жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс - шара. Қызықты биология әлеміне саяхат. 8 сынып.
Сыныптан тыс іс – шара
Тақырыбы: Қызықты биология әлеміне саяхат
Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.
Міндеттері:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;
Топта жұмыла жұмыс істеуге үйрету;
Түрі: интеллектуалды сайыс
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым, «Қызықты биология әлеміне саяхат» атты 8 -А сынып оқушыларымен биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл – тон аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын,
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын – деп, Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:
8 –А және 8 - Ә сыныптың оқушылары:
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1. Биология пәнінің мұғалімі:
2. Химия пәнінің мұғалімі:
3. География пәнінің мұғалімі:
Енді
сайысымыздың негізгі бөлімдерімен
таныстырар болсам:
Сайысымыз
6 кезеңнен тұрады:
І
кезең: Кім білгір?
ІІ кезең: «Сенесіз
бе, сенбейсіз бе?»
ІІІ кезең: Терминдер
аукционы
IҮ кезең: «Қызықты сұрақтар»
Ү
кезең: «Қара жәшік».
ҮІ кезең: «Үздік оратор»
Тапқыр,
білгір, дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды,
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға
сал барыңды –
деп,
сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік
тілей отырып, сайысымыздың алғашқы
турын бастайық.
I
кезең. «Кім білгір?» кезеңінде
әр оқушыға 10 сұрақ оқылады. Сайыскерлер
оқылған сұраққа толық жауап береді.
Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Аз ұпай
жинаған 2 сайыскермен қоштасамыз. Ендеше
іске сәт!
I оқушыға:
1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы:
2.Адам денесіндегі буындар саны неше?
3.1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген:
4.Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет не береді:
5.1870 - 1880 жылы ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде кім дәлелдеді? 6.«Экология» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
7. Иммунитет дегеніміз не?
8.Дәрумендер дегеніміз не?
9.Гигиена – сөзінің мағынасы не?
II оқушыға:
1.Балықтың зәр шығару мүшесі:
2.Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без:
3.Төменгі сатыдағы өсімдіктер:
4.Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат:
5.Микробиологияның дамуына жол ашқан:
6.«Экология» терминін ұсынып, анықтамасын берген ғалым кім? 7.Иммунитеттің негізін кім қалаған?
8.Ең алғаш дәруменді тапқан кім?
9.Тіс гигиенасы.
III оқушыға:
1.Денесінің түсі тез өзгерете алатын қабыршақтылар отрядының өкілі:
2.Инсулин жетіспегенде болатын ауру:
3.Біржасушалы талшықты балдыр:
4.Жасушаның көбеюіне қатысады:
5.1892
жылы темекі теңбілін зерттеп, вирусты
кім ашты?
6.Экология ғылымының
қалыптасуы негізгі неше кезеңнен тұрады?
7.«Антидене» дегеніміз не?
8.Қазіргі кезде организмнің тіршілігі үшін маңызы зор дәрумендер саны. 9.Тіс щеткасын неше айда айырбастау керек?
IV оқушыға:
1.Африка түйеқұсының саусағы:
2.Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы не деп аталады?
3.Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым кім?
4.Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер:
5.«Вирус» терминін 1899 жылы ғылымға кім енгізді:
6.Қазақстандағы ұлттық табиғи саябақтар саны нешеу?
7.Иммунитеттің түрлерін атаңыз.
8.Дәрумендердің адам ағзасында жетіспеуінен болатын ауру.
9.Ұйқы гигиенасын қалай сақтайсыңдар?
V оқушыға:
1.150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі:
2.Қанның құрамына жасушалар кіреді:
3.Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері:
4.Жасушаларды энергиямен не қамтамасыз етеді:
5.Биосфера туралы ілімнің негізін салған ғалым кім?
6.Қоршаған ортаның ластануы қандай топтарға бөлінеді?
7.Қан топтары неше топқа бөлінеді?
8.Дәруменді шектен тыс мөлшерде пайдалану кезінде ағзаның улануы не деп аталады?
9.Тері гигиенасын сақтамаған жағдайда қандай аурулар пайда болады?
VI оқушыға:
1. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын не?
2.Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды?
3.Пішіні малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақ:
4.Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді:
5.Хромосомалық теорияны жарыққа кім шығарды?
6.Табиғатты қорғау дегеніміз не?
7.Қан беретін адам.
8.Дәрумендердің түрлері қалай белгіленеді?
9.Күн өткенде көрсетілетін қандай алғашқы көмек көрсетіледі?
YII оқушыға:
1.Жұмыртқа салатын сүтқоректі.
2.Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек? 3.Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық:
4.Жасушадағы көпіршік, түтікше тәрізді органоид не?
5.Ядролық сынақ өткізуге мораторий жариялаған тұлға кім?
6.Қазақстанның Қызыл кітабы қай жылы жарық көрді?
7.Қан қабылдайтын адам.
8.Адамдарда қай дәруменнің жетіспеуінен мешел (рахит) ауруы пайда болады?
9.Салауатты өмір салты дегеніміз не?
YIII оқушыға:
1.Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі .
2.Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады:
3.Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді: 4.Пластидтер неде болады?
5.Эволюциялық
ілімнің негізін салған ғалым кім?
6.Қызыл кітап неше санатқа бөлінген?
7.«Иммунды реакция» дегеніміз не?
8.А витамінінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері қанша мг?
9.Жүйке жүйесінің гигиенасы қандай?
IX оқушыға:
1.Қосарлы тыныс алатын қандай жануарлар?
2.Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын қандай заттар?
3.Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым:
4.Жасушадағы органикалық қосылыстарды атаңыз:
5.«Зоология философиясы» атты еңбек жазған ғалым кім?
6.Экожүйелер дегеніміз не?
7.Қарсы дене басқаша қалай аталады?
8.Суда еритін қандай дәрумендер?
9.Әр мүшенің гигиенасын (тазалығын) сақтау туралы өсиет жазып кеткен биолог – ғалым кім?
X оқушыға:
1.Құрттар - топырақтан, шыбындар - шіріген еттен пайда болады деп есептеген қай ғалым?
2.
Арқа омыртқаларының саны нешеу?
3.1920
- 1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын
жазған қай ғалым?
4.Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны неше?
5.«Невада – Семей» қозғалысын кім басқарған?
6.Қышқыл жауындар дегеніміз не?
7.Шешекке қарсы егуді алғаш рет қолданған ағылшын дәрігері кім?
8.Адамға тәулігіне қажетті барлық дәрумендердің мөлшері қанша?
9.Көздің гигиенасы қандай болуы керек?
II
кезең. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» кезеңінде
әр оқушыға 2 сұрақ оқылады. Сайыскерлер
оқылған сұраққа сенемін немесе сенбеймін
деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай
беріледі. Ұпайы төмен 2 оқушымен
қоштасамыз.
1. Сенесіз бе, сенбейсіз
бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды
микология деп атайды.
1. Сенесіз бе,
сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен
нан ашытуға болады.
2.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең
биік ағаш – шырша
2. Сенесіз
бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында
пластидтер кездеседі.
3.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе бақаның
ескерткіші Франция мен Жапония елдерінде
қойылған.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе
қазақстанда 12 қорық бар
4.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды
бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды
жатқызады.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз
бе адамда 1 бас, 2 қол. 3 аяқ бар
5.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе адам бүйректің
салмағы 150, жүректікі 250 - 300 г.
5. Сенесіз
бе, сенбейсіз бе ағаштар 300 - 500 жыл
жасайды.
6.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны
Қазақстан.
6. Сенесіз бе, сенбейсіз
бе Канада туында емен жапырағы белгіленген
7.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе жасуша тіршіліктің
ең кіші өлшем бірлігі
7. Сенесіз бе,
сенбейсіз бе генетика ғылымы жануарларды
зерттейді
8.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең
кішкентай құс колибрий.
8. Сенесіз
бе, сенбейсіз бе ботаника өсімдіктерді
зерттейтін ғылым
III
кезең. Терминдер аукционы. Оқушыларға
уақыт беріледі таңдаған саласы бойынша
термин сөздерді жазып шығады. Нашар
жауап берген 2 сайыскерімізбен
қоштасамыз.
1. Микробиология
2. Гигиена
3. Микология
4. Бриология
5. Генетика
6. Диетология
7. Орнитология
8. Урология
9. Биология
10. Физиология
11. Экология
12. Стомология
IҮ кезең. «Қызықты сұрақтар». Әр оқушыға 1 сұрақтан беріледі. 2 сайыскермен қоштасамыз.
1)
Шай қайнатып шағала,
Бәрін шайға
шақырды.
Келді тоғыз шағала,
Неше
шағала шай ішті?
2) Бөлменің 4 бұрышы
бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр, әр мысықтың
қасында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық
бар?
3) Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш
қандай ағашқа қонады?
4) 1 кг тас ауыр
ма, 1 кг мақта ауыр ма?
Y
кезең. «Қара жәшік». Екі
оқушыға да ортақ сұрақ. Бірінші болып
жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі.
«XVI
ғасырдың бас кезінде Педро Де Леон
дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға
сапар шеккен испандық қарақшылардың
кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда
жергілікті адамдардың осымен тамақтанатынын
байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды
екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо
деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы
деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп
атапты. Ресейде XVIII ғасырдан бастап
тарай бастады. Оның мұнда таруына III
Петрдің еңбегі зор. Сандықшада не бар?»
YI кезең. «Үздік оратор». Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген ораторлық кезең. 1-ден 10 балдық шкала бойынша бағаланады.
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Ішімдік пен никотин – адамның қас жауы.
3. Еңбек пен қимыл - өмір негізі
4. Тәні саудың, жаны сау
Сөздің кезегін әділ - қазыларға береміз.
Енді
кезек марапаттау кезеңіне өтеді.
Жүргізуші:
Сонымен бүгінгі «Қызықты биология
әлеміне саяхат» сайысы өз мәресіне
жетті. Алда әлі де биік – биік асулардан
көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Жаңа
ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
Ей болашақ саулығың өз қолыңда,
Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.
Шуақты күндерде жолыққанша!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген