Сыныптан тыс іс-шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі" КММ








СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ


Shape1 м1.jpg




















Тақырыбы: «Алаштың сөнбес жұлдызы - Мағжан Жұмабаев 130 жыл»

Өтетін орны: «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі" КММ

Сынып: 2-4 «А»

Мерзімі: 30.01.2024 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова М.Д





2024 ж

Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты: Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен поэзия жанрындағы еңбектерінен мағлұмат беру. Ақынның шығармалары арқылы оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту, сөйлеу мәдениетін, ойлау шеберлігін дамытуға насихаттау.

Сыныптан тыс іс-шараның міндеттері:

  • Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу;

  • Оқырмандардың танымдық деңгейін көтеру, ойлау белсенділігін, ой — өрісін арттыру, сөздік қорын молаайту, мәнерлеп сауатты оқи білуге және оқыған мәтінді түсіне білуге баулу;

  • Оқырмандарды еңбекке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу, ақын —жазушыларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Формасы, түрі: Мәнерлеп оқу сайысы

Әдіс - тәсілдері: Сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.

Тәрбие түрі /бағыты/: Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мағжан Жұмабаевтың портреті, Мағжан Жұмабаевқа арналып жасалған газеттер, М. Жұмабаев жайлы кітаптар, өлеңдер жинағы т.б.

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, презентация.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:


І. Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Негізгі бөлім

1. «Білгенге маржан» кезеңі

2. «Өткенге шолу» кезеңі

3. «Шығармашылық жұмыс» кезеңі

4. «Өлең сөздің патшасы» мәнерлеп оқу кезеңі


ІІІ. Қорытынды


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі :

Мұғалім:

Жолбарыс жігері бар арыстансың

Қазақтың ақын ұлы, данышпансың,

Бұйра толқын Мағжаннан қалған өлең

Бізбен енді мәңгілік қаушқансың.

Жырымен қиырға жол салған ақын,

Ұрпағының жүрегінде қалған ақын,

Менен біреу сұраса- «Мағжан кім»?- деп

Бар айтарым Мағжан- тұлға, Мағжан –ақын. Бүгінгі «Алаштың сөнбес жұлдызы - Мағжан Жұмабаев 130 жыл» сыныптан тыс іс-шарамызды бастаймыз.




І І. Негізгі бөлім.

«Мағжан Жұмабаев өміріне шолу» кинолента

Ш арты: Кинолентаны пайдалану арқылы Мағжан Жұмабаевтың өмір жолына шолу жасау. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту.

«Постер құру» шығармашылық жұмыс

Шарты: Оқушылар шолу барысында және де өздерінің білген білімдерін көмекке ала отырып, Мағжан Жұмабаев тақырыбында постер жасап, қорғайды.

м5.jpg














«Өлең сөздің патшасы» мәнерлеп оқу кезеңі

Шарты: Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығынан жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

1-оқушы Сырымбек:

Жатыр

Мағжан Жұмабаев

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр.

Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп,

Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.

Таласып өнер-білім алып жатыр,

Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.

От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,

Тәңірінің рахметіне қанып жатыр.

Ойламай біздің қазақ текке жатыр,

Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр.

Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң,

Қазекең таң қаларлық көпте жатыр.

2-оқушы Раяна:

Күз

Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,

Көкорай түсі қашып солып тұрған.

Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,

Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.

Көрік жоқ ойда-қырда шығып жүрсең,

Естілмес құс, құрт даусы құлақ түрсең.

Қақтанған, жамыла түсіп, от маздатып,

Көресің кемпір-шалды үйге кірсең.

Масатыдай құлпырған жердің жүзі,

Аяқ бассаң - табанға өтер сызы.

Кемпір болған бет-аузы қатпарланып,-

Бұраңдаған кешегі сұлу қызы.

3-оқушы Нұрсұлтан:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн!

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күштi оларда,

Мен жастарға сенемiн!...

4-оқушы Айлин:

Түс

Жарық сәуле, Айды, Күнді көрмеймін,

Жарты өлік, толық өмір сүрмеймін.

Қуанышты, азат жүрген халықтың

He істегенін, не дегенін білмеймін.

5-оқушы Мариям:

Ана

Мағжан Жұмабаев

Үйдің іші ұйқыда,

Түн ортасы шамасы.

Көзін алмай бесіктен,

Бөбек жатыр албырап.

Бесікте бөбек ауру,

Тербетіп отыр анасы.

Үнсіз, меңіреу ұзын түн,

Жел азынап тұр есіктен.

ІІІ. Қорытынды

Иә, Мағжан – мәңгілік !

Поэзия сүйетін, сол арқылы барша алашты сүйетін азамат үшін М.Жұмабаев мәңгі есте! Солай болған, болды және солай болмақ!

Құрметті оқушылар, осымен біздің бүгінгі «Алаштың сөнбес жұлдызы - Мағжан Жұмабаев» 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған әдеби кешіміз аяқталды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2024
256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі