Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс іс - шара "География әлеміне саяхат"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өтілген күні: 27.01.2017ж.
Сынып: 6 «А, Ә, Б, В»
Тақырып:
«География әлеміне саяхат» атты топтық интеллектуалдық сайыс сабақ
Мақсаты:
Балалардың география пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге, жарыс барысында белсенділік көрсетуге, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу мақсат етілді.
Өткізілу түрі: Жарыс
Сабақтың барысы
1 - Жүргізуші:
-
Сәлеметсіздерме, құрметті «География әлеміне саяхат» сайысының көрермендері мен қатысушылары. Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтар:
1-ші топ: 6 «А» сыныбы
2-ші топ: 6 «Ә» сыныбы
3-ші топ: 6 «Б» сыныбы
4-ші топ: 6 «В» сынып оқушылары
2 – жүргізуші:
-
Олай болса сайыстың кезеңдерімен таныстыра кетейін.
-
– кезең: «Таныстыру»
-
– кезең: «Ой қозғау»
-
– кезең: «Карталар әлеміне саяхат»
-
– кезең: «Ең, Ең, Ең» капитандар жарысы
-
- кезең: «Шығармашылық жұмыс»
-
- кезең: «Постер қорғау»
-
– жүргізуші: Енді сайысымыздың бірінші кезеңін бастасақ. Бірінші болып өздерін таныстыратын 6 «А» сыныбы
6«А» сыныбы ортаға шығып топты, топ басшысын, топтың ұранын, топтың эмблемасымен таныстырады.
2 – жүргізуші: Екінші болып 6 «Ә» сыныбы шығады
6 «Ә» сыныбы ортаға шығып топты, топ басшысын, топтың ұранын, топтың эмблемасымен таныстырады.
1 – жүргізуші: Үшінші тобымыз 6 «Б» сыныбы
6 «Б» сыныбы ортаға шығып топты, топ басшысын, топтың ұранын, топтың эмблемасымен таныстырады.
-
– жүргізуші: Ең соңғы төртінші топ 6 «В» сыныбының таныстыру кезеңіне дайындығын тыңдасақ.
6 «В» сыныбы ортаға шығып топты, топ басшысын, топтың ұранын, топтың эмблемасымен таныстырады.
1 – жүргізуші: Сонымен 1 кезең таныстыру кезеңіне қорытынды жасасақ. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы 4 топты таныстыру кезеңі бойынша 5 ұпай көрсеткішімен бағалайды.
2 – жүргізуші: 2 - кезеңді бастамас бұрын кезеңнің шарттарымен таныстыра кетейік. Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан беріледі. (Әр сұрақ 5 ұпай)
1 жүргізуші: 1 – ші топқа 6 «А» сыныбына берілген сұрақтар:
-
Галактика дегеніміз не?
Жауабы: Өте көп жұлдыздар жиынтығы мен жұлдыздар жүйесі
-
Кібісе жылы дегеніміз не?
Жауабы: 366 күннен тұратын жыл. Бұл жылы ақпан айы 29 күнге толады.
-
Екі дүние бөлігінен тұратын материк?
Жауабы: Еуразия
4. Жауын – шашын түрлері?
Жауабы: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау
-
Литосфералық тақталарды ата?
Жауабы: Еуразия тақтасы, Тынық мұхит тақтасы, Африка тақтасы, Сотүстік Америка, Оңтүстік Америка, Үнді Аустралия, Антарктида, Наска тақтасы
-
– жүргізуші: 2 – ші топқа 6 «Ә» сыныбына берілген сұрақтар:
-
Әлемдегі ең биік тау?
Жауабы: Гималай
-
Ауданы жөнінен 2 – ші материк?
Жауабы: Африка
-
Картоптың Отаны?
Жауабы: Оңтүстік Америка. Оны қолдан өсіре бастаған алғашқы жер – Чили мен Перу
-
Фернан Магелан Жер шарын айналып шыққан жыл?
Жауабы: 1519 – 1522 жж.
-
Азия мен Еуропаны бөліп тұрған тау:
Жауабы: Орал
-
– жүргізуші: 3 – ші топқа 6 «Б» сыныбына берілген сұрақтар:
-
Тереңдікті үздіксіз өлшеп отыратын құрал?
Жауабы: Эхолот
-
Ең терең шұңғыма?
Жауабы: Мариан 11022м
-
Аболюттік биіктігі 200 м – ден 500 м-ге дейінгі жазықтар қалай аталады?
Жауабы: Қырат жазықтар
-
Екі материктен тұратын бір дүние бөлігі?
Жауабы: Америка
-
«География» ұғымын енгізген
Жауабы: Эротосфен
2 – жүргізуші: 4 – ші топқа 6 «В» сыныбына берілген сұрақтар:
-
Кракатау жанартауы өте қатты атқылаған жыл?
Жауабы: 1883ж.
-
Жердің сыртқы қатты қабаты?
Жауабы: Литосфера
-
Қарталар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?
Жауабы: 2- ге, Жалпы географиялық және Тақырыптық
-
Қазақстанның ең биік нүктесі?
Жауабы: Хантәнірі шыңы 6695 м.
-
Антарктида материгін ашқан ғалымдар?
Жауабы:Ф.Ф.Белинсгаузен, М.П.Лазарев
1 – жүргізуші: Сонымен 2 кезең «Ой қозғау» кезеңіне қорытынды жасасақ. Сөз кезезгі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы 4 топты «Ой қозғау» кезеңі бойынша әр сұраққа 5 ұпай көрсеткішімен бағалайды. Барлық бес сұрақ 25 ұпайды құрайды.
2 – жүргізуші: 3 – кезең «Карталар әлеміне саяхат» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан беріледі. (Әр сұрақ 5 балл)
1 –жүргізуші: 1 топ 6 «А» сыныбына
-
Ұлыбритания
-
Тянь – Шань
-
Жапон теңізі
-
Батыс Сібір жазығы
-
Чили
2 –жүргізуші: 2 топ 6 «Ә»сыныбына
-
Қазақстан
-
Анхель
-
Баренц
-
Арабия
-
Африка
-
жүргізуші: 3 топ 6 «Б» сыныбына
-
Мадагаскар
-
Гренландия
-
Германия
-
Танганьика
-
Каспий
2 – жүргізуші: 4 топ 6 «В» сыныбы
-
Лондон
-
Гималай
-
Амазонка
-
Гвинея
-
Арал
1 – жүргізуші: Сонымен 3 кезең «Карталар әлеміне саяхат» кезеңіне қорытынды жасасақ. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы 4 топты «Қарталар әлеміне саяхат» кезеңі бойынша әр сұраққа 5 ұпай көрсеткішімен бағалайды. Барлық бес сұрақ 25 ұпайды құрайды.
2 – жүргізуші: 4 – кезең «Капитандар сайысы» деп аталады. Бұл кезеңде тек әр топтың капитандары сайысқа түседі. Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. (Әр сұрақ 5 балл)
1 – жүргізуші: 1 топ 6 «А» сыныбына
1. Ең үлкен ойпат (Амазонка)
2. Ең үлкен түбек (Арабия)
3. Ең үлкен арал (Гренландия)
4. Ең биік шың (Джомолунгма 8848м)
5. Ең ылғалды материк (Оңтүстік Америка )
2 – жүргізуші 2 топ 6 «Ә» сыныбына
1. Ең үлкен шөл (Сахара)
2. Ең суыққа төзімді құс (пингвин)
3. Ең үлкен мұхит (Тынық мұхит )
4. Ең халқы көп мемлекет(Қытай)
5. Ең тұзды мұхит (Атлант)
1 – жүргізуші: 3 – топ 6 «Б» сыныбы
1. Ең ұзын тау (Анд)
2. Ең үлкен көл (Каспий)
3. Ең кішкентай мұхит (Солтүстік мұзды мұхит )
4. Ең ыстық материк (Африка)
5. Ең үлкен мемлекет(Ресей)
2 – жүргізуші: 4 топ 6 «В» сыныбына
1. Ең терең көл (Байкал)
2. Ең кіші материк (Аустралия)
3. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
4. Ең ұзын өзен (Ніл)
5. Ең суық материк (Антарктида )
1-жүргізуші: Сонымен 4 кезең «Капитандар сайысы» кезеңіне қорытынды жасасақ. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы 4 топты «Капитандар сайысы» кезеңі бойынша әр сұраққа 5 ұпай көрсеткішімен бағалайды. Барлық бес сұрақ 25 ұпайды құрайды.
-
-жүргізуші: Міне 5 – ші кезеңге де келіп жеттік. Бұл кезең «Шығармашылық жұмыс» деп аталады. Демек әр топ өздерінің дайындап келген өз қолдарынан жасаған шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, таныстырады. Бұл тур 50 балдық көрсеткішпен бағаланады.
1-жүргізуші: 1 топ 6 «А» сыныбын шығармашылық жұмысымен ортаға шақырайық.
6 «А» сыныбы ортаға шығып өз жұмысын таныстырады және жұмыстарына байланысты басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
-
жүргізуші : 2 топ 6 «Ә» сыныбын шығармашылық жұмысымен ортаға шақырайық.
6 «Ә» сыныбы ортаға шығып өз жұмысын таныстырады және жұмыстарына байланысты басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
-
-жүргізуші: 1 топ 6 «Б» сыныбын шығармашылық жұмысымен ортаға шақырайық.
6 «Б» сыныбы ортаға шығып өз жұмысын таныстырады және жұмыстарына байланысты басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
-
-жүргізуші : 2 топ 6 «В» сыныбын шығармашылық жұмысымен ортаға шақырайық.
6 «В» сыныбы ортаға шығып өз жұмысын таныстырады және жұмыстарына байланысты басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
1 – жүргізуші: Сонымен 5 кезең «Шығармашылық жұмыс» кезеңіне қорытынды жасасақ. Сөз кезезгі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы 4 топты «Шығармашылық жұмыс» кезеңі бойынша топтың дайындап әкелген шығармашылық жұмыстарын 50 ұпай көрсеткішімен бағалайды.
2 - жүргізуші: 6 – шы кезеңде әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша постер қорғайды. Топ жұмыстары 10 балдық көрсеткішпен есептеледі.
1- жүргізуші : 1 топ 6 «А» сыныбына берілетін тақырып «Аспан әлемі»
2– жүргізуші: 2 топ 6 «Ә» сыныбына берілетін тақырып «Гидросфера»
-
- жүргізуші: 3 топ 6 «Б» сыныбына литосфера
2 –жүргізуші: 4 топ 6 «В» сыныбына физикалық география
Әр топқа 10 мин уақыт беріледі. 10 минуттан кейін әр топ өз жұмыстарын постер қорғайды.
1 – жүргізуші: Сонымен 6 - шы кезең «Постер қорғау » кезеңіне қорытынды жасасақ. Сөз кезезгі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы 4 топты «Постер қорғау» кезеңі бойынша 10 ұпай көрсеткішімен бағалайды. Сонымен қатар әр топтың қортынды ұпайларын айтып жеңіске жеткен топтарды мақтау қағазымен марапаттайды.
2-жүргізуші: Осымен біздің «География әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайыс сабағымыз аяқталды. Баршаңызға рахмет.