Материалдар / Сыныптан тыс іс - шара "ХХІ ғасыр көшбасшысы" 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс - шара "ХХІ ғасыр көшбасшысы" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
МИФ апталығында өткізуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2018
1060
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыс

Күні: 24. 01. 17 жыл

Мақсаты:


  1. Білімділік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілетін және ораторлық шеберлігін ойын арқылы дамыту;

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, жауапкершілікті сезіну және өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қатысушылар: 11 сынып оқушылары.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, карточкалық тапсырмалар, әр оқушыға даярланған үстел, нақыл сөздер.

Түрі: МИФ интеллектуалды сайыс

Типі: Сайыс түрінде

Жоспары:

І. «Бәйге»

ІІ. «Көкпар»

ІІІ. «Миға шабуыл»

ІV. «Полиглот»

V. «Оратор»

Қолданылған нақыл сөздер:

1. «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...»

(К.Э. Циолковский)


Барысы:

«XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайыс


Физика - табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.

 

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.


Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,- деп бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

 

Ал,оқушы,ұстаздар

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа ,

Қол соғып қарсы алайық, - деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.


1 нөмірдегі сайыскеріміз: Мухамедиева Назира

2 нөмірдегі сайыскеріміз: Газизов Аслан

3 нөмірдегі сайыскеріміз: Сейдекенов Айдос

4 нөмірдегі сайыскеріміз: Сайтгараев Ахат

5 нөмірдегі сайыскеріміз: Абдуллаев Мирас


Мен бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызды ұлы орыс физигі К.Э. Циолковскийдің «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...» деген сөзімен бастағым келеді. Құрметті «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер, бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Солармен танысып өтейік.


Жоспар:

І. «Бәйге»

ІІ. «Көкпар»

ІІІ. «Миға шабуыл»

ІV. «Полиглот»

V. «Оратор»


І-тур. Бәйге.


Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.

 

Сайысымыздың І-кезеңі - «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге пәндерден сұрақтарға жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:

1 ойыншы

  • Қазақ тілі түркі тілдерінің қай бұтағына жатады? ҚЫПШАҚ

  • Тік бұрышы бар үшбұрыш? ТІК БҰРЫШТЫ

  • Ең аласа материк? АУСТРАЛИЯ

  • Казақстан мен Ресейдің ортақ космодромы? БАЙҚОНЫР

  • Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы? КОСИНУС

  • Ашық ыдыстағы су неге азаяды? БУЛАНАДЫ

2 ойыншы

  • Түркі халықтарының ескі жазуы? ОРХОН-ЕНИСЕЙ

  • Шектелген түзу бөлігі? КЕСІНДІ

  • Ең терең мұхит? ТЫНЫҚ

  • Абылай хан неше жыл бойы хан болды? 10

  • Математикадағы 6 амал? ЛОГАРИФМ

  • Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы? ТОК

3 ойыншы

  • Көне сөздерді зерттейтің ғылым? АРХАИЗМ

  • Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем? ТЕОРЕМА

  • Екі Американы бөліп тұрған канал? ПАНАМА

  • Кімнің көтерілісі 14 жылға созылды? СЫРЫМ ДАТҰЛЫ

  • Цент арқылы өтетін хорда? ДИАМЕТР

  • Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама? ЖЫЛДАМДЫҚ

4 ойыншы

  • Бір мүшелердің қосындысы? КӨПМҮШЕ

  • Қазақ тілі ҚР мемлекеттік тілі мәртебесін қай жылы алды? 1989

  • Африка мен Азияны бөліп тұрған канал? СУЭЦ

  • ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ қашан қабылданды? 1990 жылы 25 қазан

  • Қарама-қарсы қабырғалары параллель төртбұрыш?ПАРАЛЛЕЛОГРАММ

  • Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады? ДИФФУЗИЯ

5 ойыншы

  • Диссимиляция латын тілінен аударғанда нені білдіреді? ҰҚСАМАУ

  • Тек 2 қарама-қарсы қабырғасы параллель болатын төртбұрыш? ТРАПЕЦИЯ

  • Шеңбер ауданының формуласы?

  • 19 ғасырдағы 10 жылға созылған қазақ даласындағы көтеріліс? КЕНЕСАРЫ

  • Америка мен Антарктида арасындағы шығанақ? ДРЕЙК

  • Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)


ІІ-тур. Көкпар.


Адам - Алып таңғажайып ісімен,

«Көкпар» - ойын ой тастаған түсімен.

Зерделілер заманды алға жылжытсақ,

Физикалық заңдылықтар күшімен.

 

Бұл адамдар ардақтаған халықтар,

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,

Алыптарды әрқашанда танып қал.


Әр қатысушыға 1 мин уақыт ішінде сұрақтар қойылады. Бір сұраққа 1 ұпай беріледі.

1-ойыншы:

  1. Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы? ЕҢЛІК КЕБЕК

  2. Ұшбұрыштың қабырғаларының қосындысы? ПЕРИМЕТР

  3. Значение фразеологизма ЗА ТРИ ДЕВЯТЬ ЗЕМЕЛЬ? Очень далеко

  4. Грузия астанасы? ТБИЛИСИ

  5. Жүректі емдейтін дәрігер? КАРДИОЛОГ

  6. 203? 8000

  7. Күннен ең шалғай орналасқан планета? ПЛУТОН

  8. Ең жылдам жануар? ГЕПАРД

  9. The capital of the USA? Washington (ЗЕ КАПИТАЛ ОФ ЗЕ ЮАСЕЙ?)

  10. Ньютонның 1867 ж. бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не? АЛМА

  11. Теңіз құдайы? ПАСЕЙДАН

  12. Эверест шыңының биіктігі? 8848м

  13. Дұрыс он екі жақтан тұратын фигура? ДОДЕКАЭДР

  14. Әуезовтың Гогольден аударған туындысы? РЕВИЗОР

  15. 2004 жылғы олимпиада ойындары болған қала? АФИНЫ


2-ойыншы

  1. 3 әріптен тұратын уақыт бірлігі? ЖЫЛ

  2. Значение фразеологизма СЛОМЯ ГОЛОВУ? ОЧЕНЬ БЫСТРО

  3. Дұрыс алты жақтан тұратын фигура? КУБ

  4. Байтұрсынов 40 мысал еңбегін кімнен аударды? КРЫЛОВ

  5. Центнерде неше кг? 100

  6. Сүйектер мен буындарды емдейтін дәрігер? ОРТОПЕД

  7. Иранның астанасы? ТЕГЕРАН

  8. ҚАРТҚОЖА романының авторы? ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ

  9. Дұрыс жиырма жақтан тұратын фигура? ИСОКАЭДР

  10. Ең ыстық планета? ШОЛПАН

  11. Жүйке жүйесін емдейтін дәрігер? НЕРВОПОТОЛОГ

  12. Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалым. РЕНТГЕН

  13. Ең ауыр маймыл? ГОРИЛЛА

  14. РАУШАН КОММУНИСТ, КЕДЕЙ ТЕҢСІЗДІГІ повестьтері кімдікі? БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН

  15. Геометрияның кеңістікте қарастыратын бөлімі? СТЕРЕОМЕТРИЯ


3-ойыншы

  1. 1тоннада неше центнер? 10

  2. Значение фразеологизмаМОЗОЛЬ ГЛАЗА? РАЗДРАЖАТЬ

  3. ҚАЛЫҢ МАЛ романының авторы? СПАНДИЯР КӨБЕЕВ

  4. Армения астанасы? ЕРЕВАН

  5. Дұрыс сегіз үшбұрыштан тұратын фигура ОКТАЭДР

  6. Пи-дің сандық мәні? 3,14

  7. Көз емдейтін дәрігер? ОФТАЛЬМОЛОГ

  8. Шолпаннан кейінгі жерге ең жақын планета? МАРС

  9. Ең ежелгі омыртқалы жануарлар? БАЛЫҚТАР

  10. Махаббат құдайы? АФРОДИТА

  11. Швециядан шыққан атақты рок-группа? АББА

  12. Тік бұрышты үшбұрышты катет арқылы айналдырғанда пайда болған фигура? КОНУС

  13. 2010 жылғы футболдан әлем чемпионы болған қай ел? ИСПАНИЯ

  14. Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? ТЫҒЫЗДЫҚТАРЫ ӘР ТҮРЛІ

  15. Which is Great Britains oldest university? OXFORD (УИЧ ИС ГРИТ БРИТАНС ОЛДЕСТ ЮНИВЁСИТИ)


4-ойыншы

  1. Биылғыжылдың цифрлардың қосындысы? 5

  2. 169? 13

  3. Абайға ТЕЛҒАРА деп ат қойған кім? ЖЕҢГЕСІ ҚАЛИХА

  4. Значение фразеологизма ШЕВЕЛИТЬ МОЗГАМИ? ДУМАТЬ

  5. Түркменстан астанасы? АШХАБАД

  6. Дұрыс төрт үшбұрыштан тұратын фигура? ТЕТРАЭДР

  7. Балаларды емдейтін дәрігер? ПЕДИАТР

  8. Ауа пайда болатын процесс? ФОТОСИНТЕЗ

  9. БАЙШЕШЕК БАКШАСЫ кимниң әңгімелер жинағы? ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

  10. Табиғат құдайы? ТАН

  11. Қабырғалары тең үшбұрыш? ТЕҢ ҚАБЫРҒАЛЫ

  12. Who discovered America? Christopher Columbus (ХУ ДИСКАВЕРЕД АМЕРИКА?)

  13. Африканың ең үлкен мемлекеті? СУДАН

  14. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. АРИСТОТЕЛЬ

  15. Ливерпульдан шыққан атақты рок-группа? БИТЛЗ


5-ойыншы

  1. Чем оканчивается день и ночь? Ь

  2. Значение фразеологизма ЛЕД ТРОНУЛСЯ? ЧТО-ЛИБО НАЧАЛОСЬ

  3. АҢЫЗДАРДЫҢ АКЫРЫ,ҮРКЕР,ЕЛЕН-АЛАН еңбектері кімдікі? ӘБІШ КЕКІЛБАЙ

  4. АЗЕРБАЙЖАН астанасы? БАКУ

  5. Шокан Уәлихановқа МЕН СИЗГЕ ҒАШЫКПЫН деген кім? ДОСТОЕВСКИЙ

  6. Тері ауруларын емдейтін дәрігер? ДЕРМАТОЛОГ

  7. Көлемі бойынша ең алып планета? ЮПИТЕР

  8. Жерде де,суда да өмір сүретін жануарлар? АМФИБИЯ

  9. Жер асты әлемі құдайы? АИД

  10. Американың ең үлкен штаты? АЛЯСКА

  11. Киноны ойлап тапқан француз ғалымдары? АҒАЙЫНДЫ ЛЬЮМЕРЛЕР

  12. Бөлшектің сызық үстінде жазылатын сан? АЛЫМЫ

  13. What is the capital of Wales? Cardiff (УОТ ИС ЗЕ КАПИТАЛ ОФ УЕЛС?)

  14. МӨҢКЕ,РАЙ,ҚАЛЕН,ОЗНОБИН қай романның кейіпкерлері? ҚАН МЕН ТЕР

  15. Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі. ДИФФУЗИЯ


ІІІ – тур. Миға шабуыл.

Әр оқушы экранда көрсетілген ұяшықтардан 1 сұрақтан таңдайды. Әрбір дұрыс жауапқа ұяшық номерлерііне сай ұпай беріледі.

Тақырыптар тізімі


СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ

  1. 2011 жылғы қысқы азиада ойындары қай қалада өтті? АСТАНА,АЛМАТЫ

  2. Елена Хрусталева Туриндағы қысқы олимпиада ойындарында қай спорттан күміс медальға ие болды? БИАТЛОН

  3. Сидней олимпиадасында 100 метрлік спринтте алтын медаль алған қазақстандық спортсмен? ОЛЬГА ШИШИГИНА

  4. 2012 жылғы жазғы олимпиада ойындары қай қалада өтеді? ЛОНДОН

  5. Тәуелсіз Қазақстан спортшылары қатысқан ең алғашқы олимпиада ойындары қайда өткен? БАРСЕЛОНА ИСПАНИЯ


ӨНЕР ӘЛЕМІ

  1. Әйгілі МОНА ЛИЗА суретін салған? ЛЕАНАРДО ДА ВИНЧИ

  2. Қазақ елінің ең әйгілі суретшісі? ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ

  3. Илиада мен Одессей туындысын жазған грек? ГОМЕР

  4. ГАМЛЕТ, РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТАны жазған, Лондондағы ГЛОБУС театырының негізін салған кім? УИЛЬЯМ ШЕКСПИР

  5. Алматыдағы Қазақ Өнер Академиясына кімнің аты берілген? ЖҮРГЕНОВ


ГЕОМЕТРИЯ ӘЛЕМІ

  1. Шардың беті? СФЕРА

  2. Дұрыс төрт үшбұрыштан тұратын стереометрия фигурасы? ТЭТРАЭДР

  3. Ұшбұрыш ауданың есептейтін Герон формуласын кім ашты? АРХИМЕД

  4. Геометрияда патшаларға жеңіл жол жоқ деген сөзді кім айтқан? ЕВКЛИД

  5. Стокгольм газеті бұл ғалымға, ғалымдардың патшайымы атағын берген? СОФЬЯ КОВАЛЕВСКАЯ



ФИЗИКА ӘЛЕМІНДЕ

  1. 1.Электр заряды жоқ бөлшек? НЕЙТРОН

  1. Рычаг ережесін тағайындаған кім? АРХИМЕД

  1. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым. ТОРРИЧЕЛЛИ

  2. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. ГЕОРГ ОМ

  3. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. ИСААК НЬЮТОН


ІV-тур. Полиглот.


Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

3 ұпай, шәкірт саған несібе.


Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Осы үш тур қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады.

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.

(ток, ток, current [каррент])


2.Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді6

Бірақ өзі көрмейді.

( компас,compass [кампәс])

 

3.Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады.

( магнит, magnet [магнет])


4. Көкке қараған, жұлдыз санаған.

(телескоп, telescope [телискоуп])


5.Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды

( сағат,часы, cloсk [клок])

 

6.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.

(күш,сила, strength [стрензсі])

 

7.Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысқан,

Жұмыс істейді әрқашан.

(Энергия,энергия,energy [енеджи])


V- тур. Оратор


Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,

Келіспей ме мақалменен сәніміз.

ҰБТ –ның жаңа форматын,

Талқылайық ортаға салып бәріміз

дей келе сайысымыздың бесінші бағыты «Оратор» кезеңіне де келіп жеттік.

Бұл сайыс екі оқушы арасында болады. ҰБТ – ның жаңа форматына сай «ҰБТ – ның жаңа форматы заман талабы» атты тақырыпты, сәйкесінше, жақтау және даттау. Пікірталас.

Бүгінгі кеш-қызықты кеш,

Көрермендер халайық.

Ой-түйсікті қозғап қазір,

Биік қанат қағайық.

Физика салтанатты,

Осы жерде құруын,

Белсенділік көрсетейік,

Бар ықылас құрулы.


Көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

 

 Әділқазылар алқасына сөз беру: Дипломмен 28.01 күні марапатталады.


Тамашалағандарыңызға рахмет.......


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!