Сыныптан тыс іс-шара 7-сынып "Логика ақыл-ойдығ ұшқырлығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара 7-сынып "Логика ақыл-ойдығ ұшқырлығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті сайт қолданушылар бұл сыныптан тыс іс-шара сайыс түрінде әртүрлі тапсырмалардан құрылған. Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші тапсырма әр топ топтың аты, ұранымен таныстырады. Әрі қарай топтарға қималармен сиқырлы шаршылар таратылады.Геометриялық пішіндегі сұрақтарға жауап беру бөлімінде екі топтан оқушылар шығып пішіндердегі сұрақтарға бір-бірден жауап береді. Әрі қарай сандардың орналасу заңдылығын анықтап келесі сандарды табады. Логикалық сұрақтарға қол көтеріп жауап берумен қатар соңғы бөлімде топ басшылары рубик кубикті минутқа жинайды. Бұл материал мұғалімдерге, оқушыларға логикалық ой дамытуға таптырмас көмек дегенге сенімім мол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика пән мұғалімі: Саменбек Фариза

«Логика ақыл ойдың – ұшқырлығы» математикалық ойыны.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. .

Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде

Жоспары:

1.Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;

1-топ Алғырлар (Асау тұлпар желдей ескен арыңды, Оқу менен еңбекке сал барыңды)

2-топ Тапқырлар (Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда)
2. Сиқырлы шаршыларды құрастыру;
3. Геометриялық пішіндегі сұрақтарға жауап беру;

4. Сандардын орналасу заңдылығын анықтап келесі сандарды тап
5. Логикалық сұрақтар;
6. Топ басшылар сайысы (Рубик кубик жинау)


Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”

Н.Ә.Назарбаев

2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»

Әбу Насыр Әл-Фараби

3. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»

Р.Бэкон

Барысы:

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайық: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерін күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады

1. Таныстыру.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;
2. Сиқырлы шаршыны құрастыр

1-топ

11

3

10


7

8

9


6

13

5


2-топ

6

11

10


13

9

5


8

7

12




  1. Геометриялық пішіндегі сұрақтарға жауап беру

  2. Заңдылықты анықтап келесі санды тап

1-топ А) 198, 297, 396, 495, ( )

Ә) 3,6,( ),24, ( ), 96

Б) 2, 5, 11, 23,47, ()

2-топ А) 2, 5, 8, 11, 14 ( )

Ә)5,9,13, ( ),21

Б) 1, 4,9,16,25 () ()

Ж: А)594 Ә)12,48 Б)95

А)8,17 Ә)17 Б)36

  1. Логикалық сұрақтар

- Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді.

әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.

1) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).

2) Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин).

3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минута, бәрін бірге саламыз).

4) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).

5) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей).

6) Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір).

7) Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).

8) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

9) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).

10) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).

11) Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

12) Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

13). Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

14). Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

15) Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

16) Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы-6адам)

17) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

18) Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

19) Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

20) 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

5. Топ басшылар сайысы (Рубик кубик жинау)

Қорытынды.

Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
2375
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі