400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сыныптан тыс шара.

«Құстар - қанатты достар»

(4-сынып оқушылары арасында өткізілген

сайыс)



























Сыныптан тыс шара: «Құстар – қанатты достар»

Мақсаты: Оқушылардың құстар туралы білімдерін жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Тыйым сөздер үйрету арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Құстарға қамқорлықпен қарауға баули отырып экологиялық тәрбие беру.

Оқушыларды құс суреті арқылы топтарға бөлу. «Торғайлар» және «Қарлығаштар»

Қызығушылықты ояту. Құстар туралы бейнекөрсетілім көрсету. «құстарға қамқор болайық»

https://youtu.be/KAysSL9NgII


Табиғат қандай сұлу, қандай көркем,
Мамырда жасанады гүлдеп ертең
Сылдырлап бұлақ ағып сай - саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.


Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен.


Жоспары: 2. «Құстар туралы қызықты деректер» бейнекөрсетілім

3. Биологиялық жұмбақтар

4. «Саятшылық» бейнекөрсетілім

5. Жұмбақ-сурет «15 құс»

6. «Әлемдегі ең әдемі құстар» бейнекөрсетілім

7. Жұмбақ-сурет «Құс ұялары»

8. Құстарға байланысты ырым-тыйым сөздер.

9. Жұмбақ-сурет «Құс аяқтары»



I. Топпен жұмыс. Құстар жөнінде викторина сұрақтары.


1. Құстардың негізгі мекені не? ( ұя)
2. Қай ай құстың атымен аталады? ( көкек)
3. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)
4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
5. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
6. Құстың жүрегі минутына қанша рет соғады? (960)

7. Киелі құсты ата. (аққу)

8. Құстарды қандай екі топқа бөлеміз? (жабайы және үй құстары)
9.
Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін құс? (қараторғай)

10.Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың? (әтеш)
11.
Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс? (колибри)
12.
Қай құс жемін ұшып жүріп аулайды? (қарлығаш)
13.
Қандай құсты орман дәрігері дейді ? (тоқылдақ )

14. Көктемде алғаш ұшып келетін құс. ( ұзақ)
15. Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды құс. (тырна)

II.«Құстар туралы қызықты деректер» бейнекөрсетілім

https://youtu.be/hkebR7NYROI

III. Топпен жұмыс. «Биологиялық жұмбақтар»


1. Көлдің көркі, сәні екен, 2. Орманда жоғары,
Ұшқанда сазды ән екен. Ағашқа қонады.
Ақындар оны мақтаған, Тұмсығын балта етіп,
Адамдар қорғап сақтаған. ( Аққу ) Тоқ - тоқ соғады. ( Толқылдақ )


3. Мысық құлақты, 4. Көктемде ұшып келеді,
бүркіт тұяқты. (үкі) жаздай концерт береді. (бұлбұл)

5. Көк шалғынды аралайды 6. Тал басында ағаш үй ,

Көк орамға қонады Терезесі тамаша үй

Қанаттарын қағады Соны мекен етеді

Көлден рақат табады. ( Аққу ) Қыста алысқа кетеді. ( Қараторғай )


7. Қара арғымақ мінгенім , 8. Күндіз көзі көрмейді

Қыр айнала жүргенім Түнде аңдиды тышқанды

Сегіз найза сенгенім , Аштан босқа өлмейді

Он екі қылыш ілгенім. Аңдығанын ұстайды.

( Жапалақ) ( Бүркіт )




IV. «Саятшылық» бейнекөрсетілім

https://youtu.be/JwEBk3LV9HA



V. Жұмбақ-сурет «15 құс» Құстардың суреттері беріледі, ажыратып, аттарын атау керек.




VI. «Әлемдегі ең әдемі құстар» бейнекөрсетілім

https://youtu.be/MbdGQDsslX0


VII. «Құс ұялары» Құстардың ұяларының суреттері беріледі, ажыратып беру керек.

Құстарға байланысты ырым-тыйым сөздер.


Аққуды атуға болмайды,

Досыңды сатуға болмайды.


Құстың ұясын бұзба,

Қарғысқа қаларсың.

Құсқа тас лақтырма.

Құстардың жұмыртқасын жарма.

Әрбір тур сайын топтағы оқушылардың ұпай сандары есептеліп отырады, ұпайы көп топ жеңіске жетеді. Барлық қатысқан оқушыларға алғыс айтылып, марапатталады.

Қорытындылау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.01.2021
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі