Шымкент қаласы білім
басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы
мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің химия пәні мұғалімі Боранбай
Лаура
Тақырыбы: Химия
көшбасшысы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химия пәніне
қызығушылығын арттыру, сабақта алған білімдерін жетілдіру. Химия
бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу, пән аралық ізденіс арқылы
білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Алған білімдерін алғырлыққа,
шапшаңдылыққа, тез ойлануға , тапқырлыққа
баулу.
Тәрбиелік: Белсенді әрекет ұйымдастыруға,
бір-бірінің жауабын сыйлауға тәрбиелеу.
Түзетушілік: Дыбыстарды қадағалап, түзетіп
отыру.
Көрнекілігі: кесте, қима қағаздар,
проектор, суреттер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Бүгін мектеп-интернатымызда
«Химия көшбасшысы» атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош
келдіңіздер!
Бүгінгі химиялық сайысқа 10
«А,Б,В,Г» сынып оқушылары өз білімдерін көрсетіп, ортаға
салады.
Алдымен төрелік ететін әділ
қазылар алқасымен таныс болайық:
1.___________
2.___________
3.___________
(Әр сайыскер өздерін
таныстырып өтеді.)
-
«Элементтер әлеміне
саяхат»
-
«Әріптер
сөйлейді»
-
«Қалауың
білсін»
-
«Есептер
сыры»
-
«Эстафета»
Тапқыр, білгір,
дарынды,
Жарыс бар бүгін
арынды.
Химия пәнін сүйесің
сен,
Ортаға сал барыңды, - дей
келе І-ші
айналым «Элементтер
әлеміне
саяхат» деп аталады. Әр дұрыс жауапқа
5 ұпайдан беріледі.
-
Қай элементтің жетіспеуінен
тіс ауруына шалдығады? (Фтор)
-
Алғашқы көмекке пайдаланатын
элемент. (Йод)
-
Сүйекті қаптайтын элемент.
(Кальций)
-
Бактерияны өлтіретін элемент.
(Хлор)
-
Ауа құрамында кездесетін
элемент. (Оттегі)
-
Әшекей жасалатын элемент.
(Алтын)
-
Атомдық массасы 39-ға тең
элемент. (Калий)
-
Электр тогын жақсы өткізетін
элемент. (Алюминий)
-
Ғаламторда ең көп таралған
элемент. (Сутек)
-
Сұйық элемент.
(Сынап)
ІІ-айналым: «Әріптер
сөйлейді».
-
Берілген әріпке байланысты
химиялық сөздерді айту. Әр сөзге 5 ұпайдан
беріледі.
-
Мысалы, Г –
газ, галоген, гелий,
глюкоза, гидро, ... . К – калий, кальций, кристал,
көміртек, крахмал, ... . М
– мұнай, молекула, металл,
мұз, магний, мырыш, марганец, ... .
ІІІ-айналым: «Қалауың
білсін».
5
10
15
5
10
15
Биология
Химия
Биология:
5-ұпай: Йод тапшылығынан
болатын ауру. (Зоб)
10-ұпай: Адам талып қалғанда
қолданылатын зат. (NH4OH
Спирт)
15-ұпай: Қан құрамында
гемоглобин азайса, адам қандай ауруға шалдығады?
(Анемия)
Химия:
5-ұпай: Жылтырдың бәрі ...
емес. (Алтын)
10-ұпай: Қолданамын электр
желісінде,
Осы менің негізгі жеңісімде.
(Алюминий)
15-ұпай:
NaHCO3
– тұрмыстық атауы. (Ас
содасы)
Білім деген биік
шың,
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген
ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - дей
келе IV-айналым «Есептер
сыры» деп
аталады. Әр дұрыс жауап 5
ұпай.
Mr
(C6H12O6) =
Mr
(HNO3) =
Mr
(NaHCO3) =
Mr
(Mg2SiO)
=
V-айналым:
«Эстафета».
-
V-айналым 2 кезеңнен
тұрады.
а) Берілген таңбашалардың
атауын атау, әр дұрыс жауап 5 ұпаймен
есептеледі.
P
Na
O
Au
C
N
S
Hg
B
H
Pb
K
Cu
Cl
Br
J
Cs
Be
Ag
Ca
ә) Суретте берілген заттың
формуласын жазу.
Ас
содасы
Су
Су
Құм
Марапаттау.
Ақыл-тон, аңдағанға
тозбайтұғын,
Білім-кең, қанша болса
азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара
жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,
- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, белсенді оқушыларды
марапаттарымен құттықтап біз сіздермен
қоштасамыз.