400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сыныпқа сыныптан тыс іс-шаралар өткізген уақытта пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шалқар орта мектебі















Shape1

Shape2



























Ойын-саяхат: «Балдырғандар ата-баба елінде»

Мақсаты: Ата-салтымызды, ұлттық дәстүрімізді оқушыларға таныттырып, осы бағытқа тәрбиелеу.

Жүргізуші :

Құрметті қонақтар, ұстаздар, балдырғандар! Қазір «Балдырғандар ата-баба елінде» атты ойын саяхатын тамашалайсыздар.

Сіздердің назарларыңызға балдырғандардың орындауында қазақтың әнін, биін, өнерін, ұмытыла бастаған салт-дәстүрін ұсынамыз. Бұл ойында бес аялдама бар.

  1. Таныстыру

  2. Зерде /сұрақ-жауап/

  3. Өнер /ән,би/

  4. Ертегіден көрініс

  5. Ойын түрлері

Осы ойын да 4 топ қатысады.

І топ «Достық» тобы 1-сынып

ІІ топ «Төрт-түлік мал» 2-сынып

ІІІ топ « » 3-сынып

ІҮ топ «Ұлттық ойындар» 4-сынып

Біз жапырақ бәйтеректің гүлін ашқан

Төбеде күн күлімдеп нұрын шашқан

Болашақ ұрпағымыз туған елдің

Жайнаған, жадыраған, нұры тасқан.



1.Алғашқы аялдама «Таныстыру»

Ел болған егеменді туған халқым

Алға өрлеп болашақтар сен де талпын

Өнерін балдырғандар тамашалап

Басталық қазағымның дәстүр салтын

2.Келесі аялдама «Өнер» аялдамасы

Әр топ өз өнерін көрсетеді.



Туған соң адам боп,

Білімсізден надан жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады «надан »деп

Ата –бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

3.Келесі аялдама «Зерде» аялдамасы

Әр топқа сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға жауап бересіздер.

1-сынып

1 . Төрт мезгілді ата?

2. Асықтың қанша жағы бар?

3. Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

4. Сиырдың пірін ата?

5. Жылқының төлі қалай аталады?



2- сынып

  1. Төрт – түлікті ата?

  2. Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?

  3. Жеті атаны ата?

  4. Үш жұртты ата?

  5. Бес дұшпанды ата?

3-сынып

  1. Дүниенің төрт бұрышын ата?

  2. Бес қаруды ата?

  3. Үш даусызды ата?

  4. Биыл қандай жыл?

  5. Қазақтың ұлттық аспабы?

4-сынып

  1. Қазақтың жыл басы?

  2. Дүниеде не өлмейді?

  3. Жеті қазынаны ата?

  4. Үш арсызды ата?

  5. Үш биді ата?

Салты көп қазағымда қолданатын

Ұрпақтан ұрпақтарға жалғанатын.

Көрейік осыны бір тамашалап,

Тамсанып, тағырқанып, таңқалатын.

4.Ертегіге саяхат

Әр топ ертегіден көрініс көрсетеді.



5.Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес, қоян-қолтық алыспай.

Келесі «Көкпар» аялдамасы. Әр топ өз ойындарын көрсетеді.

Осымен «Балдырғандар ата-баба елінде» атты ойын саяхатымыз аяқталды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі