Материалдар / Сыныптан тыс іс - шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс - шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
1208
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  1. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
    Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
    Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
    Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

    Мұғалімнің кіріспе сөзі:
    - Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

    Бүгінгі сайысымыз 9 кезеңнен тұрады, олар:
    1. Таныстыру, сәлемдесу.
    2. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (мәнерлеп оқу)
    3. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)
    4. "Жеті жұрттың тілін біл" /жұмбақтардың жауабын үш тілде айту/
    5. « Жұмбақ сандық» /сандықтан шыққан сөзді латынша қатесіз жазып беру/
    7. "Жүйрік болсаң, шауып көр" /мәтінді орыс тіліне аударып,қысқаша мазмұнын айту/

  1. «Тапқыр болсаң,тауып көр» / 1 ұзын сөзден бірнеше сөздер шығарады/

  2. « Қадамдар» ойыны /Әр топтан топ басшысы ортаға шығады, ол «мәреге» жету үшін топ мүшелері әр қадамына 1 мақалдан айтып отырады/
    Сайысқа 5 сыныптар арасынан 12 оқушы қатысады.
    "Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
    Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
    Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
    Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.

    I кезең. Таныстыру, сәлемдесу.

Топтар өздерін таныстырады. Топ басшылары өздерінің топ мүшелерін таныстырады.

1-топ«Тапқырлар» тобы

2- топ «Алғырлар» тобы
II кезең: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.
Оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Альбина:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.



Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім. 

Маншүк

Сол тілммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

 

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

 

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.





Диана

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдагы.

Өссе тілім-мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен бірге өшемін.

 

Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

Зуляла

Қазақ тілі – туын биік ұстаған, 
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған. 
Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі, 
Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

Даша
Тілім барда атағы да өшпейді,

Қазақ деген қасиетті халқымның.

Тіл–мәртебе,ұлт мерейі,сәніміз.

Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.





  1. III кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)
    Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
    Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
    Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
    Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.

    Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы ббббббббббббжауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді.
    Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.
    1-топтың сұрақтары
    1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
    2. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
    3. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
    5.Қазақстанда тілдер күні қашан?
    6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
    7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
    8. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
    9. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
    10. «Төр» -деген қай жер? Ол жерде кімдер отырады?/сыйлы орын,үлкен кісілерғ сыйлы қонақтар отырады/
    11. Қазақ тілінде неше септік бар?/7/
    12. «Ата» сөзін тәуелде


2-топтың сұрақтары

13. Балқаш көлінің ұзындығы қанша/ 614 км/
14. Біздің мектеп неше қабатты?/3/
15. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн/

16 Зат есімнің сұрақтарын ата / кім? не?/

17 Буын нешеге бөлінеді?/3/

18 Томирис деген кім? Ол туралы не білесін? /Патшайым/

19 Алтын адамды алғаш кім тапты?/Кемел Ақышев/

20 «Бата» деген не?Ол қай кезде айтылады?/көркем сөз,ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәнді сөз/

21 «Мені атым -Қожа» -ны кім жазған?/Бердибек Соқпақбаев/

22 Қазақстанның «Қызыл кітабы» қашан шықты?/1978ж/




ІV кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар
жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет.

1-топтың жұмбақтары:
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)


2-топтың жұмбақтары:

1 Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
2. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
3. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
4. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)


Келесі кезең «Жұмбақ сандық» ойыны.Сандықтың ішінен шыққан мақалды қатесіз латынша жазып, мағынасын ашып беруі керек.Оқушылардың алдына латын әліпбиі беріледі.

  1. Топқа

Бал тамған тілден, у да тамады

  1. Топқа

Отан отбасыдан басталады

Шарты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп оқу,орыс тіліне аудару, түсінгенін өз сөзімен айтып беру.

Менің Отаным - Қазақстан.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан халқының асыл қазынасы. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Астана әсем қала.Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Астанада саябақтар,мектептер, шағын аудандар көп.



Қазақ тілі сабағында

Біз биыл бесінші сыныпта оқып жүрміз. Оқу жылы мамыр айында бітеді. Біздің мектептің оқушылары үш тілде білім алады.Бұл - қазақ, орыс, ағылшын тілдері.Қазақ тілі сабағында қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді.

«Тапқыр болсаң,тауып көр» Берілген сөзден бірнеше сөздер шығару керек

1-топтың сөзі «Қамсыздандырылмаған»

2 топтың сөзі «Қанағаттандырарлық»

«Жүйрік болсаң, шауып көр»Мақал- мәтел жарысы. Екі топтан топ басшылары ортаға шығады,топ мүшелері топ басшысы ортаға жеткенше әр қадамына 1 мақал айтып отыруы керек.Бірінші ортаға жеткен топ жеңеді.

Өнер алды – қызыл тіл.

***

Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

***

Шебердің қолы – ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

***

Тіл – буынсыз,

Ой – түпсіз.

***

Сүйреңдеген қызыл тіл

Сүйгенінен айырар,

Иә жау бетін қайырар.

***

Алажағым кетсе де,

Айташағым кетпесін.

***

Ат жүйрігі айырады,

Тіл жүйрігі қайырады.

***

Мақтаған жеткізер,

Шаққан өлтірер.

***

Бал тамған тілден

У да тамар.

***

Сүңгінің жарасы бітер,

Тіл жарасы бітпес.

***

Басқа пәле тілден.

***

Тіл – тиексіз.

***

Тіл ерді қабырға салады,

Нарды қазанға салады.

***

Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

***

Қызыл тіл жанның мияты,

Абырой ердің қуаты.

***

Ашуың келсе – қолың тарт,

Айтпас жерде – тілің тарт.

***

Тіл жүйрік емес,

Шын жүйрік.

***

Піл көтермегенді

Тіл көтереді.

***

Адам көңілінен азады,

Тілінен жазады.

***

Жер астында жатқанды,

Қазбай, қарап тіл табар.

***

Қойын-қойын сырыңды

Түбінде келіп шын табар.

***

Аш құлақтан –

Тыныш құлақ.

***

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

***

Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.

***

Жыланның тілі айыр,

Жылан мінезді адамның сөзі айыр.

***

Аңдамай сөйлеген

Ауырмай өледі.

***

Аяғы жаман төрді былғар,

Аузы жаман елді былғар.

***

Көп сөйлеген –

Көптен айрылар.

***

Көп сөз – күміс,

Аз сөз – алтын.

1. Отансыз адам -ормансыз бұлбұл

2. Ер - елінде,гүл - жерінде

3. Отан - отбасынан басталады.

4. Мектеп - кеме, білім - теңіз

5. Күш - білімде, білім - кітапта

6. Ел іші - алтын бесік.

7. Ақыл азбайды,білім тозбайды

8. Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын

9. Кітап - алтын қазына.

10. Қыз - қонақ

(әділқазыларға сөз)







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!