Материалдар / Сыныптан тыс іс- шара. "Кішкентай арулар" Мектепалды даярлық сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс- шара. "Кішкентай арулар" Мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
... Мереке қарсаңында өткізілген іс -шара, ата -аналарға және қыздарымызға мерекелік көңіл күй тудыру. Өз іс тәжірибемен бөлісу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
938
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«21 орта мектеп» КММ









Shape1







Өткізген: мектепалды даярлық сыныбының

тәрбиешісі Абуева Ф.Қ.





Петропавл қаласы

Кішкентай арулар

Мектепалды даярлық сыныбы
Мақсаты:
1. Қазақ халқының өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету.
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, шеберліктерін дамыту.
3. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Әдісі: сайыс түрінде
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
3. Келесі кезекті оқушыларға берейік.
1 - бастауыш:
Наурыз күні - Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
2 - бастауыш:Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - бастауыш: Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Кішкентай арулар» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
1 - бастауыш:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Көктем тойын бастайық.
Көктем тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.
2 - бастауыш:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларды шақырамыз. ( «Қыз сыны» әуені орындалады.)
І кезең «Таныстыру»
1 - басқарушы:
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.
ІІ кезең «Шебер қолдар»
2 - бастауыш:
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан кемде кем емес сияқты. Ою ойып болғанша Ақботаның орындауында әсем ән тыңдайық!
ІІІ кезең «Білім сайысы»
1 - бастауыш: «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың келесі кезеңінде қыздардың салт - дәстүрге байланысты білімін сынайық. /Плакатта гүлдің суреті, қыздар гүлдің біреуін үзіп, артындағы сұрағына жауап береді/
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
3. Наурыз көже қалай дайындалады?
4. Ұзынсары дегеніміз не?
5. Қандай салт - дәстүрлерді білесің?
6. Бала мектеп табалдырығын аттағанда жасалатын той қалай аталады?
7. Тұсау кесу туралы айт.
8. Сүттен жасалатын тағамдар. Біреуіне тоқталып өт.
9. Төрт түлік туралы не білесің?
10. Қасиетті сандар туралы не білесің?
ІҮ кезең «Ән айту»
2 - бастауыш:
Жаңарған сананың
Ұмытпады мұны кім?
Ата - салты бабаның
Алып келді осы күн.
Балаға деген ана махаббаты «Бесік жырлары» арқылы берілген. Ана баласын бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады екен. Ендеше, біздің қыздарымыз аналарының айтқан бесік жырын айтып берсін.
ҮІ кезең «Ептілер»
1 - бастауыш: Бұл кезеңде арулар өздерінің ептіліктерін көрсетеді. Бір ыдыстағы суды, қасықпен төкпей, тез екінші ыдысқа тасу.
ҮІІ кезең «Өнер сайысы»
2 - бастауыш:
Көркемөнер - жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған балқаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса,- дей келе қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
ҮІІ кезең «Үй тапсырмасы»
1 - бастауыш: «Ас - адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен қол өнеріне байланысты жасаған заттарын таныстырады.
2 - бастауыш: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз достарымызға береміз.
1 - бастауыш: Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік./Марапаттау/
2 - бастауыш
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
1 - бастауыш: - Осымен «Кішкентай арулар» сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!