400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Сыныптан тыс іс - шара: "Тіл жүйрікте кім жүйрік?" 5 - 6 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл метериал орта білім беретін мектептердегі ұстаздарға арналған қазақ тілі мен əдебиеті пəніне деген білімділіктерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Тіл жүйрікте кім жүйрік?
(сыныптан тыс сайыс сабағы)


Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;

Сабақтың əдісі: сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекілігі: тақтада даналық сөздер, сайыстың атауы, суреттер.
(сыныптан тыс іс-шара 5"А», 6" Ә» сыныптар арасында ұйымдастырылады. Әр сыныптан 5 оқушы және сынып жетекшілері қатысады.)
Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
 Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.
 Өмірдің өзі адамды тірестірген,
 Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
 Айнала отырып ап исі қазақ
 Азаматын өзара күрестірген-дей  отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. 5 «А», 6 «Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндінің мұғалімі  Исина Тəжбенова Майра және орыс тілі пəні мұғалімі Аскаровна Камшат, ағылшын пəні мұғалімі Кульбаева Маржан. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы  яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
                 -   Ана тілі  қазағымның қаймағы,
                     Тілің сенің өміріңнің айғағы.
                     Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
                     Әр сыныптың білгірлерін сайлады.

– Бүгінгі біздің сайысымыз 7 бөлімнен тұрады, тапсырмалар əр тұрлі болып келеді, жауаптарын топ болып талқылап , қорытынды шығарып айту керек, топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек.

1-кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ"

2-кезең: «Мың бір мақал"

3-кезең: «Маржан сөз"

4-кезең: «Шешендік өнер"

5- кезең: «Шешуін тап"

6-кезең: «Жаңылтпаш айтып жарысу"

7-кезең «Өлең өрнегі"

Екі сынып екі топқа бөлініп: топ аттары беріледі, «Достық" тобы, «Жұлдыз" тобы.

1-кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ"

Əр топқа бір əріп беріледі. «Достық" тобына «А» əрпі, «Жұлдыз» тобына «Ж» əрпі.

Топтар бір минут ішінде сол əріптен басталатын əр сөз табынан келетін сөздер жазып, қойылған сұрақтарға тек сол əріптерден басталатын сөздермен жауап береді. Дұрыс жауап - 1ұпай.

«Достық" тобына:

  1. Сен кімсің?

  2. Бірінші септік?

  3. Ең жақын адам?

  4. Еліміздің бас қаласы?

  5. Нешінші сыныпта оқисың?

  6. Сүттен жасалған сусын?

  7. Ең əдемі құс?

  8. Саған ертегі айтады?

  9. Бал жинайтын жəндік

  10. Ең тəтті жеміс?

«Жұлдыз" тобына:

  1. Сен қалай оқисың?

  2. Сағыз қанша тұрады?

  3. Қазақ тілінде неше септік бар?

  4. Əжең қайда тұрады?

  5. Гүл қайда өседі?

  6. 1-қаңтар қандай мереке?

  7. Əліпбидің 10-əрпі?

  8. Диванда отырып əке не оқып отыр?

  9. Сиыр, қой, түйе нелер?

  10. Ең ыстық мезгіл?

(Əділқазыларға сөз)

2-кезең: «Мың бір мақал».

«Мақал сөздің мəйегі" деп мақал-мəтелдер жарысын бастайық. Топтар тіл туралы мақалдарды кезекпен айтады. (Əділқазыларға сөз)

3-кезең: « Маржан сөз».

« Оқы да біл, ойна да күл" ойыны арқылы берілген сөздерден бірнеше сөз құрау. «Достық" тобына: (адалдық), «Жұлдыз" тобына (еңбекқор) сөзі беріледі. (Əділқазыларға сөз)

4- кезең: «Шешендік өнер». Берілген мақалдың жалғасын табу:

  1. Отансыз адам - ... ( ормансыз бұлбұл).

  2. Ер – елінде, ... (гүл – жерінде).

  3. Отан - ... (отбасынан басталады).

  4. Мектеп – кеме, ... (білім – теңіз).

  5. Күш – білімде, ... (білім- кітапта).

  6. Ел іші - ... (алтын бесік).

  7. Ақыл азбайды, ... (білім тозбайды).

  8. Жүз теңгең болғанша, ... ( жүз досың болсын).

  9. Кітап - ... (алтын қазына)

  10. Қыз - ... ( қонақ).

(Əділқазыларға сөз)

5-кезең: «Шешуін тап». Жұмбақ шешу сайысы, əр жұмбақтың шешуін үш тілде жеткізу.

    1. Қақпақты тарс-тарс жабады,

Терезені қағады.

Уілдейді ысқыррып,

Қорқытады баланы. (Жел, ветер, wind)

    1. Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. (Кітап, книга, book).

    1. Қабат қабат қаттама,

Ақыллың болса аттама. (Кітап, книга,book.).

    1. Қимылдаса көп шебер,

Қыруар- қыруар іс бітер.(қол, рука, arm)

    1. Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (Киі үй, юрта, yurt)

    1. Даусы бар, жаны жоқ

Шертсең күйі əні көп.

Құлағын он бұра ,

Ол не? (Домбыра, домбра, dombra).

    1. Өзі ащы,

Бірақ дəмді етер асты. (Тұз, соль, salt).

    1. Қара сиырым қарап тұр,в

Қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан, казан, kazan)

    1. Жыл -жылт етеді,

Жылғадан өтеді. (Су, вода, water)

10 . Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз, мороз, fros)

(Əділқазыларға сөз)

6-кезең: «Жаңылтпаш айтып жарысу». Тез, дұрыс айту.

  1. Тақпақ жаттап, айтсақ жақсы ақ.

Жатқа тақпақ, жатта тақ- тақ.

  1. Ата мен əже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді.

Ауылға Арман бала да,

Арбамен тасып береді.

  1. Баланың жаман болмағаны,

Мұғалім ағайдың жаман болмағаны.

  1. Бар, май шайқа, байқа, жай шайқа. (Əділқазыларға сөз)

7-кезең: «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа 4-5 жол өлең шығару. (Əділқазыларға сөз).

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді , өнерлеріңді ортаға салып, топ абройын жоғары көтердіңдер. Болашақта мектепте, басқа ұйымда өтетін шараларда жүлделі орын алуларыңа тілектеспін.

Əділқазылар алқасына да құрметтерімізді білдіріп, қошемет көрсетейік.

Марапаттау рəсімі.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі