400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс, "ХХІ ғасыр -нақты ғылымдар ғасыры" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№56 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Тақырыбы:

«ХХІ ғасыр –

нақты ғылымдар ғасыры»



Пән мұғалімі: Домбаева С.Д.

Сынып: 6 «А,Ә, Б»





















2019-2020 оқу жылы

Тақырыбы: “ ХХІ ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры ”
Мақсаты: Оқушыларды информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру,
танымдық іс – әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, өз білімдерін
дамытуға, бір – бірін құрметтеуге тәрбиелеу;
Ресурстар: интерактивті тақта, слайд, суреттер, постер
Сабақтың барысы:

1.Сайыс жоспарын таныстыру:

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. Кім жүйрік?

  3. Сен білесің бе?

  4. Ойлан, тап.

  5. Бәйге


«XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты сыныптан тыс жұмыс сабағымызға қош келдіңіздер! Сайыста кез келген сұраққа ойланып, нақты жауап беріп, әрбір айналымнан сүрінбей өткен топ қана «Білгіштер» атына ие болады. Ал ендеше:

Мейрімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Топ басшылары түрлі түсті карточка алу арқылы «Алгоритм», «Интернет», және «Scratch» болып үш топқа бөлу.

Топтардың сәлемдесуі


Олай болса балалар тақтаға қараймыз. Алдымызда не тұр?  – Ақ қақпа. – Дұрыс балалар.

І кезең: «Таныстыру»

Ақ қақпа «Таныстыру» кезеңі. (Әр топ және топ басшылары өз топтарының атауы мен өтеді. (Бағалау – 5 ұпай)



ІІ кезең: «Кім жүйрік?»

Ал балалар, біз енді сары қақпаны ашу керекпіз. Енді сары қақпаны ашуымыз үшін «Кім жүйрік?» ойынының сұрақтарына жауап беру керекпіз . (Бұл бөлімде барлық топтарға сұрақтар қойылады. Жауабы: ИЯ/ЖОҚ деп нақты, әрі тез болу керек). (Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)


Сұрақтар:

  1. Компьютердің атасы Чарльз Бэббидж. ИЯ

  2. Интернет желісі 1969 жылы пайда болды. ИЯ

  3. Диск интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. ЖОҚ

  4. Компьютердің теледидары процессор. ЖОҚ

  5. Файл сурет салуға арналған программа. ЖОҚ

  6. Ақпаратты шығару құрылғысы принтер. ИЯ

  7. Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда есептеу деген мағынаны білдіреді. ИЯ

  8. Алгоритм 4 түрге бөлінеді. ЖОҚ

  9. Scratch (Скретч) дегеніміз – анимациялық ертегілер, ойындар мен модельдерді құрастыруға арналған программалау ортасы. ИЯ

  10. Ақпаратты кодтау әдістері 2-ге бөлінеді. ЖОҚ



ІІІ кезең: «Сен білесің бе?» 

Ал балалар, енді жасыл қақпаны ашу керекпіз. Жасыл қақпа ашылу үшін «Сен білесің бе?» телевизиялық сұраққа жауап беруіміз керек, 3 сұрақ қойылады. (Бұл бөлімде барлық топқа 5 минут арасында 15 ұпай беріледі).

  1. Боб Гаскинс идеясымен қандай программа пайда болды? (PowerPoint)

  2. Браузер ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді? (парақтау, қарау)

  3. Презентация ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді? (ұсыну, тапсыру)



ІV кезең: «Ойлан, тап»

Ал енді біздің алдымызда көк қақпа тұр. Көк қақпаны ашу үшін «Ойлан, тап» ойынының сұрақ-жауап сағатын постер арқылы қорғау. Бұл тапсырмада ребус, адасқан әріп және жұмбақ ойнатылады. (барлық топқа 5 минут, бағалау – 10 ұпай)

Ребус





( Ақпарат)




Жұмбақ


Барлық сурет мәтінді,

Компьютерге енгізген

Керек емес жерін де,

Компьютермен өшірген (Сканер)

Адасқан әріп


НИУСАВТРИ (Антивирус)



V кезең: «Бәйге»

Ал енді балалар алдымызда қызыл қақпа тұр. Қақпаны ашу үшін

«Бәйге» ойынының ережесі бойынша топ басшыларына сұрақ қойылады. (Бағалау – 10 ұпай)


  1. Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)

  2. Windows сөзінің аудармасы? (терезе)

  3. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы? (Тінтуір)


  1. Ақпараттық процесті зертейтін ғылым? (информатика)

  2. Алгоритм қанша топқа бөлінеді және олардың түрлерін ата? (сызықтық, тармақталған, циклдық)

  3. Іске қосу- батырмасын ата? (Пуск)



  1. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)

  2. Құпияжазба дегеніміз не? (Ежелгі замандағы шифрлау)

  3. Ақпаратты кодтау әдісі қанша топқа бөлінеді және олардың түрлерін ата? (Сандық әдіс, символдық әдіс, графикалық әдіс)



Келесі сыныптан тыс сабағымызды қорытындылай келе әділқазылар алқасына сөзбереміз. Оқушыларды мадақтау.

Бүгінгі көріп тамашалаған «XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты сыныптан тыс жұмыс өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
762
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі