Күні:24.02.2017ж
Тақырыбы: «Денсаулық – зор
байлық»
Сыныбы: 6
Түрі: Жарыс
түрінде
Көрнекілігі: шарлар, доп,
кедергілер,
Мақсаты: Оқушыларды жылдамдыққа,
ептілікке баулу, спорттық ойындарды ойната отырып, спортқа деген
қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды ойын кезіндегі әділдікке,
жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге
тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі
«Денсаулық-зор байлық» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер!
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» жолдауында
«Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын
ұстайтын азамат етіп тәрбилеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау,
саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп
айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты
мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды
қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану
басты міндеттерінің бірі болуы керек. Олай болса бүгінгі өтетін,
«Денсаулық – зор байлық» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп
тамашалаңыздар!
Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған командаларды
шақырамыз.
Жарысқа қатысатындарды
шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Өнерпаз оқушыларды шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!
1-топ: «Қыран» тобы
2-топ: «Тұлпар» тобы
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділқазылар алқасымен
таныстыра кетейік:
1.
____________________________________________________
2.
____________________________________________________
3.
____________________________________________________
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
1кезең.Таныстыру
кезеңі Әр топ өз атын, ұранын
таныстырады.
Топтың аты – «Қыран»
Ұранымыз: Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан біз қалмаймыз.
Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
2 кезең « Сөйлемді аяқта»
сайысы
Ойын шарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,«сөйлемді аяқтап, кері
жүгіріп қайту керек.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
3 кезең. «Көпірлерден
өту»
Шарты: әр топқа екі теннис добын беріп, сонымен жүріп өтіп,
берілген тапсырманы орындау, яғни мақал - мәтелді жалғастыру
1. Тәнi саудың жаны сау.
2. Көзiң ауырса, қолыңды тый. Iшiң ауырса, аузыңды тый.
3. Ауруын жасырған өледi.
4. Сұрап алған аурудың, Емi табылмас.
5. Тазалық – саулық негiзi, Саулық – байлық негiзi.
6. Жарлының байлығы — Денінің саулығы.
7. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
8. Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол
ізде.
9.Бірінші байлық –
денсаулық.
10.Денсаулықтың қадірін,
ауырғанда білерсің.
4 кезең.
«Кенгуру»
Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз допты аяғымыздың ортасына
қысып секіріп межелі жерге жетіп, кері жүгіріп
қайу.
5 кезең. «Допты лақтыру
ойыны»
Допты кедергілер арқылы жерге
ұрып өту арқылы, сеткаға лақтыру. Қайтарда қайта солай
келу.
Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз!
Міне, бүгінгі спорттық жарысымыз аяқталды. Келіп
тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Қарашоқат орта
мектебі
Сыныптан
тыс
Тақырыбы: Денсаулық – зор
байлық
6 – сынып, спорттық
сайыс
Өткізген:
С.Елеусизова
2016-2017 оқу
жылы