Материалдар / Сыныптан тыс іс шара 21 ғасыр көшбасшысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс шара 21 ғасыр көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2020
2087
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Алтын ауыл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі












«XXI ғасыр көшбасшылары»

атты дарынды балалармен

өткізілетін интеллектуалдық

марафон жоспары

(5-сыныптар)












Жауапты мұғалім: Турлыбаева Индира







Қаскелең, 2020






Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшылары» атты интеллектуалдық сайыс

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру, жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, түрлі-түсті фигуралар мен стикерлер.

Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма, жаттықтыру.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ әдебиеті, тарих

Кіріспе: 

- Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, білім сүйер қауым! Адам баласының ортақ қазынасы ізгілікке үндейтін білім мен ғылым. Біздің ғасыр – білім ғасыры. Білімнің күші емес, ақыл мен қабілеттің ісі көп нәрсені шешеді. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш – білімге ғана тән. Бәсекеге қабілеттілік бүгінгі күннің талабы болғанда ойыншылардың ізгілікке ұмтылуы жарқын болашақтың кепілі. Осы орайда Махмұд Қашқаридың «Бақыттың белгісі – білім» дегені еске түседі. Бүгін бізде өз болашағымызға біліммен қадам жасаймыз. Бүгін сіздер дарынды оқушылар арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар. Сайысымыздың бір ерекшелігі бүгін балалар біз жеке дара емес, топ болып білім сынамақшымыз. Сайысқа 5- сыныптардың дарынды оқушылары қатысады. Ендеше барлық оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

- Балалар, бүгінгі көңіл- күйлерің қалай? Біз қазір білім сайысын бастағалы тұрмыз, бастамас бұрын бір-бірлеріңе бір ауыз ыстық лебіз, тілектеріңді арнасаңыздар!

(Тілектерін айтып болғасын, топ атауы жазылған қима қағаздарды алу арқылы топқа бөлінеді)


- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңыздар.

1-топ «Білімділер» тобы
2-топ
«Дарындылар» тобы


Қатысушыларды бағалап, жауаптарын саралап отыратын әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар.

1._______________________________________

2._______________________________________

Негізгі бөлім:
Сайыс жалпы 5 кезеңнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Дода»
3. «Алтын сандық»
4. «Жорға»
5. Топ басшылары сайысы.



1.
«Бәйге» кезеңі.

Шарты: Әр топқа қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша он сұрақтан қойылады.

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1-топ:
1. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

2. Абай Құнанбайұлының туғанына биыл қанша жыл? (175 жыл)
3. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қаншаға бөлінеді? (2ге жуан-жіңішке)
4. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
5. Алыс сөзінің антонимі (жақын)
6. Ертегілер нешеге бөлінеді? (үшке: қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер)
7. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? 9
8. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің авторы? (Дулат Бабатайұлы)
9. Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталатын сөздерді қалай атаймыз?(синоним)
10. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін атап бер. (Қыпшақ Сейітқұл, Атымтай Жомарт)

11. Үлкен –кіші, жақсы-жаман, алыс – жақын, ыдыс-аяқ қандай сөзге жатады?(қос сөз)

12. Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал» атты кітабын кімнен аударды? (Орыстың белгілі мысалшысы И.А.Крыловтан)

2-топ:
1. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

2. «Сөз таптары» терминін қазақ тіліне кім енгізді? (Ахмет Байтұрсынұлы)
3. Абай Құнанбаев кім? (ақын)

4. Жалғаудың неше түрі бар? (4)

5. Ауыз әдебиеті шығармаларының авторы? (халық)

6. Мұғалім сөзінің синонимдері (оқытушы. ұстаз).

7. Күрделі сөздер қаншаға бөлінеді? (4ке: біріккен, қос, тіркескен, қысқарған)

8. «Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлерін атап бер. (Қобыланды, Қараман, Құртқа, Тоқтарбай, Қарлыға)

9. Оқшау сөздердің түрлері (қаратпа, қыстырма, одағай)

10. Зар-заман ақындарын атап бер. (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы)

11. Зат есім қандай сұраққа жауап береді? (кім? не?)

12. Қазақ қыздарына алғаш рет мектеп ашқан аса көрнекті тұлға, ғалым, жазушы, жаңашыл педагог кім? (Ыбырай Алтынсарин)

2. «Дода» кезеңі.

Шарты: Мұнда екі топқа 5 жұмбақтан беріледі.

Жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтулары керек.

Әр жауапқа 1 ұпай беріледі.

1.Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз, слово, word)

2.Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен. (Қол, рука, hand)

3.Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

4.Ақ сандығым ашылды,
Қызарып жалын шашылды. (күн, солнце, sun)

5. Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі, лиса, fox )

6.Бір аң бар қайраты көп, болған күшті

Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан, лев, lion)

7.Айнымайды шыныдан,

Қорқады тек жылыдан. (Мұз, лед, ice)

8. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)

9. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады. (Қар, снег, snow )

10. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.(ит – собака - dog)


3. «Алтын сандық» кезеңі.

Шарты: Сандық ішінен алынған сөздерден мақал-мәтелдер құрастырып шығады.

Әр дұрыс мақал-мәтелге 1 ұпайдан беріледі.


1. Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

2. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

3. Ана тілің алпыс тілге татиды.

4.Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.

5. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

6. Оқу – инемен құдық қазғандай.

7. Ұстаздан шәкірт озар.

8. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

9. Күш – білімде, білім – кітапта.

10. Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.


4. «Жорға» кезеңі

Шарты: Мұнда бізде 10. 20. 30 ұпайы бар ұяшықтары бар.

Әрқайсысында қазақ халқының салт-дәстүріне мен тарихына байланысты 1 сұрақтан. Оқушылар ұяшықтарды өздері таңдап алады. Сұрақтар ұпайдың өсуіне орай қиындатылып отырады. Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса, басқа ойыншылардың жауап беруге мүмкіндіктері бар.


10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

Сұрақтар:

10. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той. (Шілдехана)

10. Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.(Қырқынан шығару)

10. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. (Тұсау кесер)

20. Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы. (Базарлық)

20. Ұлттық ойындарды атап бер. (Алтыбақан, көкпар, қыз қуу, тоғызқұмалақ)

20. Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

30. Төрт түліктің пірін атаңыз (түйе пірі - Ойсыл қара, жылқы пірі - Қамбар ата, сиыр пірі - Зеңгі баба, қой пірі - Шопан ата, ешкі пірі - Шекшек ата)

30. Жеті атаны таратыңыз?(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)

30.Ұлттық киімдерді атап бер.(сәукеле, шапан, бөрік, тақия, ішік, кимешек)

40. Ғалымдар еңбек құралдарының ерекшелігіне қарай Қазақстанның ежелгі тарихын қандай дәуірлерге бөледі? (тас, қола, темір)

40. Тасқа салынған суреттерді қалай атаймыз? (петроглифтер)

40. «Алтын адамды» кім және қай жерден тапты? (1969 жылы Кемел Ақышев Есік обасынан тапты)

5. Топ басшылары сайысы.

Шарты: 1минуттың ішінде берілген сөзден неғұрлым көп сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.

1-топ АЛТЫБАҚАН

2-топ БАҒДАРЛАМА


Сабақты қорытындылау.

  • Балалар, осымен сыныптан тыс іс шарамыз аяқталуға жақын, сайыс сендерге ұнады ма? Сендерге қандай тапсырмалар, қай тұстары ұнады. Алдарыңа берілген түрлі түсті стикерлерге Не ұнады? Не ұнамады? соны жазып «Тілек ағашына» барып ілсеңіздер.


Тілім менің өмірдегі тілегім,
Тілім менен тарихымды білемін.
Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді,

Қадірлеп те, қастерлеп те жүремін. – деп бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшылары» атты сабағымыз аяқталды.

Жеңімпаз болған ойыншыларды құттықтаймыз.

Биік белестерден көріне беріңіздер!

Қош сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!