400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс ашық сабақ "Тапқыр достар"

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

№3 ЖББМ








Сабақтың тақырыбы:

«Тапқыр достар»

Түрі: жарыс сабақ (сыныптан тыс)

6 «А» сынып


















Информатика пәнінің мұғалімі: Абдуллаева С.Ж.



Сабақтың тақырыбы:Тапқыр достар

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмыс жасауын және өз ойын еркін жеткізе білу, өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру. Шыдамдылыққа, әділдікке, намысқойлылыққа жетелеу.Ойын арқылы оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, терең ойлана білуге, бірігуге, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, компьютер, таратпа сұрақтар.

Өтілу әдісі:

Жарыс, ойын сабақ


Ж о с п а р:


1. “Өзіңді таныстыр “ бөлімі

2.“Сұрақ-жауап” ойыны

3.“Ғажайыптар алаңы”

4.“Сөз тапқанға” ойыны

5. “Сен білесің бе?”

6. «Жұмбақтар әлемі».

7.“Кім жылдам әрі тапқыр?”.

8. “Сиқырлы әріптер”

9. «Қималарды құрастыр...» сайысы

10. «Капитандар» сайысы.

«Егерде мен ел басқарсам...» қиялдау арқылы сурет салу.


Сабақты бастамас бұрын әділ-қазы мүшелерімен таныстыру, бағалай парағын тарату.

  1. Таныстыру.

Екі топ бір-бірін таныстырады.

І Кезең «Өзіңді таныстыр»


І топ «Білім» Ұраны: «Сапалы білім, саналы тәртіп»


Біліммен шәкіртті ұстаз жетектеген

Білімсыз өмірден тек өтет деген.

Білімнің әр саласын меңгерсеңіз

Қиналмай мұратына жетет деген


ІІ топ «Алға» Ұраны: «Алға қарай самғаймыз, екілікті алмаймыз»


Іргесі бұл қазақтың биік болар

Әр затын ертелікеш есептеген.

Информатика сол білімнің бір саласы

Егемен елдің білу керек бар баласы.


  1. Сұрақ-жауап

Қайсысы ДК-дің шығару құрылғыларына жатады?

Қайсысы ДК-дің енгізу құрылғыларына жатады?

Дыбысты немесе әуенді қай құрылғының көмегімен естиміз?

Қағазға басып шығару құрылғысы?

Информатика дегеніміз не?

Компьютердің миы

PАINT қандай редактор?

ДК қанша бөліктен тұрады және оларды ата?

Көз бен экранның ара қашықтығы?


3.«ҒАЖАЙЫПТАР АЛАҢЫ» ойыны

Жүйелік блокта орналасқан есте сақтау құрылғысы? (қатқыл диск)

Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы? (сканер)

Телефон желісі арқылы Интернетке шығу құрылғысы? (модем)

Компьютердегі жад түрлері? (тұрақты және жедел)


4.Сөз тапқанға…

«Сөз тапқанға» -бұл бөлімде оқушыларға аралас сұрақтар қойылады.

Мұнда әр ойыншы бір-бірден әріп таңдап алады, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын

жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1 топқа сұрақтар:

  • 1. Интернет не үшін керек?

  • 2. Компьютердің бағасы қанша?

  • 3. Компьютер не үшін қажет?

  • 4. Кітапханадан қандай кітап алдың?

  • 5. Ноутбук сатып алғың келе ме?

  • 6. Қай сабақты ұнатасың?

 2 топқа сұрақтар

  • 1. Компьютер алдында қалай отыру керек?

  • 2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?

  • 3. Вирусты қалай жояды?

  • 4. Интернеттен не іздейсің?

  • 5. Агентте кімге хат жазасың?

  • 6. Қай мұғалімді ұнатасың?

5. Сен білесің бе?

Бұл бөлімде әр топ өзіне керекті ұпай санын экраннан көріп, соны таңдайды.Тапсырманы компьютерден орындайды.

Paint программасын қалай іске қосамыз?

Мәтіндік редакторға суреттерді қалай кірістірміз?

Жай-күй жолындағы масштаб жүгірткішінің қызметі ?

Салынған суретті қай мәзірдің көмегімен сақтаймыз?

Салынған фигураны қалай көбейтеміз?

Блокнот программасын қалай ашамыз?

Адам мен компьютер арасындағы байланыс?

Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

Ақпаратты сақтау, жеткізу, өңдеуді не деп атайды?

«Paint » сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?

6. «Жұмбақтар әлемі” жұмбақтардың шешуіне байланысты суретін сал.

Қақаған қыста,

Өседі таста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста. (шырша)


Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус)

7. «Кім жылдам әрі тапқыр» оқушылар мына сөзді пайдаланып сөз құрау керек. «Программаланғандықтан». Қай топ көп сөз құрайды. Сол топқа ұпай саны беріледі.

8. Сиқырлы әріптер. Осы орны ауысқан әріптерді оқушылар дұрыстап орынан қою керек.

терчесвин – винчестер

кышма – мышка

ифаргак– графика

каматифорин – информатика

тормони – мониотор

енюм – меню

дакротре – редактор

рафмикон – микрофон

ссорецпро –процессор

ептьюкром –компьютер

такедис –дискета

апқатра-ақпарат

иувср- вирус

9. “Қималарды құрастыр...”оқушыларға қима сөйлемдер беріледі, оны оқушылар дұрыс құрастыру керек.

10. “Мен егер ел басқарсам...” «Капитандар»сайысы.

Сурет салу. Оқушылар өз қиялдарын компьютерге түсіру керек.

Әділ-қазы алқаларын сайлап, жеңіске жеткен топты марапаттау.

Қатысқандарыңызға рахмет !Сау болыңыздар!




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі