян. Мен үшінші сыныпта оқимын. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым екінші қабатта, іші кең,жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам. Маған мектебім ұнайды.



ІV кезең: Сергіту сәті

Видеосюжетте көргеніміз бойынша билейміз.



V кезең: Суретпен жұмыс үш қатарға үш сурет беріледі.

І топ: «Менің мектебім» тақырыбына әңгіме құрастырамыз.

ІІ топ: «Сынып» тақырыбына диолог құрастырамыз.

ІІІ топ: «Менің оқу құралдарым» сөйлемдер құрастыр және олар не үшін керек деген сұраққа жауап бер.

VІ кезең: Кластер құру

Мектеп



үш қабатты, спорт зал, акт зал, асхана, кітапхана, аула. 

Деңгейлік тапсырмалар.  Әр топқа өз деңгейі бойынша тапсырма беру.

І. Тапсырмада мынандай сөздердің ауыстырылып қате сөйлемдер жазылған. Сендер дұрыс сөйлем құрастырып айтуларың керек. 
1. келдім, мектепке, мен, сегізде, сағат. 
2. болады, алты, бізде, сабақ, бүгін. 
3. бар, сенде, кестесі, сабақ, ма? 
ІІ. Жоқ әріптерді жаз
Ж...қсы, ...найды, к...сте, д...птер, қ...лам, ...шіргіш, с...нып, м...ктеп, қ...бат, ...демі. 
ІІІ. Буынға бөл, буын санын анықта. 
Қоңырау, үзіліс, кезекші, асхана, кітапхана, ереже, тәртіп. 
ІХ. Үйге тапсырма: 

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық
Сабақтан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық

  1. Білім, оқу туралы мақал-мәтел жазып келу.

Х. Бағалау.  Мұғалім өз ойын айтып, қорытынды баға қояды.

Көңіл-күй рефлексиясы

Сабақ соңында өзінің көңіл-күйі көрсетеді.

Көңіл күйі тамаша! Көңіл күйі нашар.

«Мектебің мынау класың, 
Осында он жыл тұрасың, 
Тарыдай боп кіресің, 
Таудай боп шығасың». 



Енді бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды барлықтарына рақмет белсене қатысқандарына. Сау болыңыздар.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі