жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сыныптан тыс іс-шара
Сыныптан
тыс сабақ
Тақырыбы:
«Тілім- менің асыл қазынам».
Мақсаты:
Ана
тілі туралы кең түсінік бере отырып,
оқушыларды елжандылыққа, туған тілін
қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба
дәстүріне адал болуға тәрбиелеу.
Тіл
әуезділігін, көркемдігін, байлығын,
шешендігін көрсететін нақыл сөздер,
мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын,
ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі:
слайдтар, қанатты сөздер, тіл мерекесіне
орай шығарылатын газеттер,
буклеттер.
Мұғалім:
Құрметті қонақтар, ұстаздар,
оқушылар!
Қазіргі
таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол
жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз
– қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан
Республикасының «Тіл туралы Заңы»
күшіне енді. Болашағымызды баянды етер
басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға
екі нәрсе тірек тегі,
Бірі
– тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп
Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай
кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі
рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің
ана тілі болмақ.
Біздің
ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз
– Қазақстан. Қазақстан Республикасының
өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен
қатар өз тілі бар.
Көп
тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді
кісі екен деп төрге озар.
Қай
елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік
тілді үйренген жөн болар, - демекші,
«Тілім-
өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты
сайыс сабағымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Барысы.
Сабақтың
барысы
Ұйымдастыру:
Сынып бес топқа алдын ала бөлініп қояды.
Әр топтың басшылары тағайындалады.
«Қазына» « Дастан» « Мұрагер» «Шежіре»
«Тұлпар»
1.
“Сәлем- сөздің анасы” таныстыру
«Әдепті
елдің баласы
Алыстан
сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.
2.
“Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”
мәнерлеп оқу
3.
“Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы
4.
“Тапқыр дос” өлең құрастыру
5.
“Сөз тапқанға қолқа жоқ” керек сөзді
тауып, екі тілге аудару
6.
“Өнер алды-қызыл тіл” капитандар
сайысы
1.
турымыз “Сәлем- сөздің анасы”
таныстыру
«Әдепті
елдің баласы
Алыстан
сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.
Әр топ өздерін таныстырады.
2.
турымызды “Өлең сөздің патшасы, сөз
сарасы” деп атап,
Таза
мінсіз асыл тас,
Су
түбінде жатады.
Таза
мінсіз асыл сөз,
Ой
түбінде жатады. - дей келе,
Қазақ
ақындарының шығармасынан өлеңді мәнерлеп
оқып жарысайық. Әр адамның азаматтық
қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің
елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен
өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын
қалай жырлайды? Ақындардың өлеңіне
арналады.
3.
туры мақал-мәтелдерге арналады.
Мақал-мәтелдер талай замандар бойы
қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
келе жатқан асыл мұраны қаншалықты
білетіндіктерін көрсетеді..
“Мақал
– сөздің мәйегі ” мақал сайысы мақалдың
жалғасын тауып, жалғастырып айтады.
1.
Өнер алды – ....................
2.
Ана тілі азбасын,
.......................................
3.
Тіл тас жарады, ............................
4.
Бас кеспек болса да, ............................
5.
Шебердің қолы ортақ, .........................
6.
Ең ащы да – тіл, ең тәтті де –
тіл,
..............................................
7.
Ақылдың көркі –
тіл.
......................................................
8.
Тілден артық қазына
жоқ,
................................................
9.
Тіліңді
ноқталасаң,
......................................................
10.
Білекті адам бірді
жығады,
.............................................
4.
тур. Осы кезекте алдын-ала дайындалған
парақтардағы мақал-мәтелдердің түсіп
қалған сыңарын тауып екі тілде баламасын
айту.
1.Құлақтан
кірген.... Жүрекке барып мұз
болар
(Сөз-слова)
2.Таза
мінсіз асыл ... Су түбінде жатады,
Таза
мінсіз асыл сөз, Ой түбінде
жатады.
(тас-камень)
3.
Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ.
(тіл
– язык)
4.Сөз
анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.
(су
– вода)
5.Ілім
– бұлақ... – шырақ!
(білім
– знание )
6.
Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын.
(сегіз
– восемь )
7.Тіл
тас жарады, Тас жармаса...жарады.
(бас-голова)
8.Жеті
жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ...
біл.
(Ілім-знание)
9.Қаһарлы
сөз ... бұзар.
(Қамал-замок)
10.Ине
көзінен сынады, ... сөзінен сынады.
(Шешен
–оратор)
11.Айтылған
сөз, атылған ... тең.
(Оқ-пуля)
12
... сөз жарым ырыс.
(Жақсы-хорошее)
Полиглот»
Шешімін тауып үш тілде айту, дұрыс жауап
15 ұпай 1. Мектеп кеме, білім ...(теңіз- ...
- ... ) 2. Отансыз адам, ормансыз ... (бұлбұл
- ... -... ) 3.Өнер алды қызыл ... (тіл - ... -... )
4. Күш білімде, білім ... (кітап -... - ... ) 5.
Абай Құнанбаев ұлы ... (ақын -... - ... ) 6. Көп
тіл білу ... талабы. (өмір ... -... ) 7. ... оттан
да ыстық. (Отан - ...- ... )
7.
Сайысымыздың келесі бөлімі “Тапқыр
дос” өлең құрастыру
деп
аталады, берілген әріптерге өлең
құрастыру . А,Б,Қ,О
8.
“Өнер алды-қызыл тіл” капитандар
сайысы
Берліген
сөздерден мақалдар құрайды.
Қорытындылау,
марапаттау.
Жүргізуші:
Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың
ақ сүтіндей анамның.
Сәби
шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған
тілді жаттап өскен баламын.
«Анамыздың
ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды
ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді
құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік
тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша
сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне
жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт,
– дей отырып бүгінгі «Тілім- өлшеусіз
қазына, өрісі кең- әлем» атты 8-сынып
оқушыларының арасында ұйымдастырылып
отырған сайысымыз осымен өз мәресіне
жетті. Қош сау болыңызар!
Қорытынды:
«Тіл – қазына, тіл – тапқырлық, тіл –
тіл – мемлекет, тіл – даналық. Ендеше
сайысымызды Шона Смаханұлының «Анамның
тілі» өлеңімен аяқтаймыз..
Анамның
тілі
Өмірге
келдім Мектепке келдім, Анамды көрдім,
Ұстазды көрдім. Деді ол: «жаным» Тыңдадым
сөзін «Арайлы таңым». Табынып сүйіп.
Самал боп желпіп, Анамның тілі, Жырымен
ертіп. Аяулы үні. Үйретті тынбай, Жүрекке
нұрын Бал тілін маған. Жіберді
сеуіп.
Қайырмасы:
Анамның
тілі – айбыным менің,
Анамның
тілі – ай-күнім менің.
Сүйемін
байтақ елімді туған,
Сүйемін
мәңгі өмірді думан.
Тақырыбы: Тіл білгірлері
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Оқушылардың ақыл – ойын дамытып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын және тіл байлығын молайту, тіл үйренуге құштар балалардың тілін одан әрі өрбітіп, ойы мен қиялын шарықтатып, сауатын жетілдіру, оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім – білік дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар, электрондық ойын таблосы
Әдісі: Сайыс
Барысы:
Мемлекеттік Гимн орындалады.
І – бөлім: Кіріспе «Тіл дегеніміз не?»
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып , онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.
Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І.
Мұғалім:
Тілім менің!
Тілім
үшін мың өліп, тірілді
елім,
Аралыммен арыммен қатар
қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін
менің! –дегендей бүгін 6 сынып оқушылары
арасында өткізіліп жатқан «Тіл
білгірлері» атты
сайысын назарларыңызға ұсынамыз!
Мұғалім:
Ақталған ақарманы,үміттері,
Қашан көрсең жүреді күліп тегі.
Қаумалаған ағайын, аманбысың,
Аманбысың сайыстың үміткерлері.- дей отырып ортаға сайысқа қатысушы топтарымызды шақырамыз!
Мұғалім:
І-ші топ:______________________________
ІІ-ші топ:______________________________
ІІІ-ші топ:______________________________
ІҮ-ші топ:______________________________
Мұғалім:
Шын жүйрік шабысымен танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады-дей келе әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
______________________________
______________________________
______________________________
Мұғалім:
Жақсылық адамдардың тілегіекен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмағын,
Шарттарын қатысушылар біле ме екен?- дей келе сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.
Шарттары:
І- кезең. Таныстыру
ІІ- кезең. «Сөз болаты - мақал» Мақал – мәтелдер сайысы;
ІІІ- кезең. «Жекпе жек» викториналық сұрақтар сайысы
ІV- кезең. «Өлең сөздің патшасы» Тіл туралы өлеңдер сайысы ;
V-кезең. «Пантомимо» іс қимылмен жасыру сайысы
VІ-кезең. «Сөзжасам»
Қосымша кезең: «Сөзжұмбақ»
Мұғалім:
І- кезең. Таныстыру. Сайысымыздың бірінші шарты бойынша екі топ өздерін таныстырып өтсін.
ІІ- кезең. «Сөз болаты - мақал» Мақал – мәтелдер сайысы
Берілген тірек сөздерді пайдаланып мақал –мәтел айту.
Тірек сөздер:
І топқа: Әке-шеше.
ІІ
топқа: Отан
ІІІ
топқа: Тіл
ІҮ топқа: Білім
ІІІ
кезең. «Жекпе жек» викторииналық
сұрақтар сайысы
І
топ:
1.
Атақты қазақ суретшісі кім? (Әбілхан
Қастеев)
2. Теңге қашан айналымға
енді? (1993 ж.)
3. «Ау, қызғыш құс» кімнің
өлеңі? (Махамбеттің)
4. Қазақтың
музыкалық аспаптарын ата (домбыра,
қобыз,...)
5. Қазақстанның бұрынғы
астаналарын атап бер. (Орынбор, Қызылорда,
Алматы, Астана)
6. Абайдың неше қара
сөзі бар? (45+1)
7. Әнұранның авторларын
тап бер. (Ж. Нәжмединов, Н. Назарбаев)
8
Қазақтың актерлерін атап бер. (Шәкен
Айманов, Кәукен Кенжетаев, Асанәлі
Ашимов)
9. Әл-Фараби өмірге келген
қала? (Отырар).
ІІ
топ:
1.
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар
Әубәкіров)
2. Қазақстан Тәуелсіздігін
қай уақытта алды? (1991 ж.)
3. «Ескендір
кімнің поэмасы? (А. Қ.)»
4. Орхон - Енисей
жазбаларын қайдан тапты? (Моңғолиядан)
5.
Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген?
(ХҮ)
6. «Бәйтеректің биіктігі неше
метр?» (97)
7. Абайдың неше баласы болған?
(7 ұл3 қыз)
8. Елтаңбаның авторлары кім?
(Шота Аман Уалихан, Мәлібек Жандарбекұлы)
9.
Қазақстан Республикасында Тілдер
мерекесі қашан? (22 қыркүйек)
ІІІ топ:
1.Қазақстан
Республикасы қашан тәуелсіздік алды?
(1991 жылы 16 желтоқсан)
2.Елтаңбаның
авторын атаңыз?(Жандарбек Мәлібеков,Шотаман
Уалиханов)
3.Қазақша
жыл басы қалай?(наурыз)
4.
Қазақтың түнде айдың жарығымен ойналатын
ұлттық ойыны. «Ақсүйек»
5.
Кім барлық тілде сөйлей алады?(Жаңғырық)
6.Тудың
авторын атаңыз.(Шәкен Ниязбеков)
7.
Тоқымқағар деген не?Қалай түсінесіңдер?(Бала
алғаш рет атқа мінгенде)
8.
Қазақстан жерінен өткен жол? (Ұлы Жібек
жолы)
9. Құлагер кімнің аты? (Ақан сері)
ІҮ топ:
1) ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/
2) Бейбітшілік құсы? /Көгершін/
3) ҚР мемлекеттік тілі? /Қазақ тілі/
4) ҚР Мемлекеттік Гимнының сөзін жазғандар кімдер?
/Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев/
5) «Оян қазақ» кімнің шығармасы? (Міржақып Дулатұлы)
6 Орхон - Енисей жазбаларын алғаш оқыған кім? (Радлов)
7) «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
8)
Қазақстанда қандай мереке 16 желтоқсан
күні атап өтіледі? /Тәуелсіздік
күні/
9)
Қазақстанның астанасы қай жылы
ауыстырылды? /1998
жылы/
ІҮ кезең «Өлең - сөздің патшасы...»
Тіл тақырыбындағы өлең тармақтарын дұрыс орналастырып, сол өлең қай ақынның өлеңі екендігін оқушылар табуы керек.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
С.Торайғыров.
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ш.Айтматов.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қ.Мырзалиев
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған анам тілі
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.
Ілияс Жансүгіров
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім мен де бірге өсемін
Әбділда Тәжібаев
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.
Мұзафар Әлімбай
(Тіл туралы видеоролик көрсету)
V-кезең. «Пантомимо» іс қимылмен жасыру сайысы. Топ басшылары жасырылған топшамаларды алып, онда көрсетілген суреттерді өз тобына іс – қимылмен жасурады, ал топ табу қажет. Әр топ басшысына 2 суреттен беріледі.
Піл, балық,
Алма, Балмұздақ
Ұстаз, құрылысшы
Шаңғы, воллейбол
VІ-кезең. «Сөзжасам» «Қазақстан» сөзіндегі әріптерден барынша көп сөз құрау.
Қорытынды
Болашаққа
ұмтылған жолымыз бар,
Жарқын өмір
тұтқасы қолымызда.
Осыменен
аяқтайық біз сайысты,
Көріскенше
аман-сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген