Сыныптан тыс іс - шара тәрбие сағаты: "Арайлы Алтын күз!"

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Сыныптан тыс іс - шара тәрбие сағаты: "Арайлы Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: 1-4 сыныптар арасында "Арайлы Алтын күз!" тақырыбында сайыс бағдарламасымен танысып, мектепішілік Ханзада мен ханшайым белсенділіктері үшін марапатталды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кеш тақырыбы: «Арайлы Алтын күз!» танымдық кеші
Мақсаты:
1.    Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.
2.    Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
3.    Ұқыптылыққа,  шымыр да шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шарлар.

1-жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Бірге: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!


1-жүргізуші:     

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
2- жүргізуші: 
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
                   Жиын десе, той десе жан салады.
                   Кешіміздің ашылу құрметіне,
                    Әуелеген әсем би жолданады.

1-жүргізуші:

Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!


2-жүргізуші: Жомарт көңіл жарқын күз,
        Сары алтынға малынған.
         Жетті міне Алтын күз,
        Сары алтыннан бұрын да.
        Сары пүліш көйлегі,
         Алтын күзді шынында,
         Ару дерсің бейнелі.
        Келістіріп бар сәнін,
         Берген өзі табиғат.
                 Қарсы алайық, жамағат! - дей отырып ортаға қатысушы топтарды шақырамыз!

  1. Мектепалды даярлық тобы

  2. 1 сынып

  3. 2 сынып

  4. 3 сынып

  5. 4 сынып

1-жүргізуші:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, – дей келе әділқазы алқасымен таныстырып өтейік.
Әділқазы мүшелері:

  1. Мектеп директорының міндетін атқарушы: Гулнур Нұртасқызы Жиенбаева

  2. Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Айнаш Болатқызы

  3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Айдын Болатұлы Алсаев

Әділ қазылар әр тур өткен сайын бағалап отырады.

1-жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, топтар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқаудың ережесімен таныстырып өтелік.
1 – кезең: «Кел танысайық» (топты таныстыру, емблема)

2 – кезең: «Өнерлі өрендер» (ән, би, күй т.б)

3-кезең: «Кел күлейік» (қызықты көрініс қою)
4 – кезең: «Күз сән үлгісі»
5 – кезең: «Дәм тарту» (күзгі өнімнен жасалған тағамның бір түрін көрсету)
6 – кезең: «Қабырға газеті»

2-жүргізуші:

Өнер қуып әрбірі өтер дейміз.
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіп
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз.
«Кел танысайық» сайысы!

1-жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - дей келе келесі
«Өнерлі өрендер» кезеңін тамашалайық.
Ортаға жұптарды билеуге шақырамыз.


2-жүргізуші:

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші достарым, қанекей,
Топтарға сөз берелік біз жекелеп,- дей келе 
«Кел күлейік» сайысын бастаймыз!


1-жүргізуші:

Сәнқой болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырай да, - дей отырып, 
«Сән үлгісі» сайысын бастаймыз. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.
Әр жұп дайындаған киімдерін киіп сән үлгісін көрсетеді.
2-жүргізуші: 5 – кезең: «Дәм тарту» (күзгі өнімнен жасалған тағамның бір түрін көрсету). Топ басшылары үйден жасалған өнімдерін, ас мәзірлерін таныстырады.
1-жүргізуші:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Бар хандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,- деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзгі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.
Ендеше 
«Қабырға газетімен» топ басшылары таныстырып өтсе.

Бұл «Арайлы Алтын күз!» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!
2-жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін ,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
«Арайлы Алтын күз!» байқауын қорытындылау үшін әділқазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділқазыларда!
---------------------------------
1-жүргізуші:

Осылайша «Арайлы Алтын күз!» сайысы өз мәресіне жетті.

Мектеп қой еліміздің қаны-жаны,
Мектептен басталады бәрі-бәрі.
Бүгінгі
«Арайлы Алтын күз!» салтанатында
Шырқалсын «Алтын күздің» әнұраны. 

2-жүргізуші:

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.

Осымен «Арайлы Алтын күз!» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!




БЕКІТЕМІН:

Мектеп директорының

міндетін атқарушы:

_______ Г.Н.Жиенбаева









Танымдық кеш

Қош келдің, Алтын күз!»





Педагог – ұйымдастырушы: С.Д.Кальпебаева













2021 – 2022 оқу жылы

Педагог-ұйымдастырушы Н.Т. Жетибаева







2016-2017 оқу жылы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2021
750
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі