жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс- шара. Бейбіт күн жасасын әлемде...
Бейбіт күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.
Өтілу
барысы:
Сахна ішін безендіру.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші:
-Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Слайд
-Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен- 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Жүргізуші:
-Соғыстың
алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес
халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір
ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс
болды. Қанішер неміс басқыншыларымен
Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Хор:
1) Катюша әні
2) Атқа мін әні
оқушы: Жеңісті жақын еткендер,
Тым ерте сөніп кеткендер.
Сөнбейтін алау барына,
Мәңгілік сөніп кеткендер.
Бұл үшін құрбан болғандарың үшін.
Мәңгілік от болып жатқандарың үшін
Еске алып, 1 минут үнсіз тұрайық.
1 минут үнсіздік.
М.Маметованың монологі
Не еткен жым-жырт, тына қапты барлығы
Төңірегім құлаққа ұрған танадай.
Зеңбіректің күйген даусы қарлығып
Тоқтағандай айқайлауға жарамай.
Тек мына бір ақ қайыңның жапырағы
Күбірлейді, күрсінеді, жылайды.
Әлдекімнің тіршілігін тілейді,
Әлдекімге өмір, бақыт сұрайды.
(Жалт бұрылған қыз жарқ еткен көзімен көрермендерге қарайды. Ол алқынып тұр.)
– Мама, мама, «күнім» деген сенсің ғой,
Әрең жетті - ау әлсіреген дауысың.
Жыламашы, шыдап бақшы, ерсің ғой,
Бар емес пе еді бір еркектей намысың.
Сағындың ба, мен де сені сағындым.
Қандай ана сағынбайды баласын,
Қандай бала сағынбайды анасын,
Жүрегімде жалғыз өзің ғанасың!
Жүрегімде жалғыз өзің ғанасың,
Күт. Келемін. Күйінбе де, жылама.
Өзім жазам жаныңның да жарасын,
Ешкімнің де кешірімін сұрама.
Папам менің айыпталған жазықсыз,
Біз жаладан жау семьясы атандық.
Сақ бол, мама, кетпесінші сындырып,
Аяу білмес жүрегі тас қаталдық.
Жаси берме. Жасыңды тый, жылама,
Ешкімнің де кешірімін сұрама.
Кірленбейді әділдік пен адалдық,
Жеңе алмайды жақсылықты жамандық!
Күт, маматай, жүрегіңді сақтай бер,
Мен де саған оралғанша ынтықпын.
Ұшса - дағы қанша алысқа қайтпай ма
Ұясына балапаны бүркіттің.
Атқан таңмен, шыққан күнмен бірге күт,
Күт, маматай, ұшқан балапаныңды.
Құр тастамас кеудедегі жақсы үміт
Жасты көз бен жайған алақаныңды.
Батқан күнмен, басқан түнмен бірге күт.
Мен де саған оралғанша ынтықпын.
Оралмасам қош бол, мама, көрерсің
Қалған менен соңғы белгі мылтықты.
Әлияның Сапураға жазған хаты. Монолог.
-Қайырлы
таң, қымбатты Сапура!
Менің хатымның
саған қашан жететінін білмеймін, бірақ
сонда да өзімнің жауынгерлік өмірімдегі
соңғы жәйтті хабарлауға асығамын. Қазір
мен жол үстіндемін, ладыңғы күні
атанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге
кетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл
аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің
былайша да түсінесің ғой деп ойлаймын.
Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды
өтінемін, неге десең мектепте әлде де
болса бір - қатар уақыт оқуға қалдырса
да, өзім сұранып аттандым.. Өміріме
өкінішім жоқ.. Бірақ жүректі билеген
бір қалтқы ой бар. Жоқ, ол - өзім турал
емес сенімен, сәбилермен, жеңгеммен,
жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным.
Жеңешеме мені майданға аттанды, көңіл
хошы тамаша, хал - ақауы өте жақсы, тек
қобалжымасын деп тілек айтады деп жаз.
Ол кісіге Әлия сәбилерге мейірімді
қаруды өтінеді деп жазуды өте сұраймын.
Жеңешем балаларды адал ниетті, батыл,
халық ісіне берілген, әсіресе ата -
аналары мен жақындарын сыйлайтын адам
болатындай етіп тәрбиелесін.
Өмірде
барлық жақсылыққа жет деген өзіңе дара
ізгі тілекпен Әлия.
Би «Синий платочек».
Би «Смуглянка»
«Ананың хаты» монолог
- Құлыным, аманбысың?! Тағдырдың тажал төбетін тымақтай сілкіп жүрмісің? Қайтейін, қарғам ау, сені аялап өсіріп, енді азамат болғанда, ажалмен айқасуға шығарып салам деп үш ұйықтасам түсіме кірді ме? Бүгін таңға жуық көзім ілініп кеткен екен. Дәл құлағымның түбінен апа, уайымдама, мен жеңіспен ораламын,- деген дауысың естілді, анық естілді. Иә, жарығым, тілегің қабыл болғай, тілегің қабыл болғай, жарығым. Өйткені сен біздің ошақтың ғана емес, қалың еліңнің сәулесін жағуға тиіссің. Білемін, мынандай қантөгіс құрбандықсыз болмайды. Бірақ, менің үмітімнің сәулесі сен сөнуге тиіс емессің. Сені мен түгіл мына үйдің іргесіндегі өзің су тасып жүріп салған жалғыз аяқ соқпағың да тосады. Алақаныңнан қант беріп үйреткен қасқа құлының да кісінеп қояды. Тіпті мына тозағы жеткен есік те, желп еткен желге сен келгендей сықырлап ашылады. Сен келесің, қайтар жаудың бетін, сен жеңіспен ораласың! Мен сол күнді күтемін, құлыным!
«Әлия» монолог Мадина 9 Б сынып (слайд)
- Кестені оюлап тігетін саусақтарым күннің күнінде мылтықтың шүріппесін баса-баса сүйелденеді деп кім ойлаған? Қобданың суында еркелеп жүзіп, бақытты жүрген күндерімді соғыс ұрлайды деп кім ойлаған? Шыбынды шүберекпен қуып жүріп, өлтіруге қимайтын ет жүрегім қорғасын боп оққа айналады деп кім ойлаған? Қолым менің қанға малынды. Бірақ мен адам өлтірген жоқпын. Адам кейіпін жамылған хайуанды көздедім. Фашизмге оқ аттым. Бәрі де жеңіс үшін! Болашақ үшін! Отан үшін!
Жест өлең «Әлия»
Письмо солдата с фронта
Ну,
здравствуй, солнышко, душа родная…
Затишье.
Я опять тебе пишу.
Когда вернемся с
фронта, я не знаю.
Победу ждем! Лишь
этим и дышу.
Хочу сказать, что я живой
– здоровый.
Недосягаем я для вражьих
мин!
Вот только Сашка… помнишь ли
его? Дроздова?
Погиб вчера. Мой
друг…похоронил.
А что ещё писать
домой девчонке,
едва которой
восемнадцать лет?
Что однолетка в
рваной гимнастерке
в земле лежит
и в храме не отпет?
И что никто мне не
прикроет спину
и не отгонит подлый
едкий страх?
Не рассказать – нет
сил! – как рыл могилу,
пытаясь
слезы скрыть в своих глазах.
О чем
ещё, родная, мне поведать?
Что
иногда ночами плохо сплю?
Спокойный
сон на фронте очень редок.
Зовут.
Пора. Скучаю и люблю.
Баубек Бұлқышев «Мен өмір сүргім келеді»
Осы түнде Федя Раясын ойлайды, орыстың әдемі әйелін сағынады. Вася белорус қызы Сашасын ойлайды. Мен де өзімнің сүйген қызымды ойлаймын. Шығыс қызы Жаннаны сағынам: Жаным Жанна, сен тіпті алыстасың. Бірақ суретің қалтамда, комсомол билетімнің арасында, менің жылы құшағымдасың. Жүрегімді сенің адал махаббатың жылытады.
Жанна, сен қайдасың қазір? Мүмкін екінші сменаға қалып, дәл қазір соғыс заводында жұмыс істеп тұрған шығарсың? Маған оқты көбірек құйып берудің жолында шығарсың. Мүмкін ұзақ түн оқ құйып, қазір ұйықтап жатқан шығарсын,? Түсіңде өзің құйған снарядтардың немістерді қалай талқандайтынын көріп жатқан шығарсың?
Тыныш ұйықта, жаным! Ұйқың бұзылмасын деп, күзетінде біз тұрмыз мұнда. Мен оқымысты болуды арман етуші едім. Қазіргі күнде сені қорғайтын, өзіміздің Шығысты қорғайтын, өзіміздің Отанды қорғайтын солдатпын. Таңертең соғысқа кіргенде есімде сен боларсың, елім болар.
Менің өмір сүргім.келеді. Жанна, білемісің, соғыста өлу деген қиын жұмыс емес. Көп адамдар: «Отан үшін өлеміз», — дейді. Керек болса, Москваны қорғап өлген біздің 28 бауырлар сияқты өлеміз Отан үшін. Бірақ біз, оған солдаттары: «Отанымыз үшін өмір сүргіміз келеді!» «Фашистерді қырғымыз келеді!» — дер едік.
Менің өмір сүргім келеді. Бірақ фашист неміспен бірге өмір сүре алмаймын. Фашисі бар дүние тар мен үшін. Адам мен аң бір бөлмеде тұра алмайды. Бір жердің үстінде фашист неміспен бірге жасай алмаймын мен. Біз Шиллерді, Гетені сүйетінбіз, біз оларды қазір де жақсы көреміз. Біз қанқұмар емеспіз. Бірақ мен Германия жастарының арасында Вертер сияқты біреуін де таба алмадым. Оларда жүрек жоқ.
Би
«Три танкиста»
Жүргізуші:
1945
жылдың 8 мамыры күні Берлинде фашистік
Германияның толық жеңілгендігі туралы
құжаттарға қол қойылды. Фашистік
Германияға қарсы соғыс жеңіспен аяқталды.
1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры
әр адамның зердесінде мәңгілік сақталады.
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген
Жойылсын мәңгіге жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген
Күректер музейге қойылсын.
Баласын ана, анасын бала жоқтамасын мәңгілік.
Жеңіс күні әні орындалады. Сахнаға балалар шығады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген