400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сыныптан тыс іс-шара: "Ана тілің -арың бұл" 5-11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар арасында іс-шара өткізіп олардың тілге деген құрметін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана тілің - арын бұл» атты сайысы


1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ана тілің – арың бұл» атты 7-8-9 сынып оқушылары арасындағы сайысқа қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші: - Қазақ осы айтатұғын елге сыр:

О, Ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы ағыл-тегіл, көл көсір,

Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін.

Қазақ осы «Өнер алды – тіл» дейтін,

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,

- деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебімізде «Ана тілін – арың бұл» атты сайыс ұйымдастырылып отыр.

Ән:Бек домбыра

1-Жүргізуші: - Сайыс бес кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Таныстыру»

2-кезең: «Викториналық сұрақтар».

3-кезең: «Сүйікті ақынмен сырласу», яғни, сүйікті ақындарының өлеңінен үзіндіні жатқа айту.

4-кезең: «Өнерліге өріс кең», яғни, үй тапсырмасы.

5-кезең: 2 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде «Эссе жазу», яғни, топ басшылары «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында шағын эссе жазады, ал 2-бөлімде қалған сайыскерлер арасында «Мақал – сөздің мәйегі» ойыны жүргізіледі. Әр кезең бес балдық жүйемен баңаланады.

2-Жүргізуші: - Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып алайық.

1-Жүргізуші: - Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып тастайық.

1-кезең – «Таныстыру». Әр топ өздерін таныстырады.

2-Жүргізуші: - Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауабын таба ма екен сайыскерлер,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

2-кезең – «Викториналық сұрақтар». Әр топ басшылары дайындалған екі конвертті өздері таңдайды, сол негізде сұрақ оқылады. Ескертетін бір жай: сұрақ 2 минуттың ішінде оқылады, сол уақытта қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай жинайды.

1-конверттің сұрақтары:

1. Жүз жасаған қазақ ақыны кім?

2. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады?

3. Астана қаласының әкімі кім?

4. Мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?

5. Ұлттық сусынды ата.

6. Ақмола қаласы қай жылдан бастап Астана болды?

7. Қазақ әліпбиінің атасы кім?

8. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда неше астана болған?

9. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?

10.Қазақтың үш биі.

2-конверттің сұрақтары:

1. Қазақтанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

2. Алматы Қазақстанның нешінші астанасы?

3. Астана қай өзеннің жағасына салынған?

4. ҚР ұлттық валютасы қашан қабылданды?

5. Қазақстанда неше облыс бар?

6. Киіз үйдің төбесі қалай аталады?

7. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы.

8. Ең алғашқы астананы атаңыз.

9. Қазақстың тұңғыш ғарышкері кім?

10. Қазақ вальсінің королі.

1-Жүргізуші:

- Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай).

3-кезең -«Сүйікті ақынмен сырласу», яғни, сүйікті ақындарының өлеңінен үзіндіні жатқа айту.

2-Жүргізуші:

- Әрбір тілде сөйле таң қалып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!?

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

4-кезең: -«Өнерліге өріс кең», яғни, үй тапсырмасы.

«Туған жер» әні.Орындайтын:Наргиза,Айдана,Шұғыла.

1-Жүргізуші:

- Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.

5-кезең: 2 бөлімнен тұрады. 1- бөлімде «Эссе жазу», яғни, топ басшылары «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында шағын эссе жазады, ал 2-бөлімде қалған сайыскерлер арасында «Мақал - сөздің мәйегі» ойыны жүргізіледі.

Шарты: Әр топқа конвертке салынған мақал-мәтелдер беріледі. Асты сызылған сөздердің синоним табу керек.

  1. конверт.

1) Бірлік болмай, тірлік болмас.

2) Отан – оттан да ыстық.

3) Жаман етікші біз таңдайды.

2-конверт.

1) Ауру қалса да әдет қалмайды.

2) Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

3) Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

2-Жүргізуші:

- Өнерлінің өнерін

Тағы да байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Ән-жырға кезек берейік.

1-Жүргізуші:

- «Қызылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты» дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділқазыларымызға сөз берейік.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі