400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара. Байқау "Екі жұлдыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерлері мен сынып жетекшілерге, музыка пәні мұғаліміне керек болар деген ниетпен салып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Фанфары ойналады

(музыка ойналады,жүргізушілер ортаға шығады)

І жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті ән сүйер қауым!

ІІ жүргізуші: Кеш жарық, «Екі жұлдыз» байқауын тамашалауға келген көрермен!

І жүргізуші: «…Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Біз бүгінгі сайыста мектеп ұстаздары мен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.

ІІ жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште байқауымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

Мектеп директоры

Мәдениет үйінің қызметкері

Мәдениет үйінің қызметкері

Музыка пәні мұғалімі

Мектеп тәлімгері


І жүргізуші:  Бүгінгі екі жұлдыз ән байқауының алғашқы жұбын ортаға шақырамыз

(бірінші жұп ортаға шығып өз өнерлерін көрсетеді)


І жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы жаңа ғана өздеріңіз алғашқы жұбымыздың өнерін тамашаладыңыздар. Сөз кезегі сіздерде, айтар пікірлеріңіз қандай? (қазылар алқасы өз пікірлерін айтады)


ІІ жүргізуші: Байқауға қатысушы екінші жұпты ортаға шақырамыз.


І жүргізуші:  Қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап  жүретін,сүйкімді де инабатты оқушымыз бен   өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, баршаға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын,  қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін әріптесімізді сахна төріне шақырамыз.


ІІ жүргізуші: Ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ,  асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, иман жүзді, ниеті ізгі оқушымыз бен өнебойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ұжымдастарының  көңілін жақсы істермен тарта алатын,  атқарар ісіне жанын салатын ұлағатты ұстазымызды сахна төріне қошеметтеп шақырайық. 


І жүргізуші: Айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын, өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, қоғамдық істерге талпынатын әріптесіміз бен  ісіне сөзі сай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, атқарған ісіне тәрбиешілердің  көңілі тоқ мектебіміздің оқушысын қарсы аламыз.


ІІ жүргізуші: Байқауға қатысушы келесі өнерлі жұпты ортаға қошеметпен шақырамыз.


Іжүргізуші: Құрметті көрермендер кешіміз де шарықтау шегіне жетіп қалды. Бүгінгі сайысты қорытындылайтын соңғы жұпты  қарсы алыңыздар.

(байқау аяқталып, екі жүргізуші ортаға шығады)


І жүргізуші:  Әділ-қазылар алқасын байқаудың қорытындысы жариялау үшін қошеметпен ортаға шақырайық.

ІІ жүргізуші: Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.

(қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды)

І жүргізуші: Келесі «Екі жұлдыз» сайысында кездескенше хош,сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі