Тақырыбы:«Жұлдызды
сәт»
сәт
сыныптан тыс іс-шара
Жүргізуші:
Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын
көңілдердің жасыл бағы.
Ән
– шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі
күн сіздерге арналады.
Сіздер
үшін осы кеш ашылады,
Сіздер
үшін өнерпаздар сайысады.
Жүргізуші:
Бүгінгі
«Жұлдызды сәт» атты сайысымызға қош
келдіңіздер!
Сайысқа
өнерлі де, білімді, танымы жүйрік, өз
халқының нағыз патриоттары қатысқалы
отыр.
Ендеше
сайысымыздың шарттарымен танысып
өтейік. Сайыс 3
номинация бойынша бағаланады. Атап
айтсақ:
1.
«Таныстыру».
Өз-өзін
шығармашылықпен таныстыру
сайысы
2.
«Өнерлі
өрге жүзер»
өнер
сайысы
3.
«Қолөнер – сырлы өнер» сән
үлгісін көрсету
сайысы
Енді
кезекте
әділқазылар
алқасымен таныстыра кетейін.
Мектеп
директоры:Калиева Гүлзира Кеңесбайқызы
Балалар
шығармашылық үйінің директоры:Батырбаева
Назым Құрмангалиевна
Жүргізуші:
Бүгінгі сайыс қатысушыларды ортаға
шақырамыз. (Музыка
әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
әр қатысушыға нөмір беру үшін сахынаға
шақырамыз. Сол нөмір бойынша ортаға
шығып, өз өнерін көрсетеді.Ал ендеше
сайысқа қатысушылар сахна сыртына
шығарып саламыз.
Арайланып
әрбір таңымыз,
Арайланып
әнмен сәніміз.
Туған
жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық
кәне бәріміз.
Назарларыңызға
сайысымыз әділ қазылардың дауысымен
бірге көрерменнің дауысы да
есептелінеді.
Жүргізуші:Қадірменді
өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын
әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер
сол әннің атын табуларыңызды
сұраймыз.
Есейіп
кетсем де,
Мен
саған сәбимін.
Көңіліңді
көктемде,
Көзіңнен
танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда
әні қабыл алыңыздар.
Енді
біздің тағатсыздана күтіп тұрған
сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық
Бірінші тур «Таныстыру».
Жез
таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа
баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың
балдәуренін өткізіп,
Бақыт
шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі
сайыскеріміздің өнерін
тамашалайық.
Жүргізуші:Жинаған
өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін,
ынтазармын өрендерім.
Бұл
сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың,
айналайын сайыскерім, - деп келесі додаға
түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ
жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай
көкке самғашы.
Әсем
әнім шырқалса,
Туған
жердің арқасы – деп келесі әншімізді
ортаға шақырайық.
Осымен
біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың
өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім
би сайысы.
«Қозғалыссыз
өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» - деп
ақындарымыз жырлағандай енді «би
сайысын» бастауға рұқсат
етіңіздер.
Жүргізуші:Біздің
мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді
мың бұралып бала жастан.
Қайда
біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға
шық тартынбастан – деп бишілеріміздің
өнерін тамашалайық
Жүргізуші:
Жақсы
биде өнеге,
«Сегіз
қырлы бір сырлы»
Өнерді
үйрен бір – бірлеп,
Биде
биле талпынып – келесі бишімізді ортаға
шақырамыз.
Жүргізуші:
Биім
сондай әдемі,
Тілшігім
бар тербелген.
Нәзік
сазды әуенмен,
Мың
бұралып билеймін,- дей келе жас
бишілерімізді ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Бала,
бала, балапан,
Қаймықпада
сескенбе.
Ортағашық
кәнекей,
Өнеріңді
көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға
шақырамыз.
І
жүргізуші:
Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің
де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап
келген би өнерлері өз мәресіне
жетті.
Көрермендер
сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе
сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған
қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді
өтінеміз.
Енді
әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің
ұпайының есептерін дайын болғанша
сіздердің құрметтеріңізге Шынуар
Назымның
орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге
арналады.
Сән
– салтанат жасайық,
Күй
сандықты ашайық.
Бұл
мереке бұл тойға,
Әннен
шашу шашайық, - деп орындауында «Балдәурен»
әні қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Кім
өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу
бар жүректе күдік барда.
Әділ
қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге
арманменен бақыт жолда, - дей келе сөз
кезегін әділ қазыларға
береміз.
Жүргізуші:Көпшілік
құрметіне бөленген өнерпаздарымыз
алдағы уақытта көптеген байқаудың
жеңімпаздары атанып, орындаушылық
шеберлігімен талғампаздығымен үлкен
– үлкен табыстарға жете берулеріңізге
тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді
аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді»
деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны
сақтап, өркендете берейік дегім келеді.
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп
рахмет!
Сау
болыңыздар!