Материалдар / Сыныптан тыс іс -шара "Тұғырлы тіл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс -шара "Тұғырлы тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
санатқа ұсыну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
512
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Сыныптан тыс іс-шара


Shape1




Өткізген: Аппасова Г.Ш.














Тіл жүйрікте кім жүйрік? (сыныптан тыс іс-шара)
Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
(сыныптан тыс іс-шара 6 «А», 7 «А» сыныптар арасында ұйымдастырылды. Әр сыныптан 5 оқушы және сынып жетекшілері қатысты.)
 
Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.
Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. 6 «А», 7 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, ұпайларын бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.
– Бүгінгі біздің сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
І. Таныстыру.
ІІ. Білімді мыңды жығар.
ІІІ. Өлең өрнегі.
ІҮ. Сөз болаты – мақал.
Ү. Бейнесұрақ.
 
І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
– Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.
ІІ. «Білімді мыңды жығар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді.
 
6 «А» сыныбына қойылатын сұрақтар реті
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).
5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
7. Синтаксис нені зерттейді? (сөз тіркесі, сөйем мүшелері)
 
8. Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу)
9. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
 
10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)
7 «А» сыныбына қойылатын сұрақтар реті
1. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
2. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
 
4. «Абай-қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
5. -Балталы, Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман қол! – үзінді қай жырдан алынған?
 
6. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата (жалғау арқылы, шылаулар арқылы, орын тәртібі арқылы, интонациы арқылы)
 
7. Морфология нені зерттейді? (сөз құрамы, сөз таптары)
8. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.
9. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз).
 
10. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.
ІІІ. «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа өлең шығару.
– Құрметті көрермендер ақындарымыз өлең сөздерін аяқтағанша біз 8 «А» сынып оқушылары Курманаев Стас пен Кондаков Владимирдің орындауындағы «Алға Қазақстан» әнін тыңдайық.
 
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.
ІҮ. «Сөз болаты-мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз.ІҮ турымыздың шарты бойынша сайыскерлер, сендерге сөздер беріледі, сол сөзі бар қандай да бір мақал тауып айтуларың керек.
 
– Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көтерсеңіздер.
Ү. «Бейнесұрақ» бөлімінде әр топ экранда көрсетілген суреттегі тұлға жайлы мәлімет айту керек
– Құрметті әділ қазылар ұпай сандары сұралады.
 
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!



























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!