жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс- шара "Математикалық дәмхана"
Күні:03.03.2020ж
Тақырыбы: «Математикалық дәмхана»
Мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту. Студенттеріңдің математикалық ой — өрісін дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сайыс барысы
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер
ме студенттер!
Нақты
білімге қызығушылар
Естігенін естіп
тұрып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер
ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз
оқытқан оқушылардың,
Сәті келді
сыналар.
Есепті
түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында
ойын ойнап жарысармыз.
Ойлы сұрақ,
жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке
бүгінгі кеште де орын бар.
Әділ
бағаға қалтасы толы,
Әділ – қазыларды
ортаға шақырайық!
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
Сіздерден кафенің «Бухалтерлік мекеме» — деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!
Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!
Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп колледжімізде өткелі жатқан «Математикалық дәмхана» атты сайысымызға хош келдіңіздер демекпін! Біздің дәмханамызда бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдермен сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар!
ТЭ-тобының
ТҰ-тобының
ЭМК-тобының
ЖЖЭ-тобының
ортаға шақырамыз!
Құрметті
кафе қонақтары! Сайыс кезеңдерімен
таныс болайық
Ас
мәзірі:
1 – тағам. Ұлттық тағам – «Қуырдақ»
2 – тағам. Математикалық салат –«Адасқан буындар»
3 – тағам. Математикалық десерт – «Біздің столдан сіздің столға»
4 – тағам. Математикалық сусын – «Шөлбасар»
5 – тағам. Математикалық дәрумен –«Мезим»
Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді және де осы ішкен астарыңыздың ақысын қалай өтемексіздер! Әрине ол сіздердің жауаптарыңызға байланысты.
Ал,
ендеше құрметті көрермендер!
1
– сайыс:
Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге
кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар
соусынан тұратын ұлттық
тағам қуырдақты
ұсынамыз. Бұл тағам сіздердің бойларыңызға
жағымды сіңуі үшін командаларға
кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір
команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса,
онда басқа команда жауап беру құқығына
ие болады. Дұрыс жауап бір балмен
есептеледі.
Сұрақтар:
1)Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
2)Теңізде қандай тастар табылмайды? (Құрғақ тастар….)
3)Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
4)Ең үлкен натурал сан? Натурал санның үлкені болмайды, шексіз…
5)Бір жұмыртқа үш минутта піссе,төрт жұмыртқа қанша минутта піседі? (3)
6)Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді(1)
7)Пифогор теоремасы с2=a2+b2
8)Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 0
9)Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800
10) tg450=1
11)Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300 болса…қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең
12)Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут
13)1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік
14)Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Абсцисса
15)1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр
16)Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)
17)2-нің 6 дәрежесі. 64
18)Екі қатынастың теңдігі пропорция
19)Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
20)Ең кіші жай санды атаңыз 2
2-сайыс: Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте «Адасқан әріптер» математикалық салатын ұсынады. Бұл бөлімде әріптердің орны ауысып тұрған сөзді, құрастырғанда математикалық термин сөз шығады.
Ге-нс-тан (тангенс)
Мет-диа-тр (диаметр)
Аки-тем-фира (арифметика)
Нал-ди-ого (диогонал)
Сия-грес-про (прогрессия)
Имртеиямс (симметрия),
Келшөб(бөлшек),
Гарифу (фигура),
Картвад (квадрат),
Акрофитамни (инфарматика).
3
– сайыс:
Келесі кезекте әр команда өздерімен
кафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда
отырған адамдарға ас сыйлауы керек. Ол
сыйлық — «Біздің
столдан сіздің столға»
бір-біріне сыбаға-сұрақтары
деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу
үшін әр команда үй тапсырма ретінде
әзірлеп келген қызықты да тартымды
сұрақтарын кезектесіп қоюы керек.
4
– сайысты бастайық:
Бас аспазшы ретінде мен сіздерге
математикалық
сусын – «Шөлбасар»
ұсынамын.
Берілген алғашқы әріпі бойынша төмендегі бос тор көзге сол әріптен басталатын сегіз сөз тауып жазыңдар. Ол сөздер төмендегідей заттардың атауы болсын.
Сұрақтар (7 ұпай)
«П» әрпінен басталатын математикалық терминдерді атаңыз.
1.Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі. (планиметрия)
2. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)
4. Төртбұрыштың бір түрі (параллелограмм)
5. Санның жүзден бір бөлігі( пайыз немесе процент)
6. Ромбының барлық қабырғаларының қосындысы. (периметр)
7. Катет пен гипотенуза туралы теорема кімнің аты мен аталады? (Пифагор)
8. Көпжақтың түрлерін ата.( Призма, Пирамида, параллелепипед)
9. Қосу амалын өрнектейтін белгі (Плюс)
10. Квадраттық функцияның графигі. (Парабола)
5-сайыс: Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар әзірлеген астардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған ас мәзірлерінен бас тартпаңыздар. Кейбір адамдарда қабылдаған астары тез қорытылады, ал кейбірінде іштерін ауыртып мазасыздандырады. Асты көп қабылдаудан іштері ауратындарға, сонымен қатар бүгінгі ас бойларыңызға тез сіңуі үшін сіздерге асқазан үшін таптырмас дәрі «Мезимді» ұсынамыз..
Шарты:Топ басшысы оң қолмен шеңбер, ал сол қолмен трапеция салу керек
Құрметті әділ-қазы алқалары! Жеген тағамның есебін анықтауға кезек берейік.
Қонақтардың
төлемақысы дайын болғанша жанкүйерлерге
сұрақтар қояйық.
1.
Бұл заттың пішіні тік төртбұрыш тәрізді.
Ол мектептен қашық тұратын оқушылардың
көбінде бар. Мектепке жақын тұратын
оқушылардың кей біреуінде де жоқ. Оны
сен жай алмайсың. Әр
мектепте оны тарататын адам болады. Бұл
не? (жол
билеті)
2.
Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің
сөмкесінде. Бетіңде сандар бар. Ол сан
заттар ауысып кетпеу үшін жазылған. Бұл
не? (Киім
тапсырғанда берілетін белгіше)
3.
Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан
қажет етпейді. Ал математика мұғалімі
ешқашан қолынан тастаған емес. Ол өзі
ерекше бір зат: өлшеп-өлшеп алып, түр
–түрге бөліп тастайды. (транспортир)
4.
Онымен ертеректе дүкендерге қолданылған.
Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар
ілінген. Оны қолданғанда өзі сарт-сұрт
етеді. Қарапайым калькулятор деп атауға
болады. (Есеп
шот)
Бухалтерлік
мекеме өз бағасын беруге әзір екен,
ендеше тыңдалық!
Кешіміздің
соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір
әділ-қазы сөз алады.
Кешіміздің
жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаздарын
тапсырады.
Қорытындылау:
Жеңімпаздарды
анықтау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген