Бекітемін:
Күні:
15.11.2024
Сабақтың
тақырыбы: «Ақпараттар әлеміне
саяхат»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген
қызығушылығын арттыру, алған білімдерін өмірде қолдана білуге
үйрету, тексеру.
Дамытушылық: Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте
сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта
болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс
жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі
платформалардағы тапсырмалар, түтікшелер, қаламдар, бір реттік
стакан, таратпалардағы тапсырмалар,
презентация.
Сайыстың
барысы:
Оқушылар
3 топқа бөлінеді.
Информатика болашаққа
бастайды,
Келешекке білім қуған
жастарды.
Қадам
басып 21-ші ғасырға,
Барлық
әлем жаңалығын тастайды.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен
оқушылар! «Ақпараттар әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық
сайысымызға қош келдіңіздер!
Көңілді
тапқыштар, білгіштер
Бар
өнерін салады,
Кім
білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі
күн жеңімпазы болады ,-деп бүгінгі ойынымызға қатысушыларды
қошеметтейік.
1-кезең.
Таныстыру
2-кезең.
Құпия алаң
3-кезең.
Лабиринт
4-кезең.
Қызықты жұмбақтар
5-кезең.
Миллион кімге бұйырады?
Әр
бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының
қортындысын айтып отырады.
1-кезең. Таныстыру.
Бұл
бөлімде әр топтың басшылары өз топтарын
таныстырады.
1-топ
«Компьютер»
Девизі: «Тапқырлық таныту
мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы
атымыз»
2-топ
«Антивирус»
Девизі: «Асау тұлпар желдей
ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал
барыңды»
3-топ
«Интернет»
Девизі: «Болашақтың
ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған
білімді»
Жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл
тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса
ма?
Туыс, досқа, сыныптас
танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас
талантқа ,-деп келесі сайысымызды
бастаймыз.
2-кезең. «Құпия
алаң».
Тақтада
https://wordwall.net/ru/create/editcontent?guid=4ac9c3a6e5b342f5b33cab3b69bec9a4
платформасында 10 ұяшықтан тұратын тапсырма берілген. Әр
ұяшықтың баллдары әртүрлі.
1.Компьютерлік графика
нешеге бөлінеді? (2-ге бөлінеді. 2D және 3D) 10
балл
2. Ақпараттың түрлерін ата
(Мәтіндік, сандық, графикалық, бейнелік, дыбыстық) 20
балл
3. Эргономика дегеніміз не?
(Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері) 30
балл
4. Компьютерге зиян
келтіретін шағын программа (компьютерлік вирус) 10
балл
5. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус) 10
балл
6. Интернетке тәуелділіктің
белгілерін ата. (өз ойларын айтады) 20
балл
7. Өзгенің жұмысын рұқсатсыз
пайдалану (плагиат) 10 балл
8. Компьютердің негізгі
құрылғыларын ата (жүйелік блок, пернетақта, монитор, тышқан) 30
балл
9.
Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет ) 10
балл
10.
Графикалық редактор? /Paint/ 10
балл
3-кезең.
«Қызықты жұмбақтар» топтарға жұмбақ жасырылады. Қай топ бірінші
және дұрыс шешетін болса сол топқа 10 ұпай
беріледі.
1.
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып
тұрған әлек (монитор)
2. Ұзын
тұра Жалқаубек,
Тұрмай
ылғи жатады.
Қозғала
қалса артынан,
Ешбір
белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
3. Бұтақ
орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені
(кактус)
4.
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады
қалам, қағазсыз (пернетақта)
5.
Батырмасын басасың
Қажетті
файлды ашасың (тышқан)
Осымен
3-кезең аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап
қортындысын хабарласа.
Жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып
сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа
сен!
Уақыт деген зымыран,зулап
жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста қажет
екен,- деп
4-кезеңді бастайық.
«Миллион
кімге бұйырады?»
Бұл
бөлімде топтарға информатика пәніне байланысты
https://learningapps.org/
платформасында тест
сұрақтары беріледі. Әр дұрыс жауапқа 500, 1000, 2000,
5000,10000,20000 теңгелік купюралар
беріледі.
-
Ақпараттың 81%-ын қандай сезім мүшесі арқылы қабылдаймыз?
/көру/
-
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
(бит)
-
Мәтін
жазуға арналған редакторды көрсет
/Word/
-
Информатика сөзінде қанша бит бар? /88
бит/
-
Презентация жасау үшін қай программаны қолданамыз? /Power
Point/
-
Ақпаратты тасымалдаушы құрылғы / Флэш
жады/
-
Дауыс
жазуға арналған құрылғы? /микрофон/
-
Интернетпен байланыс
жасайтын құрылғы? /модем/
-
Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал
(Сканер)
Жүргізуші: Жетпесіңе
жеткізген
Қызықты
уақыт өткізген
Бар ғылымды
сыйдырып,
Білетіні көп
бізден.
Жаңалықтың
жаршысы,
Жұртты елең
еткізген
Информатикаға мың
алғыс!-деп әділ қазыларға сөз
беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды
марапаттау.
Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Ақпараттар әлеміне
саяхат» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз
шексіз!
Б.Ермекбаев атындағы №271 орта
мектеп
«Ақпараттар әлеміне
саяхат» интеллектуалдық
сайысы
/Сыныптан тыс
іс-шара/
Орындағандар: Жаканова Г,
Есхожаева Г, Мақсұт Г, Урмаганбет А.
Анықтама
2024-2025 оқу жылында
06.11-15.11.2024 жыл аралығында өткізілген математика, информатика
және физика пән бірлестігінің «Ғылым саяхаты: Сандар,
Кодтар, Заңдар» атты онкүндігінің жоспарына
сәйкес 15 қараша күні «Ақпараттар әлеміне саяхат» атты 6 сыныптар
арасында интеллектуалдық сайысы өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың информатика
пәніне деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін өмірде қолдана
білуге үйрету, тексеру.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, түрлі
платформалардағы тапсырмалар, түтікшелер, қаламдар, бір реттік
стакан, таратпалардағы тапсырмалар,
презентация.
Оқушылар таныстыру кезеңінен
бастап өз белсенділіктерін көрсетті. Құпия алаң кезеңінде 3 топтың
да оқушылары тең түсті. Лабиринт кезеңінде «Интернет» тобы
шапшаңдығы мен ептілігінің арқасында алға шықты. Жұмбақты шешу
кезеңінде «Антивирус» тобы белсенділік танынып, жоғары ұпай жинады.
«Кімге миллион бұйырады?» кезеңінде топтардың ұпайлары теңесіп,
нәтижесінде достық жеңді.
Бірлестік жетекшісі: Жаржанова
А.
Мұғалімдер: Есхожаева
Г.
Жаканова
Г.
Урмағанбет
А.
Мақсұт
Г.