400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс- шара "Қазақшаңыз қалай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сыныптан тыс іс -шаралар өткізу үшін қажет. 9 сыныпта жұмыс жасайтын ұстаздаға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс-шара «Қазақшаңыз қалай?»

Жүргізуші: Қайырлы күн , құрметті қонақтар, әріптестер, оқушылар!

Бүгін біз « Тіл шамшырақтары» атты сайысын жүргізгелі отырмыз. Бұл сайыстың мақсаты- мемлекеттік тілді жақсы меңгерген сайыскерлерді анықтау, яғни қазақ тілін жетік білген білімпазды анықтау. Осы мақсатта әр түрлі тапсырмалар беріледі, тапсырмаларды мүлтіксіз орындаған сайыскеріміз «Білімпаз» атағын алады.

Тіл байлығы - әрбір елдің мақтанышы. Қадір Мырзалиев ағамыз тіл туралы былай деген:

Туған елім –тірлігімнің айғағы,

Тілім бар да айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өлемін...

Ал, енді көрермендер сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық.

Бүгінгі сайысты тарызыға салып, әділ шешім қабылдайтын құрметті әділқазылар тобымен танысып қоялық:

Жангужина Жаныл Көбекқызы- оқу- ісінің меңгерушісі.

Жанбушина Айнагүл Тыныспаевна- қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

Сайысымыз басталды,- деп жариялаймын. Іске сәт, құрметті сайыскерлер.1- ші тапсырманы тыңдаңыздар.

  1. ші тапсырма: «Өзін- өзі» таныстыру.Әр оқушы өздерін таныстырады.

1-ші тапсырмадан кейін музыкалық үзіліс. Әр топ оқушыларынан Наурыз мейрамына арналған ән шашу.

Поплаухина Марина (№1-ші сайыскер):

Мен орыстың қызымын Маринасы,

Атыма сай көркім бар, көкімеймін,

101 жігіт сөз айтып келе қалса,

Сөзбен жеңіп тастаймын бәрін дағы.



Залевская Маргарита (№2 сайыскер)


Мен орыстың қызымын Маргаритасы,

Қазақша сөйлеймін де билеймін де,

Сайысқа белді буып келіп қалдым,

Қанеки, қорықпасаң, бермен келгің.


Рудак Корина (№3 сайыскер)


Мен украин қызы Коринамын,

Қазақ тілін сүйемін бала кезден,

Қазақтың бай тілінде тілдессем деп,

Қазақ тілін оқимын күндіз- түні.


Почебут Яна (№4 сайыскер)


Мен орыстың ерке қызы Янасымын,

Нұр гүлімін, қыр гүлімін кең даламның,

Бар күшімді жұмсаймын елім үшін, жерім үшін,

Тек қана құлпыра бер, жайнай бер деп туған елім.


Клячина Анастасия (№ 5 сайыскер)


Анастасия атты ер жүрек қыз боламын,

Батырлардай қорғаймын өз елімді,

Сүйікті Отанымда тұрғаныма

Шаттанамын, қуанамын, мақтанамын!


Ширяева Александра (№6 сайыскер)

Мен Александра деген орыс қызы,

Қазақтардың ақынындай ақын болам ,

«Болмасаң да болып бақ» деген халқым,

Ұлылардай болуға тырысамын.


Музыкалық үзіліс. 9-шы сынып оқушылардың орындауында ән «Отан»

Әділқазыларға сөз беріледі.

Жүргізуші: Сайыстың 2-ші тапсырмасы- «Өзгемен сұхбаттасу» яғни сайыскелер отырған көрермендермен қазақ тілінде сұхбат жүгізулері керек.

Соңында әділқазыларға сөз беріледі.

Жүргізуші:

Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты,

Арнасынан аққан өзен сияқты.

Арыңды күй махаббатты шертеді

Туған жерге, Отаныма шуақты - дегендей құрметті сайыскерлер сіздер Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?. Сайысымыздың келесі тапсырмасы: Отан туралы өлеңдер оқу.

Әр сайыскер үйде дайындап келген Отан туралы өлеңдерін оқиды.


Музыкалық үзіліс.

Ән орындалып болған соң, сөз кезегі әділқазылары тобына беріледі.

Жүргізуші: Біздің Отанымыз тамаша, тамаша ол- мөлдір өзен, көлдерімен, асқар тауларымен, нулы орманымен, шексіз шөлейт- шөлді даласымен. Отанымыздың әсемдігін ақындар өлең, жырларында жырлаған, жазушылар талай-талай әңгімелерін Отанына, жеріне арнаған. Ал сендер өз Отандарың туралы әңгіме айта аласыңдар ма ? Онда іске сәт, сіздерді тыңдап көрейік. Келесі тапсырмамыз: Әңгіме айту.


Музыкалық «Өнер» сайысында сайыскерлеріміз өздері дайындап келген

әндерін орындайды.

Сайыстың соңында әділқазылар тобына сөз беріледі.


Жүргізуші:

Ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғары қасиеті- деген сөз зергері Ғ. Мұстафин. Қазақ халқының тілі бай, сөзі көркем. Халқымыз атадан мұра етіп тастап кеткен асыл қазыналарының бірі- мақал – мәтелдер.

Қазақ тілі!

Байсалды баба тілім!

Сол байлықтан аз емес алатыным.

Сен- тілісің!

Адамзат Абайының

Сен – тілісің!

Ұрпақтың талайының...

6-шы сынып оқушыларына ұсынылатын ән «Ветер с моря дул»

Жел теңізден соқты

Жел теңізден соқты

Сен маған айттың

Сен маған айттың

Енді келмеймін

Енді келмеймін.

5-ші сынып оқушыларына ұсынылатын ән «Кузнечик»

Шөпте шегіртке отыр

Шөпте шегіртке отыр

Тіпті қияр сияқты

Жап- жасыл ол болады

Жап- жасыл ол болады.

Әділқазыларға сөз беріледі. Әділқазылар сайыстың жүлдегерін және де қалған сайыкерлерге әртүрлі номинациялар беріп, мақтау қағаздарымен марапаттайды.


Мерекенің соңында сайыкерлермен көрмендер «Дос болайық» әнін орындайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі